Мазмұнға өту
mvdgovkz

mvdgovkz

Сайтта 2013 ж. 20 қыркүйек

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

998

пікірлер

0

тіркелуші

9

жазылымдар

2

Қостанай облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ қызметкерлері жыл сайын «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясына қатысады.

Биылғы жылы 2000 және 2003 жылы туылған көп балалы отбасыдан шыққан екі балаға көмек көрсетілді. http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/mvd_page/mvd_news_smi/mvd_smi/%D2%9A%D0%BE%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%B0%D0%B9%20%D0%BE%D0%B1%D0%BB%D1%8B%D1%81%D1%8B%20%D0%A2%D0%96%D0%94%20%D2%9B%D1%8B%D0%B7%D0%BC%D0%B5%D1%82%D0%BA%D0%B5%D1%80%D0%BB%D0%B5

0
0
349

Батыс Қазақстан облысы ІІД-де кезекті қоғамдық кеңес отырысы өтті.

Жиында қылмысқа қарсы күресу, діни сипаттағы деструктивті көріністердің алдын алу үшін үкіметтік емес ұйымдар мен ішкі істер органдарының бірлескен қызметін тиімді ұйымдастыру, көшелер мен қоғамдық орындарда құқықбұзушылықтың алдын алу жайы сөз болды. Департаменттің әкімшілік полиция басқармасының басшысы Мүсілім Жәрдемовтің мәлім еткеніндей, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан азаматтар үнемі мадақталып, қолдау тауып отыр. Бүгінгі таңда ішкі істер органдарына құқық қорғау бағытында 241 қоғамдық құрылым жәрдем етеді, олардың құрамында 2204 азамат бар. Бұл азаматтардың көмегімен 71 қылмыс ашылып, 593 құқықбұзушы ұсталған. 2014 жылы сондай тұлғалардың 12-сіне алғыс жарияланып, 28-і мадақталса, 92-сі жалпы сомасы 1 млн. 786 мың теңге ақшалай сыйлықпен ынталандырылған. Жалпы, биыл мұн…

0
0
369

Өткен түні сағат 4-те Түрксіб ауданында түнгі торуыл кезінде «Боран-268» экипажының полицейлері Сейфуллин көшесінде өртеніп жатқан үйден 6 адамды құтқарды.

«Бірінші қабаттағы пәтер өртеніп жатты. Қою түтіннен көру мүмкін емес болды. Екінші қабаттан көмекке шақырған дауысты естіп, қасымдағы әріптесім екеуміз баспалдақ әкеліп бір отбасы мүшелерін, әкесін, нәрестесімен анасын, қызын жерге түсірдік. Кейін қасындағы балконнан көмекке шақырған қарт әйел мен оның ұлын құтқардық, - деді «Боран-268» экипажының жетекшісі, полиция аға лейтенант Айбол Ахметшиев. http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/mvd_page/mvd_news_smi/mvd_smi/%D0%90%D0%BB%D0%BC%D0%B0%D1%82%D1%8B%D0%B4%D0%B0%20%D0%BF%D0%BE%D0%BB%D0%B8%D1%86%D0%B8%D1%8F%20%D2%9B%D1%8B%D0%B7%D0%BC%D0%B5%D1%82%D0%BA%D0%B5%D1%80%D0%BB%D0%B5%D1%80%D1%96

0
0
357

2014 жылғы 25-27 тамыз күндері аралығында Конституция күні мерекесі қарсаңында ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментінің қызмет көрсету аумағында «Қ2014 жылғы 25-27 тамыз күндері аралығында Конституция ұқық тәртібі» жедел-алдын алу шарасы өткізіледі.

Шара мақсаты - еліміздің темір жол және әуе көлігі нысандарында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету.
Көліктегі ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Талғат Өтетілеуовтің айтуынша, жасалған қылмыстарға жедел ден қою және олар бойынша процессуалдық шешім қабылдау үшін кезекші бөлімдердің жанынан күшейтілген жедел-тергеу топтары құрылды. http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/mvd_page/mvd_news_smi/mvd_smi/%D0%9A%D3%A9%D0%BB%D1%96%D0%BA%D1%82%D0%B5%D0%B3%D1%96%20%D0%86%D0%86%D0%94-%D0%B4%D0%B5%20%C2%AB%D2%9A%D2%B1%D2%9B%D1%8B%D2%9B%20%D1%82%D3%99%D1%80%D1%82%D1%96%D0%B1%D1%96%C2%BB

0
0
345

Астанада 1 қыркүйектен бастап жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелеріне қоғам назарын аудару мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары арасында қалалық шығармашылық байқау өткізіледі.

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/mvd_page/mvd_news_smi/mvd_smi/%D0%91%D0%90%D2%9A%20%D0%B0%D1%80%D0%B0%D1%81%D1%8B%D0%BD%D0%B4%D0%B0%20%D0%B6%D0%BE%D0%BB%20%D2%9B%D0%B0%D1%83%D1%96%D0%BF%D1%81%D1%96%D0%B7%D0%B4%D1%96%D0%B3%D1%96%20%D0%B1%D0%BE

0
0
276

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Б.С.Құтпановтың бастамасымен Алматы қаласы ТЖД-ның қызметкерлері «Жанұя» балалар үйіне барды.

Балалар үйінің директоры Л.Құлсаринаның айтуынша, пана тауып, тірек көріп жатқан балалардың саны 409. Олардың көбіне күтім, қымбат ем жасау керек. Директор Алматы қаласы ТЖД қызметкерлеріне көрсеткен қайырымдылық көмектері үшін алғыс білдірді, қиындыққа толы жұмыстарына табыс тіледі.
Алғыс ретінде балалар үйінің бүлдіршіндері шағын сахналық қойылым қойып, ән-айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетті.

0
0
372

Жарысқа қатысушылар тамаша нәтиже мен жеңіске жігерленген еркін көрсетті.

Табан тірескен күресте «Динамо» ДСҚ ҚБ спартакидасының жеңімпазы болып ҚР Ішкі істер министрлігінің құрама командасы атанды. Ал екінші және үшінші орынды ҚР ІІМ Ұлттық ұланының және ҚР ҰҚК командалары иеленді. Ал ҚР ІІМ чемпионатында өздерінің топтарында бірінші орынды Қостанай облысы ІІД және Солтүстік Қазақстан облысы ІІД иеленсе, екінші орында Ақмола облысы ІІД және Батыс Қазақстан облысы ІІД . Үшінші нәтижені Алматы қ. ІІД мен Маңғыстау облысы ІІД көрсетті.

Сонымен қатар жеке сынақ бойынша сайыс жүлдегерлері анықталды. Жеңімапаздар кубоктармен, грамотралармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

0
0
314