Мазмұнға өту
msh

МСХ РК МСХ РК

@msh

Сайтта 2013 ж. 10 желтоқсанКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

543

пікірлер

0

тіркелуші

11

жазылымдар

3

Б.Сағынтаев: Қазақстан «халал» өнімдерінің әлемдік нарығында өз орнын табуы тиіс

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің алқа мәжілісінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев «халал» өнімдерінің әлемдік нарығын белсенді игеруді тапсырды. «Кейінгі кездері «халал» азық-түлік тауарларының өндірісі қарқын алып жатқаны туралы көп айтылуда. Келешекте бұл нарық жылына 6,5 пайызға өсіп отыратын болады. 2020 жылға қарай оның жалпы көлемі 2,5 трлн. долларға жетпек. Бұл өте үлкен нарық, Бразилия, Франция, Оңтүстік Корея елдері осы бизнеске қызығушылық танытып отырғанда біз мұнда өз орнымызды тауып алуымыз қажет. Тұтынатын нарықтар да бізге жақын – Иран, Орталық Азия, Қытай, Түркия. Осы мәселеге келгенде бізге белсендірек қимылдаған дұрыс болады», – деді Б.Сағынтаев. Бұның алдында, вице-премьер Қазақстанның азық-түлік нарығы Қытайға б…

0
0
472

ҚР АШМ-нің алқа отырысында 2015 жылдың жұмыстары қорытындыланды

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ 18.02.2016ж. Астана қ. 2015 жылы ауыл шаруашылығының ішкі жалпы көлемі 4,4%-ға ұлғайып, 2,7 трлн. теңгені құрады. Бұл өсім өсімдік 5,6% (1,5 трлн. теңге) және мал шаруашылығы 3,2% (1,2 трлн. теңге) өнімдерінің өндіріс көлемінің ұлғаю есебінен қамтамасыз етілді. Азық-түлік өндірісіндегі негізгі капиталға инвестиция көлемі 28%-ға артып, 55,9 млрд. теңгені құрады. Десек те, ауыл шаруашылығы саласындағы негізгі капиталға инвестиция көлемі 6,3%-ға төмендеп, 167,1 млрд. теңге болды. Еліміздің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған бірқатар заңнамалық актілер қабылданды. Ұсақ ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің бірігуіне кедергі жасайтын барьерлерді жою үшін «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» жаңа заң қабылданды. Сондай-ақ, органик…

0
0
362

Орман-тоғайдың жауы – өрт, аң-құстың жауы – браконьер

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан НЫСАНБАЕВПЕН әңгіме. – Ерлан Нұралыұлы, алдымен мына мәселені білгіміз келеді: еліміздегі орман-тоғай ал­қаптарының жалпы көлемі ша­мамен қанша гектардай болады? – Қазақстан – орман-тоғайы аздау келетін мемлекеттер қатарына жатады. Деректерге сүйенетін болсақ, орман еліміз аумағының 4 пайыздан сәл ғана астам жерін алып жатыр. Оның өзінде орман­ды алқаптың тең жартысына сек­сеуіл екпелері отырғызылған. Елі­міздің басым бөлігін қамтитын және орман өсіру жағдайларын қиын­дататын еліміздегі күрт құр­­­лықтық климат орманды ал­­­қап­тарды кеңейтуге, орман шаруашылығын дамытуға өзіндік қиындықтарын тигізетіні белгілі жайт. Дегенмен, соған қарамастан, еліміздің қай өңірін болсын жасыл желекке бөлеп, орман алқаптарын кеңейту – Ауыл шаруашылығы министрлігінің б…

0
0
1843

Су шаруашылығы нысандарының су тасқыны кезеңіне дайындығы

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ Астана қаласы 11.02.2016ж. Жыл сайын ақпан айынан бастап және маусым айына дейін, ауа райының жағдайына байланысты, Қазақстанның әр түрлі аймақтарында көктемгі су тасқыны қаупі болады. Сондықтан жыл сайын ҚР Президентінің 19.03.2004 жылғы №451 жарлығына сәйкес, қаңтар айынан бастап ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің аумақтық бөлімшелері, облыстық төтенше жағдайлар бойынша департаменттері мен жергілікті атқарушы органдар мүмкін болатын төтенше жағдайларға дайындық бойынша іс-шараларды бірлесіп іске асырады. Осылайша, «Қазсушар» РМК облыстық филиалдары және ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің бассейндік инспекцияларымен 2016 жылдың тасқын су мезгілінде ТЖ алдын алу және жою бойынша комиссияларды құру жөнінде бұйрықтар бекітілген. Әр аймақ бойынша іс-шаралардың орындау мерзім…

0
0
591

Ресей мен Қазақстан шегірткеге қарсы күресті бірлесіп жүргізеді – ҚР АШМ

АСТАНА. ҚазАқпарат – Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Ресейлік әріптестеріне шегірткеге және басқа да зиянкестерге биологиялық әдіспен қарсы күресте жаңа технологиялармен бөлісті. Атап айтқанда, экономикалық, экологиялық аспектілер және биоәдістің биологиялық тиімділігі қаралды, деп хабарлайды ҚР АШМ-ның баспасөз қызметі. Бұған қоса, екі ведомствоның Ақтөбе қаласында өткен кездесуінде РФ АШМ-ның 2015 жылы Қазақстанда зиянкестерге қарсы күрес бойынша жүргізген жұмыс нәтижелері көрсетілді. 18 349,4 мың га аумақта шегірткенің топталып жүретін түрлеріне зерттеу жүргізілді. 3 284,8 мың га-ға зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу өткізілді. Қауіпті зиянкестерге қарсы күреске 310 техника тартылып, 3500-ден аса білікті маман қатысты. 2015 жылы республикалық бюджеттен бөлінген…

