Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алматы облысында полицейлер 40 жолаушысымен жолда қалған автобусты қар құрсауынан шығарды.

 

 «ҚазАқпарат», 08.01.2013ж.
«Мерседес» маркалы қалааралық автобусы «Алматы-Өскемен» тас жолының 606-шақырымында жылыту жүйесінің бұзылуынан қар құрсауында қалды.   

Жол полициясының бақылау бекетіне автобус жайлы ақпарат түнгі үштен кейін, боран басталған соң түскен.

Қырық градустық аязда қалған жолаушыларды жол полициясының үш экипажы шығарып алды.

Жолаушылар Үшарал қаласындағы полиция бекетінің жанындағы дәмханада жылынды. Медицина қызметкерлерінің қарауынан кейін, жолаушылардың көбі жол-жөнекей көліктерге отырғызылды.

Автобус жүргізушісімен бірге Үшарал қаласына жеткізілді.

 
0
0
279

Осы тақырып бойынша

Алматы облысында полицейлер 40 жолаушысымен жолда қалған автобусты қар құрсауынан шығарды. - Yvision.kz