Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді субсидиялау механизмін жетілдіруде
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді субсидиялау механизмін жетілдіруде. Өзгертулер АӨК субсидиялауының бірнеше бағыттары бойынша әзірленуде. Біріншіден, бөлініп жатқан субсидиялардың тиімділігін жоғарлату мен төлемді оңтайландыру және ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында субсидияны беру процессін автоматтандыру жоспарланып отыр. Бүгінде Министрлік ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге субсидияны бөлудегі әлемдік тәжірибені зерттеуде. Мұнымен бірге жобаны Еуропа қайта құру және даму банкісі арқылы қаржыландыру мәселесі қарастырылуда. Екіншіден, жаңашылдықтар егіншілік шаруашылығын сақтандыру, тұқым шаруашылығын, балық және етті мал шаруашылығын субсидиялау жүйесіне қатысты болмақ. Атап айтқанда, егіншілік шаруашылығын сақтандыруда аясында сақтандыру сыйларын…