Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Астана қаласында 10 қазан күні Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың төрағалық етуімен ІІМ-нің Алқа отырысы болып өтті.

Отырысқа ІІМ орталық аппаратының, ҚР Ұлттық ұланның, өңірлік Ішкі істер департаменттерінің басшылық құрамы қатысты.   
Алқа отырысында ағымдағы жылдың 9 айындағы жедел-қызметтік жұмыс нәтижелері және ішкі істер органдарының алдында тұрған міндеттер талқыланды.
Министр соңғы үш жыл ішінде алғаш рет қылмыстың азаю көрсеткіші байқалып отырғанын атап өтті. Қылмыстың көп түрі, оның ішінде кісі өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, тонау, қарақшылық шабуыл, өзге де ауыр және аса ауыр қылмыстардың, сонымен қатар кәмелет жасқа толмағандар, бұрын сотты болғандар жасаған және көшеде жасалған қылмыстардың да азайғанын айтты. http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/mvd_page/mvd_news_smi/mvd_news/%D0%98%D0%BD%D1%84%D0%BE%D1%80%D0%BC%D0%B0%D1%86%D0%B8%D1%8F%20%D0%B4%D0%BB%D1%8F%20%D0%A1%D0%9C%D0%9840

0
0
230

Осы тақырып бойынша

Астана қаласында 10 қазан күні Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың төрағалық етуімен ІІМ-нің Алқа отырысы болып өтті. - Yvision.kz