Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

1 наурыз - "Nur Otan" партиясы күні

1 наурыз - «Nur Otan» партиясының құрылған күні!

⠀

Алғашқы құрылған күнінен бастап, «Nur Otan» партиясы баршаны ортақ іске ұйымдастырып, қиын кезеңдерде елді соңынан ерте білді, билеуші партия ретінде қалыптасты.

⠀

Тәуелсіздік тұғырының нықталған 30жылының 22 жылын еліміздің дамуына және қоғамның тұрақтылығына басшылық жасап келе жатқан Елбасының партиясы.

⠀

Қазіргі уақытта партияның алдында жаңа міндеттер тұр. Осы орайда, экономиканы одан ары өркендету, халықтың тұрмысы мен әл-ауқатын жақсарту, әлеуметтік салаларды дамыту – мемлекеттік және партиялық маңызды бағдарламалардың тікелей жалғасы болмақ.

⠀

Бірлігіміз нығайып, берекеміз арта берсін партияластар! Елбасымен бірге – ел қуатын еселеуге жұмыла ат салысайық. Ол - біздің Отан алдындағы азаматтық парызымыз, келешегіміздің кепілі. Берекеміз берік болса, болашағымыздың баянды болатыны сөзсіз.

0
0
191

Осы тақырып бойынша