Перейти к содержимому
nurotan_nur.karatal

karatal.nurotan

@nurotan_nur.karatal

Сайтта 2020 ж. 4 тамызКазахстан

КАРАТАЛЬСКИЙ РАЙОННЫЙ ФИЛИАЛ ПАРТИИ "NUR OTAN"

рейтинг

100

жазбалар

184

пікірлер

0

тіркелуші

6

жазылымдар

10

2025 жылға дейін 24 мың шақырым жол қайта жаңғыртылады

2025 жылға дейін 24 мың шақырым жол қайта жаңғыртылады

- «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың 1-кезеңі сәтті өтті. Ол елорда мен өңірлерді жалғастыруға мүмкіндік берді. Көлік жүйесінің жаңа инфрақұрылымдық негізі қалыптасты. Елдің жаһандық көлік дәліздеріне жол ашты. «Нұрлы жолдың» 2-кезеңі көліктік-транзиттік сектордың көшбасшы рөлін нығайту үшін жұмыс істеуі керек. Елдің бәсекеге қабілеттігі қарқынды инфрақұрылымдық жобалардың есебінен өсуі керек. 2025 жылға дейін 24 мың шақырым жолды қайта жөндеп, барлық республикалық жолды сервиспен қамтамасыз ету керек, - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында жариялады.

0
0
193

Праймериз: Алматы облысынан партияішілік іріктеуге кімдер қатысады?

Праймериз: Алматы облысынан партияішілік іріктеуге кімдер қатысады?Кеше primaries.kz сайтында партия ұйымдастырып жатқан партияішілік іріктеу праймеризге қатысушылардың тізімі жарияланды. Саяси додаға Алматы облысынан 1108 кандидат тіркелді. Олардың қатарында көп балалы аналар, белсенді жастар, көшбасшы әйелдер, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, тағысын тағылар бар. Нәзікжандылар праймеризде белсенді, партияішілік іріктеуге қатысушылардың 36,4 пайызын әйелдер құрайды. Бүгінде саяси додаға қатысушылар үгіт-насихат жұмыстарына дайындалуда. Оның ішінде насихаттық уақытта өткізілетін шараларды пысықтап, арнайы штаб құрып, өз өкілдерін сайлап жатыр. 7 қыркүйекте үгіт-насихат кезеңі басталады. Әр кандидат қал-қадірінше өз бағдарламасын түсіндіріп, өзін сайлауға ниеттілердің қатарын толықтыруға қар…

0
0
182

БҰҰ жеткен ақжолтай хабарҚазақстанның

БҰҰ жеткен ақжолтай хабарҚазақстанның Тұңғыш Президенті, «Nur Otan» партиясының лидері - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ядролық сынақтардан азат әлем үшін чемпион» мәртебесіне ие болды. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 29 тамыз Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне арналған арнайы сессиясында жарияланды, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің Telegram каналы."Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шарты ұйымының (ЯСЖТШҰ) атқарушы хатшысы Лассина Зербо Қазақстанның ядролық қарусыз әлем құрудағы жаһандық күш-жігерге жетекшілік кезіндегі ерекше тарихи үлесін ескере отырып, Нұрсұлтан Назарбаевқа жаңа мәртебе беру туралы бастама көтерді. Елбасының 1991 жылы 29 тамызда әлемнің ең ірі ядролық полигондарының бірі – Семей ядролық полигонын жабу туралы шешімі адам…

0
1
218

Елімізде алғаш рет праймериз жобасының өткізілуі жоспарланып тұр.

Елімізде алғаш рет праймериз жобасының өткізілуі жоспарланып тұр. Осыған байланысты «Nur Otan» партиясы Қаратал аудандық филиалының бастауыш партия ұйымы төрағаларымен онлайн кездесу жүргізілді. «ZOOM» қосымшасы арқылы өткен бұл кездесудің мақсаты - праймериз төңірегіндегі өрбіген түрлі сұрақтарға жауап беру және праймериз ережесімен толыққанды таныстыру болатын. Тұңғыш рет өтейін деп отырған аталған жобаның маңызы мен мәні баяндалған онлайн-конференцияға ауданымыздың БПҰ-ның барлық төрағаларымен қатар, ұйымдастыру комитетінің мүшелері де толықтай қатысты. Праймериз кезеңдері бойынша ұсынылған барлық ақпараттың кездесу мүшелеріне кейінгі жұмыстарында септігін тигізетініне сенімдіміз.

0
0
119

Праймериз: ауданымыздың белгілі кәсіпкері

Праймериз: ауданымыздың белгілі кәсіпкері Байтаев Базархан Ізмұханұлы партия праймеризіне қатысу бойынша өтінішін білдірді.

