24.02.2021 жылы «Атамекен» ҰКП Алматы Облысы, Қаратал ауданы филиалының директоры, Қаратал аудандық мәслихатының VIl шақырылымының депутаты Құсайынов Фархат өзіне қарасты ауылды окуругтердегі азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес Тастөбе ауылында ауылдық окуруг әкімдігінде «Тастөбе, Бірлік, Бесағаш» ауылдары тұрғындарын толғандырған жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау кезінде тұрғындар мәслихат депутатына толғандырған түрлі сұрақтармен келді. Сондай – ақ, аудандық мәслихат депутаты Құсайынов Фархат қабылдауға келген ауыл тұрғындарын «Nur Otan» партиясының ауданымыздың дамуы үшін маңызды 7 - бағытқа басымдық берілген 2021-2025 жылдарға арналған «Жол картасы» бағдарламасымен құлағдар етті. Қабылдауда барлық сұрақтар тыңдалып, әрқайсысына түсініктемелер мен кеңестер берілді#Сәттіқадам