Мазмұнға өту
orazali

orazali

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

103

жазбалар

626

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

2

Қазақ балуаны Мұхамбет Қуатбек Филадельфияда қайтыс болды

Обал-ай 2014 жылы Жасөспірімдер арасындағы екінші жазғы олимпиада ойындарында чемпион атанған еркін күрес балуаны Мұхамбет Қуатбек 27 жасында дүниеден өтіпті. Данияр Кәрімжан әріптесіміздің айтуынша, соңғы жылдары Филадельфияда тұрыпты. Енді денесін әкелуге ақша жинап жатыр. Түркістан облысының тумасы, Қарағанды спорт мектебін бітірген дарынды жігіт еді. Иманды болсын

https://t.me/beksportkz

0
0
326

Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясын шақырды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты тақырыпта өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХХІІІ сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды. Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясы 2024 жылы 24-25 сәуір күндері Астана қаласындағы Президенттік орталықта өтеді. t.me/aqorda_resmi

0
0
307

Бүгін - Ұлттық спорт күні

Бүгін 20 наурызда Наурызнама аясында ұлттық спорт күні аталып өтеді.Коллаж: egemen.kz-Қазақтың ұлттық спорт түрлері, дене тәрбиесі және ойындары, ұлттық ат спортынан, кейбір үстел және қимыл-қозғалыс ойындарынан және ұлттық күрес түрлерінен тұрады.Ат спортының түрлері -аламан бәйге - алыс және өте алыс қашықтарға атшабыс,байте - ойлы қырлы жерлермен атшабыс,ат жегу - тез арада атты дайындау,ат омырауластыру - атты итерістіріп шеңберден шығару,аударыспақ - ат үстінде алысу,жорға жарыс - жорғалар сыны,құнан бәйге, дөнен бәйге, тай жарыс - жылқы түліктерінің жарысы,қыз қуу,көкпар - командалық ойын,жамбы ату - шауып келе жатып нысана көздеу,күміс ілу - жерден күміс тиынды ат үстінен іліп әкету,сайыс - ат үстінде қарумен жекпе-жек өткізу;Ақыл-ой ойындары -шатрантаж (шахматтың бір түрі),шатраш…

0
0
283

Елтаңбаны ауыстыруға қатысты комиссия құрылды

Елтаңбаны ауыстыруға қатысты шешім қабылдау комиссиясы құрылады.

Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Такиев айтты.
«Комиссия аталған мәселені тыңғылықты қарастыратын болады. Егер бұл мәселеге қатысты оң шешім қабылданған жағдайда, шығыстарына қатысты қалған жайттар туындайды», — деді министр.


@qazaqstantv

0
0
340

Тағы бір молданың сөзі жұртты дүрліктірді

Молданың ораза ұстай алмайтын адамдар "күніне кемі 3 000 теңге төлеп отыруы керек" дегені жұртты дүрліктірді.

undefined

"Ораза ұстай алмайтын, денсаулығы нашар адамдарға сол оразасының фидиясы ретінде 3 000 теңге белгіленді. Бір күнде таңғы ас мың жарым теңге, кешкі ас мың жарым теңгеге алып беруі керек. Бұл кемі. 5 000, 10 000, 20 000-ға алып беремін десе тамақты өзі біледі. 3 000 теңгеден кем болмауы керек", - деді молда.

Видеоны мына жерден көруге болады.

0
0
383

Бұрынғы полицейлер Қаңтар оқиғасы кезінде азаптағаны үшін сотталды

Талдықорған қаласының соты 18 наурыз 2024 жылы "қаңтар оқиғасы" барысында азаптау фактілерін қолданған бұрыңғы полиция қызметкерлеріне қатысты үкім шығарылды (ҚК 146-бабы).Қылмыстық іс Жетісу облысының арнайы прокурорларымен тергеп-тексерді.Мемлекеттік айыптаушылар 2022 жылғы 5-16 қаңтар аралығында Алматы облысы полиция Департаментінің ғимаратында кінәлі тұлғаларға қатысты физикалық зорлық-зомбылықпен қатар, тергеудің тыйым салынған әдістерін жасағаны дәлелденді.Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде жеті жәбірленушіге әртүрлі дәрежедегі дене жарақаттары келтірілген.Сот үкімімен үш сотталушы 4 жылдан 6 жылға дейінгі бас бостандығынан айырудың әртүрлі мерзімдеріне сотталып, олардың біреуі бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаға тартылды.Сонымен қатар, сот оларды арнайы атақтарынан және м…

0
0
264

Елімізде ұлттық киім киюге қатысты сауалнама жүргізілді

Ел тұрғындарының 80,4%-ы күнделікті өмірінде ұлттық киім киюге оң көзқараспен қарайды.Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігіндегілер хабарлады.Сауалнамаға қатысқан 18-29 жастағы жастардың 83,3%-ы күнделікті өмірде ұлттық киім киюге оң көзқараспен қарайды.Сауалнамаға қатысқан әрбір төртінші адам күнделікті өмірде ұлттық киім киеді.2024 жылғы 26 ақпан мен 11 наурыз аралығында eGov mobile платформасында азаматтарға ұлттық киім киюге қатысты сауалнама жүргізілді.Әлеуметтанулық деректер күнделікті өмірде ұлттық киім киюді мақұлдаудың жоғары деңгейін көрсетеді.Сауалнамаға қатысқандардың 80,4%-ы ұлттық элементтері бар киімді күн сайын киюге оң көзқараспен қарайды. Бұл дегеніміз, ұлттық киім қазіргі өмір жағдайына сай келеді және азаматтар арасында сұранысқа ие.Сауалнама нәтижелеріне сәйкес…

0
0
268

Астанада қойманың 1000 шаршы метр аумағы отқа оранды

Сағат 07.20-да Астана қ.ТЖД бөлімшелері Байқоңыр ауданында орын алған өрт орнына шықты. Өрт сөндірушілердің келіп жетуі бойынша 1000 ш.м. алдын ала алаңда отпен толық оранған бір қабатты қойма үй-жайы жанып жатқаны анықталды. Өрт кезінде ғимараттың алдыңғы қабырғасы мен шатыры құлады. Оқиға орнында үш жауынгерлік учаске құрылды. Өрт сөндіру жұмыстарына жеке құрамның 70-ке жуық адамы, 15 техника жұмылдырылды.

0
0
269

Үкімет Президенттің Ұлттық құрылтайда берген тапсырмаларын орындауға кірісті

Премьер-министр Олжас Бектенов осы жылы 15 наурызда өткен «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша кеңес өткізді.Президент ТКШ инфрақұрылымын жөндеу және жаңғырту мәселесі бойынша қолданыстағы 55 жылу көзін жөндеуді және кемінде 6,5 мың шақырым инженерлік желілерді жаңғыртуды тапсырды. Бұл мақсаттарға 650 млрд теңге инвестиция тартылатын болады.Азаматтардың баспаналы болуын қамтамасыз ету бойынша қойылған міндеттерді шешу үшін Үкімет кезекте т9р5андар, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал санаттары үшін сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй көлемін 4 есе ұлғайтуды жоспарлап отыр. Ол үшін қосымша 272 млрд теңге бөлінеді. Мемлекет ба…

0
0
320

Бүгін - Ұлттық киім күні

Бүгін 18 наурызда елімізде Наурыз меркесі аясында Ұлттық киім күні аталып өтіп жатыр.

undefined

Фото: quizlet.com

Қазақстан бойынша, барша адамдар қазақтың ұлттық киімін киіп, шапан мен сәукелелер Қазақстан қалаларының көшелерін толтырады.

0
0
333