Перейти к содержимому
nurotan_nur.karatal

karatal.nurotan

@nurotan_nur.karatal

Сайтта 2020 ж. 4 тамызКазахстан

КАРАТАЛЬСКИЙ РАЙОННЫЙ ФИЛИАЛ ПАРТИИ "NUR OTAN"

рейтинг

100

жазбалар

184

пікірлер

0

тіркелуші

6

жазылымдар

10

Өз қаражатына спорт кешенін салмақ

Жаңаталап ауылы тұрғындарының өтініші бойынша, Жаңаталап ауылының тұрғыны, сол ауыл мектебінде көптеген жылдар бойы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болған, самбо күресінің шебері, бүгінгі күні зейнеткер Мырзабай Ерғосаев аталмыш ауылда өз есебінен спорт кешенінің ғимаратын салып, жас ұрпақты спортқа баулуға ниет білдіріп , бүгінгі күні спорт кешені салынатын жер телімі анықталып, бірқатар жұмыстар бастама алмақ. Жаңаталап ауылының тұрғындары М.Ерғосаевқа деген алғысы шексіз

0
0
149

Қоғамдық қабылдау өткізді

Бүгін "Nur Otan" партиясы Қаратал аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Қаратал аудандық мәслихат депутаты Н.Н.Рақметқазынов азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады. Қабылдауда азаматтарға ҚР заңнамалары аясында тиісті түсініктемелер мен қажетті кеңестер берілді.

0
0
175

Көмек көрсетті

Аудандық «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Байгунысов көмек сұрап келген Каверзина Еленаның отбасы мәселесі бойынша мәслихат депутаты Б.Ж.Бласовқа өтінішін жолдап,көмек қолын созуын сұрады. Каверзина Еленаның отбасына көмір берілді.Мәслихат депутаты Б.Ж.Бласов пен «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Байгунысовқа алғысы шексіз.#Бақыттыотбасы

0
0
168

Көмек көрсетті

Аудандық «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Байгунысов көмек сұрап келген Рысмендиева Айнаштың отбасы мәселесі бойынша мәслихат депутаты С.Р.Үсеноваға өтінішін жолдап,көмек қолын созуын сұрады. Рысмендиева Айнаштың отбасына азық-түлік берілді.Мәслихат депутаты С.Р.Үсенова мен «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Байгунысовқа алғысы шексіз.#Бақыттыотбасы

0
0
134

Партияға қабылданған азаматтарға партиялық билет табыстап, партия белсенділеріне Алғыс хат берілді

Бүгін көктемнің алғашқы күнінде қос бірдей мереке. Бірі - Алғыс айту күні болса , бірі - партия күні. Осындай айтулы күні "Nur Otan" партиясы Қаратал аудандық филиалында партия белсенділерін марапаттауға арналған жиын болып өтті. Жиын барысында партия қатарына қабылданған азаматтарға партиялық билет табыстап, партия белсенділерін Алғыс хаттармен марапаттады.

1
0
245

1 наурыз – Алғыс айту күні

Барша қазақстандықтарды 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

Қазақстан халқы үшін бұл мереке көктемгі жаңаруды, жақсылық пен бейбітшілікті бейнелейді, еліміздің маңызды қасиеттерінің бірі – бірлікті білдіреді.

0
0
231

1 наурыз - "Nur Otan" партиясы күні

1 наурыз - «Nur Otan» партиясының құрылған күні!⠀Алғашқы құрылған күнінен бастап, «Nur Otan» партиясы баршаны ортақ іске ұйымдастырып, қиын кезеңдерде елді соңынан ерте білді, билеуші партия ретінде қалыптасты.⠀Тәуелсіздік тұғырының нықталған 30жылының 22 жылын еліміздің дамуына және қоғамның тұрақтылығына басшылық жасап келе жатқан Елбасының партиясы.⠀Қазіргі уақытта партияның алдында жаңа міндеттер тұр. Осы орайда, экономиканы одан ары өркендету, халықтың тұрмысы мен әл-ауқатын жақсарту, әлеуметтік салаларды дамыту – мемлекеттік және партиялық маңызды бағдарламалардың тікелей жалғасы болмақ.⠀Бірлігіміз нығайып, берекеміз арта берсін партияластар! Елбасымен бірге – ел қуатын еселеуге жұмыла ат салысайық. Ол - біздің Отан алдындағы азаматтық парызымыз, келешегіміздің кепілі. Берекеміз бер…

0
0
174

Депупаттың кездесуі

24.02.2021 жылы «Атамекен» ҰКП Алматы Облысы, Қаратал ауданы филиалының директоры, Қаратал аудандық мәслихатының VIl шақырылымының депутаты Құсайынов Фархат өзіне қарасты ауылды окуругтердегі азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес Тастөбе ауылында ауылдық окуруг әкімдігінде «Тастөбе, Бірлік, Бесағаш» ауылдары тұрғындарын толғандырған жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау кезінде тұрғындар мәслихат депутатына толғандырған түрлі сұрақтармен келді. Сондай – ақ, аудандық мәслихат депутаты Құсайынов Фархат қабылдауға келген ауыл тұрғындарын «Nur Otan» партиясының ауданымыздың дамуы үшін маңызды 7 - бағытқа басымдық берілген 2021-2025 жылдарға арналған «Жол картасы» бағдарламасымен құлағдар етті. Қабылдауда барлық сұрақтар тыңдалып, әрқайсысына түсініктемелер мен кеңестер берілді#Сәттіқадам

0
0
138

Қала, ауыл белсенділерімен кездесулер өткізді.

24.02.2021 жылы аудандық мәслихат хатшысы Ж.Қ.Теңелбаев мәслихат депутаттарымен бірге Үштөбе қаласы мен ауданымыздың 9 ауылдық округ аумақтарын аралап, жергілікті активпен,яғни, қала, ауыл белсенділерімен кездесулер өткізді.

Кездесу барысында әрбір округтегі өзекті мәселелер анықталып, ауылдың тыныс тіршілігі талқыланды. Өздерінің тұрғылықты жерлерінің қыр-сырын білетін ауыл тұрғындары елдің жай-күйі туралы депутаттарды хабардар етті. Ал депутаттар болса, ақсақалдармен дидарласып, олардың бүгінгі жағдайларымен танысып, Қаратал ауданын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасының мазмұнымен қысқаша таныстырып, оның іске асырылуы бойынша түсініктеме берді. #Сәттіқадам

0
0
268