ОҚО-да бөгет құрылысы жанданды
Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шардара су қоймасының батыс жағалауын бойлай салынып жатқан бөгеттің құрылысы қайта жанданды.Үш жылға созылған тексеру қыруар қаржының мақсатты жұмсалғанын анықтады, дейді Су ресурстары комитетіндегілер. Стратегиялық маңызы бар нысанның Арнасай тоғанына дейінгі аралығындағы құрылысы жаңа жылға дейін аяқталады. Жалпы ұзындығы шамамен 30 шақырымға жуықтайтын бөгет пайдалануға берілсе, 400 мыңнан аса тұрғындары бар. Мақтарал мен Шардара аудандарының арасын байланыстыратын қысқа жол қалпына келеді.Шардара су қоймасының сол жақ жағалауынан салынып жатқан бөгеттің құрылысы биыл толық аяқталады. Ал оң қапталдағы қалған 18 шақырым алдағы жылдардың еншісінде. Дамбаны бекемдеу жұмыстарына 6 мердігер компанияның 200-ден астам ауыр техникаларымен қатар 700-ге жуық адам…