0
0
447

Қазақстан шегірткемен күресте биологиялық тәсілдерді қолдануды ұсынды

Қазақстан мен Ресейдің шекаралас аймақтарында шегірткемен күрес жұмыстары пысықталып жатыр. Биыл 1 миллион 779 мың гектар алқапта улау жұмыстары жүргізіледі. Оған 2,7 миллиард теңге бөлінеді. Ал Ақтөбеде өткен Қазақстан мен Ресей мамандарының кездесуі кезінде қазақстандық тарап биологиялық тәсілді пайдаланып, үйрек-қаз жіберуді ұсынды, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі. Ақтөбе қаласында Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Боран Рахымбековтың қатысуымен үйірлі шегірткемен күрес жұмыстарының жоспары айтылды. Жиынға Ресейдің шекаралас облыстарынан ауыл шаруашылығы саласының өкілдері де қатысты. Қазіргі күні еліміздегі бес облыс Ресеймен шектеседі. Ал Ресейдің оннан астам облысының территориясы Қазақстанмен қатар тұр. Сондықтан ек…

0
0
583

«Органикалық өнімнің ұлттық белгісін анықтау» сайысы

Ауыл шаруашылығы министрлігі органикалық өнім (органикалық өнім – синтездік пестицидтерді, синтездік минералды тыңайтқыштарды, өсім реттеуіштерді, жасанды ас үстемелерді, сондай-ақ генетикалық модификацияланған өнімдерді қолданусыз (немесе аз қолдану арқылы) өңделген өнім) сәйкестігінің ұлттық белгісін әзірлеуге сайыс жариялайды. Органикалық өнім сәйкестігінің ұлттық белгісінің басты мақсаты халықты органикалық өнімнің органикалық өнімді өндіру саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларымен орнатылған талаптарға сәйкестікті растау үрдісін өткендігі туралы хабарландыру болып табылады. Органикалық өнім сәйкестігінің ұлттық белгісіне басты талаптар: 1) экологиялық таза ауыл шаруашылығымен орайластырылуы тиіс; 2) органикалық өнімнің экспортқа бағытталатынын ескеріп, белгі Қазақстан Респ…

0
0
408

Қытайдың агроөндіріс саласындағы 4 алпауыты Қазақстан нарығына келмекші

Қытайдың аса ірі аграрлық компаниялары Қазақстан нарығына қызығушылық танытып отыр. Аспанасты елінің агроөндірістік 4 корпорациясы бүгін біздің Ауылшаруашылық министрлігімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Егер жоспарлар жүзеге асса, Шығыс Қазақстанда ірі ет комбинаты, Солтүстік Қазақстанда майлы және дәнді дақылдарды өндіретін кешен, Қызылорда облысында томат пастасын жасайтын зауыт ашылмақшы. Аспанасты елінің агроөндіріс саласындағы 4 алпауыты Қазақстан нарығына келмекші. Тараптар бірнеше жобаны бірлесіп жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында астық өңдеу зауыты, ШҚО ет комбинаты, БҚО, Қызылорда және елдің шығысында томат шығаратын зауыттар ашылады. Чжан Ханьхуэй, ҚХР Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі -Қытайда экологиялық таза өнімге сұра…

0
0
544

Мемлекет басшысының «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласы

6 қаңтар 2016 жыл Мемлекет басшысының «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласы 2016 жылдың 1 қаңтарынан «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталды. Мемлекетті, экономика мен қоғамды дамыту үшін қағидатты жаңа құқықтық орта қалыптастыратын 59 заң күшіне енді. Бізге тарихымыздағы бұрын-соңды болмаған ауқымдағы ұлттық заңнамаға өзгерістерді бағамдау маңызды. Оның үстіне, олар біздің қазақстандық арманымыз – ХХІ ғасырда көшбасшы отыз ұлттың бірі болуға қол жеткізуімізге жол ашады. Әр ұрпақтың өз арманы бар, оларда тек жеке және отбасылық игіліктерге ғана ұмтылыс көрініс таппайды. Оларда қашанда туған жерге деген сүйіспеншілік сезімі, өз халқы мен Отанының бақыты туралы аңсар айқын көрінеді. Ата-бабала…

0
0
695

Алматы облысында «АӨК сауда корпорациясы» ірі ауылшаруашылық өндірістік кооперативі қалыптасуда

Алматы облысында «АӨК сауда корпорациясы» ірі ауылшаруашылық өндірістік кооперативі қалыптасуда 2015 жылғы 29 қазанда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ауыл шаруашылық кооперативтері туралы» заңға қол қойған болатын. Аталмыш заң түрлі ауылшаруашылық өндірушілердің экономикалық бірлестіктері үшін негізді қамтамасыз етеді. Заң Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамды жүзеге асыруға және ауылшаруашылық кооперативтер мен олардың қауымдастықтары қызметін кешенді түрде реттеуге бағытталған. 28 желтоқсанда Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінде шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтар өкілдерімен «АӨК Сауда корпорациясы» ауылшаруашылық өндірістік кооперативін құру жөнінде кездесу өткен болатын. Кооператив қызметінің негізгі бағыты: малдан алынатын өнім…

0
0
752