Мазмұнға өту
mvdgovkz

mvdgovkz

Сайтта 2013 ж. 20 қыркүйек

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

998

пікірлер

0

тіркелуші

9

жазылымдар

2

Қазақстан азаматының жеке куәлігініңтүрлі-түсті фотосуретпен шығарылуы туралы

2014 жылғы 23 қазанда «Қазақстан Республикасы азаматы паспортының, Қазақстан Республикасы азаматы жеке куәлігінің, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың, азаматтығы жоқ адамның куәлігінің, босқын куәлігінің үлгілерін және оларды қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 шілдедегі № 684 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1133 қаулысымен иесінің түрлі-түсті фотосуретімен Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің үлгісі бекітіліп, 2014 жылғы 1 желтоқсаннан бастап жаңа үлгідегі жеке куәліктердің шығарылуы жоспарланды. Қазақстан Республикасы азаматының жаңа жеке куәлігінің дизайны өзгертіліп, қара-ақ түсті фотосурет түрлі-түсті фотосуретке алмастырылып, құжаттың түс гаммасы, ашық…

0
0
216

Ақтөбе облысында ағымдағы жылғы 12 қазанда осы облыс тұрғынының үстінен тіркеуде

жоқ мотокөлікті пайдалана отырып, тіркеуде жоқ тегіс ұңғылы аңшылық қаруымен 2 киікті заңсыз ату фактісі бойынша  Қылмыстық кодекстің 288-бабымен (заңсыз аң аулау) қылмыстық іс қозғалды. http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/mvd_page/mvd_news_smi/mvd_news/%D0%98%D0%BD%D1%84%D0%BE%D1%80%D0%BC%D0%B0%D1%86%D0%B8%D1%8F%20%D0%B4%D0%BB%D1%8F%20%D0%A1%D0%9C%D0%98%20%D0%BE%20%D1%80%D0%B5%D0%B7%D1%83%D0%BB%D1%8C%D1%82%D0%B0%D1%82%D0%B03

0
0
222

Ағымдағы жылғы 10 – 19 қазан аралығында Ішкі істер министрлігі ел аумағында заңсыз аң аулау, ағаш кесу, су жануарларын аулау, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымы фактілерін анықтауға бағытталған «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы

Жалпы жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде 2,3 мыңнан астам табиғатты қорғау заңнамасы. 2 126 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сомасы 2,6 млн. теңгеден астам айыппұл өндірілді. 186 әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданды. http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/mvd_page/mvd_news_smi/mvd_news/%D0%98%D0%BD%D1%84%D0%BE%D1%80%D0%BC%D0%B0%D1%86%D0%B8%D1%8F%20%D0%B4%D0%BB%D1%8F%20%D0%A1%D0%9C%D0%98%20%D0%BE%20%D1%80%D0%B5%D0%B7%D1%83%D0%BB%D1%8C%D1%82%D0%B0%D1%82%D0%B03

0
0
225

Батысқазақстандық спортшы әлем кубогының жүлдегері атанды.

Перудің Лима қаласында өткен қоян-қолтық күрестен әлем кубогы үшін жарыста БҚО ішкі істер департаментінің қызметкері Темірлан Ихсанғалиев жүлдегер атанды. Департаменттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталмыш сайысқа әлемнің көптеген ерлерінен ең таңдаулы спортшылар қатысып, бақ сынады. Темірлан 75 келі салмақта үшінші орынды иеленді.
Т.Ихсанғалиев қоян-қолтық ұрыс және әскери самбодан бұдан бұрын да талай додада топ жарған болатын.

0
0
306

ҚР-ның ІІМ электрондық үкімет порталы арқылы электронды түрде (онлайн) 7 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

Қазақстан Республикасына уақытша келетін шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу; Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорт және жеке куәлік беру; тұрғылықты жері бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеу, мекенжай анықтамасын беру; бұрын берілген жүргізуші куәліктерін ауыстыру; көлік құралдарын сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу, күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру. http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/MVD/mvd_nav_activ/mvd_gos_uslugi

0
0
279

Астана қаласы ІІД жол-патрульдік полиция қызметкерлері өткен аптада жол қозғалысы ережесінің 5 мыңнан аса заң бұзушылығын анықтады,

соның ішінде 500-ден астам жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/mvd_page/mvd_news_smi/mvd_smi/056513C3FB4B4C53E054002655122E6A

0
0
377

Ақмола облысында жыл басынан бері 3800 әйел полициядан құқығын қорғауды сұрап өтініш білдірген.

«Биылғы жылы әйелдерге қол жұмсағаны үшін 200 адам жауапкершілікке тартылды. Бұған қоса отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы іс-әрекеттер бойынша 1143 факті анықталды». http://mvd.gov.kz/

0
0
232

Астана қаласында 10 қазан күні Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың төрағалық етуімен ІІМ-нің Алқа отырысы болып өтті.

Отырысқа ІІМ орталық аппаратының, ҚР Ұлттық ұланның, өңірлік Ішкі істер департаменттерінің басшылық құрамы қатысты.   
Алқа отырысында ағымдағы жылдың 9 айындағы жедел-қызметтік жұмыс нәтижелері және ішкі істер органдарының алдында тұрған міндеттер талқыланды.
Министр соңғы үш жыл ішінде алғаш рет қылмыстың азаю көрсеткіші байқалып отырғанын атап өтті. Қылмыстың көп түрі, оның ішінде кісі өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, тонау, қарақшылық шабуыл, өзге де ауыр және аса ауыр қылмыстардың, сонымен қатар кәмелет жасқа толмағандар, бұрын сотты болғандар жасаған және көшеде жасалған қылмыстардың да азайғанын айтты. http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/mvd_page/mvd_news_smi/mvd_news/%D0%98%D0%BD%D1%84%D0%BE%D1%80%D0%BC%D0%B0%D1%86%D0%B8%D1%8F%20%D0%B4%D0%BB%D1%8F%20%D0%A1%D0%9C%D0%9840

0
0
228

Отбасы күні мерекесіне байланысты ІІМ өткізген іс-шарасы туралы БАҚ-қа ақпарат

Ү.ж. 13 қыркүйек күні «Тай-төбе» демалыс орнында министрліктің жеке құрамы мен олардың отбасыларына арналған Отбасы күні мерекесіне байланысты іс-шара өтті. Іс-шараның ашылуында ІІМ Кадр жұмысы департаментінің бастығы Алтынғали Әбдіғалиев, сонымен қатар ІІО мен ҚР Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Берік Сүлейменов сөз сөйледі. Сол күні демалыс орны аумағында отбасылық спорттық ойындар, жарыстар, ішкі істер органдары қызметкерлері балаларының қатысуымен концерт, балық аулау, сурет салу мен жағажай волейболынан байқаулар өтті. Байқаулардың қорытындысы бойынша төмендегі нәтижелер анықталды: «Көңілді жарыстар» байқауында: І орын – Сайлаубаевтар отбасы; ІІ место –Кәбженовтер отбасы; ІІІ место – Нұржановтар отбасы. «Атқыш» байқауында: І орын – А. Рамазанов (Көші-қон полиция д…

0
0
1015