Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Батыс Қазақстан облысы ІІД-де кезекті қоғамдық кеңес отырысы өтті.

Жиында қылмысқа қарсы күресу, діни сипаттағы деструктивті көріністердің алдын алу үшін үкіметтік емес ұйымдар мен ішкі істер органдарының бірлескен қызметін тиімді ұйымдастыру, көшелер мен қоғамдық орындарда құқықбұзушылықтың алдын алу жайы сөз болды.
Департаменттің әкімшілік полиция басқармасының басшысы Мүсілім Жәрдемовтің мәлім еткеніндей, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан азаматтар үнемі мадақталып, қолдау тауып отыр. Бүгінгі таңда ішкі істер органдарына құқық қорғау бағытында 241 қоғамдық құрылым жәрдем етеді, олардың құрамында 2204 азамат бар. Бұл азаматтардың көмегімен 71 қылмыс ашылып, 593 құқықбұзушы ұсталған. 2014 жылы сондай тұлғалардың 12-сіне алғыс жарияланып, 28-і мадақталса, 92-сі жалпы сомасы 1 млн. 786 мың теңге ақшалай сыйлықпен ынталандырылған. Жалпы, биыл мұндай ынталандыруға облыс бюджетінен 2 млн. 972 мың теңге қарастырылып отыр. Толығырақ http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/mvd_page/mvd_news_smi/mvd_smi/%D0%86%D1%88%D0%BA%D1%96%20%D1%96%D1%81%D1%82%D0%B5%D1%80%20%D0%BE%D1%80%D0%B3%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D0%B0%D1%80%D1%8B%D0%BD%D0%B0%20%D2%9B%D2%B1%D2%9B%D1%8B%D2%9B%20%D2%9B%D0%BE%D1%80

 
0
0
370

Осы тақырып бойынша

Батыс Қазақстан облысы ІІД-де кезекті қоғамдық кеңес отырысы өтті. - Yvision.kz