Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жастық жалау

Көтерейік жастық ғұмыр жалауын,

Біз ғой өршіл болашағы заманның.

Келешектің ұмтылайық жолына

Ашып бақыт есік қамалын!

 

Жастық жалау желберейді аспанда,

Кел, мақтаныш болайық көпке, жастарға

Алға ұмтыл, абайлап жүр, ей достым

Биік шыңға сен көтеріл жасқанба

 

Қыран бүркіт болып биік самғайық,

Бабалардың сара жолын жалғайық

Қиындықтар әлі алда, біз жеңер

Уақытты босқа өткізіп алмайық

 

Жастық -өмір бұлағының сағасы

Сол бұлақтың ыстық әсем жағасы

Тұлпардай боп жылдарымен жарыссақ

Өмір берер бізге биік бағасы

 

Жастық шақта қызығы боп өмірдің

Есік кілті болады ғой көңілдің

Өтіп кетер оралмайды ешқашан

Қайық-жастық, өмір өзен, өмір күн

 

Автор Давлеткалиев О.К.

 
0
0
609

Осы тақырып бойынша

Жастық жалау - Yvision.kz