А.Байгунысовтың Қазақстан полициясы күнімен құттықтауы
«Nur Otan» партиясы Қаратал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Байгунысовтың Қазақстан полициясы күнімен құттықтауы
Заң бекітілген күн, яғни 23 маусым жылда Қазақстан полициясы күні ретінде аталып өтіледі. Ризашылық пен құрметтің нышаны ретінде ҚР Ішкі Істер Департаменті ұжымдарын Қазақстан Полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Өз қызметтік міндетін атқаруға адалдық танытып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін, халық арасында сақтық жұмысын жүргізетін, азаматтардың тыныштығын, заңдылық пен құқық тәртібін қорғайтын білікті мамандарыңыздың қатары көбейе берсін.
Еліміздің қорғандары – полиция қызметкерлерінің еңбектеріне табыс, қызметтеріне сәттілік пен абырой тілеймін. Қазақстан Республикасының өркендеуі жолында табысты қызмет ете берулеріңізге тілектеспін.
Халқымыздың амандығын сақтау мен Отанымыздың өркендеуіне қосып жатқан үлестеріңіз аз емес, еңбектеріңіз әрқашан жемісті де табысты болғай!
