Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қызылордада тұрғындардан заңсыз сақталған қарулар сатып алынбақ.

Қызылордада тұрғындардан заңсыз сақталған қарулар сатып алынбақ. «ҚазАқпарат», 15.04.2014ж.
«Азаматтардың заңсыз сақталудағы атыс қаруларын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды ерікті түрде өтеусіз тапсыру ережесіне» сәйкес 21 cәуірден бастап республика аумағында тұрғындардың қолындағы заңсыз сақтаудағы атыс қаруларын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша кезекті акция өткізіледі, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Акцияның негізгі мақсаты - азаматтарда заңсыз сақталған қару-жарақтар мен оқ-дәрілерді өтемді түрде қабылдау.

Қазіргі таңда барлық қалалық және аудандық ішкі істер бөлімдерінде азаматтар тапсырған атыс қаруының, жарылғыш заттардың, оқ-дәрінің техникалық жай-күйін анықтау мен оларды тапсырғаны үшін сыйақы белгілеу жөніндегі комиссия құрылды.

Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктерге тартылмайды. Ол азаматтарға тапсырған қаруының, жарылғыш заттардың, оқ-дәрінің түріне және техникалық жай-күйіне байланысты айлық есептік көрсеткіштің 10-нан 100-ге дейінгі мөлшерінде сыйақы тағайындалады.

Айта кетейік, 2013 жылы ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы №1299 Қаулысы шеңберінде өткізілген қару-жарақты сатып алу акциясы барысында азаматтардан заңсыз сақталған барлығы 641 қару өтемді түрде алынды. Олардың 571-і тегіс ұңғылы аңшы мылтығы болса, 70-і иір ойықты қару, 1327-і иір ойықты қарудың оқ-дәрілері, 5,508 кг жарылғыш заттар қабылданды. Бұл орайда Қызылорда облыстық ІІД-мен аталмыш іс-шараға бөлінген он тоғыз миллион алпыс үш мың теңгенің барлығы игерілді.

   
0
0
318

Осы тақырып бойынша