Праймеризге қатысып, өңірдің экономикасын көтеруде партия алаңы арқылы түрлі жобаларымды іске асырып, кәсіпкерлік саласындағы қордаланған мәселелердің шешілуіне өз ықпалымды тигізгім келеді. Әлеуметтік кәсіпкерлік саласында инвесторларды тарту, нақты әлеуметтік проблеманы және мақсатты аудиторияны анықтайтын серіктестіктердің қызметін кеңейту туралы өз ойын жеткізді.

0
0
136

#менпраймеризгеқатысамын!

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жастарға қарата айтқан бір сөзінде «Жастың қуаты – білімі мен білігінде, бірлігі мен патриоттығында. Біз бабалардан мирас болған атамекенімізді тәуелсіз ел еттік. Тұрмысы шалқып, түтіні түзу ұшқан бақуатты мемлекетке айналдырдық. Татулықты – тұрақтылықтың және тұрақтылықты – дамудың тұғыры еттік. Біздің барша жетістіктеріміздің бастауы – бірлік. Бірлігімізді тұмардай сақтай білсек еліміз үшін алынбайтын белестер жоқ. Ол үшін әрқайсың өздеріңе жүктелген тарихи жауапкершілікті сезіне білулерің керек» деген еді. Осы орайда, Партияның Праймеризіне қатысып еліміздің экономикасын дамытуға және өркендеуіне өз үлесімді қосамын деген үміт білдіремін.

Аудандық «Jas Otan» ЖҚ төрағасы Рақметқазынов Нұржан Нұрланұлы.

Құрметті Қаратал ауданының тұрғындары

Елімізде тұңғыш рет Елбасы Н. Назарбаевтың қаулысымен 17 тамыздан "Nur Otan" партиясының праймеризі бастау алды. Праймериздің негізгі мақсаты – партияішілік сайлауда өндіріп іс жасайтын, ел алдына шығар көшбасшыны таңдау және де "Nur Otan" партиясының қатарын адуыны мықты жас мамандарға, ел қалауларымен толықтыру. Праймеризге партия құндылықтарын ұстанатын, сөзі өтімді, беделге ие азаматтар қатыса алады. Осы орайда, ауданымыздың дамуына үлесіңізді қосқыңыз келсе праймеризге қатысуға шақырамыз. Праймеризге тіркелу 17 тамыз бен 29 тамыз аралығында болады. Толығырақ: https://nurotan.kz немесе https://primaries.kz/

Қаратал ауданының әкімі, "Nur Otan" партиясы аудындық филиалының төрағасы Қ. Бұлдыбаев.

0
0
199

#менпраймеризгеқатысамын

Әр адамзаттың міндеті қолайлы қоғам қалыптастыруда өз үлесін қосу. Бүгінгі күнгі ұйымдастырылып жатқан «Нұр Отан» партиясының партия ішілік праймеризіне қатысу мүмкіндігі еліміздегі саяси ахуалды жақсы бағытқа өзгертуге берілген озық қадам деп білемін.

Кәсіби еңбек жолымды медицина саласында Халыққа қызмет көрсету арқылы бастап, бүгінгі күні де осы жолда тынбай еңбек етудемін. Өз азаматтық ұстанымымды қоғамдық өмірде айқын бекітіп келемін.Мен үшін халқымның жарқын болашағы үшін қызмет ету басты міндет.

Қаратал ауданың Орталық Ауруханасының Директоры: Құмаров Біржан Аскарұлы.

0
0
142

Мен праймеризге қатысамын !

Партия Лидері елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасы бойынша республикалық «Nur Otan» партиясының партияішілік іріктеу праймеризі қоғам белсенділері үшін тек Nur Otan тізімінде болу ғана емес, өзекті мәселелерді шешу мақсатында қолдануға болатын керемет мүмкіндік. Үгіт-насихат жүргізу және кездесу ұйымдастыру барысында негізгі мәселелерді талқылап және оны шешу мүмкіндігі болатыны анық. Мақсаты – алдағы барлық деңгейдегі мәслихаттар мен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің, партия органдарының, филиалдарының кандидатураларын ұсыну үшін партиялық тізімдерге енгізіп, көшбасшыларды айқындап кандидаттарды партия ішіндегі алдын-ала іріктеу және мемлекеттік органдардағы лауазымдарға ұсыну болып табылады. Праймериз әдісінің тиімді тұстары: Біріншіден алыс ауылдардағы партияны…

0
0
158

#менпраймеризгеқатысамын.

Тәуелсіз Қазақстанның кемел болашагы жолында аянбай адал еңбек етуге әзірмін.Зор тәжербиеммен Отанға деген сүйіспеншілігімді Ұштастыра келе, аталған іріктеуден сүрінбей өтіп, еліміздегі елеулі өзгерістерге өз үлесімді қосамын деген үміттемін.Біздің мақсатымыз – ел тыныштығы, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, Жастар болашағын жарқын ету!ЕЛ БОЛАШАҒЫН БІРГЕ АЙҚЫНДАТАЙЫҚ!Қаратал ауданы, №13 отра мектебінің Директоры: Шарипбаева Шынар Жусиповна.

0
0
174