Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алматы облыстық мәслихатының депутаты Б.И.Байтаев

Ағымдағы жылдың 8 маусымында Алматы облыстық мәслихатының депутаты Б.И.Байтаев пен комиссия мүшесі Керімбеков А.Д., Қаратал облыстық мәслихатының хатшысы Тенелбаев Ж.Қ. және «Nur Otan» партиясы Қаратал аудандық филиалының өкілімен жұмыс сапары барысында Қаратал ауданындағы С.А.Пушкин атындағы орта мектепке барды.

Қаратал ауданының С.А.Пушкин атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектебі 1983 жылы салынған, күрделі жөндеу ешқашан жүргізілмеген. Осыған орай, 2-3 ауысымда оқитын жақын маңдағы мектептерді шығару және жеңілдету үшін Пушкин орта мектебін мектепке дейінгі шағын орталығымен күрделі жөндеуден өткізу қажеттілігі туындаған болатын.

Қаратал ауданындағы Пушкин орта мектебін мектепке дейінгі шағын орталығымен күрделі жөндеуден өткізуге конкурс 2020 жылдың 16 сәуірінде жарияланған болатын. «ПСК Градцентр» ЖШС осы ашық тендердің жеңімпазы болып танылды. Комиссия мүшелерінен құрылған топ мектепті тексеру барысында қандайда бір құрылыс жұмыстарының нормалары мен ережелерін бұзушылықтар анықталған жоқ. Орындалған жұмыстың сапасы қанағаттанарлық.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарының аяқталу мерзімі 2021 жылдың 28 қазаны.

0
0
206

Осы тақырып бойынша

Алматы облыстық мәслихатының депутаты Б.И.Байтаев - Yvision.kz