Мазмұнға өту
msh

МСХ РК МСХ РК

@msh

Сайтта 2013 ж. 10 желтоқсанКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

543

пікірлер

0

тіркелуші

11

жазылымдар

3

Қарағанда облысында браконьерлер ұсталды

Ү.ж. 30 тамызында ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РҚМК «ПО «Охотзоопром» инспекторларымен Қарағанды облысы Аққұдық мекенінде «Toyota Land Cruiser» автокөлігі тоқтатылды. Көлікте жүргізушіден басқа 3 жолаушы болды.
Автокөлікті тексеру барысында 2 ақбауыр буылдырық, № ГП372 ойық қарабині, оқ-дәрі (44 дана), 12 калибрлі ИЖ-27 маркілі мылтық, оқ-дәрі (25 дана) және картечь табылып тәркіленді.
Осы дерек бойынша құжаттар Ұлытау АІІБ-ге жолданды.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55 57 65
E: [email protected]
W: www.minagri.gov.kz

   

http://mgov.kz/kz/v-karagandinskoj-oblasti-zaderzhany-brakon-ery/

0
0
401

«Балықты көл» аң аулау шаруашылығында ҚР АШМ көшпелі брифингісі өтеді

Суда жүзетін құстарға, тұяқты жануарларға және жыртқыш аңдарға ү.ж. 6 қыркүйегінен бастап, күзгі аң аулау маусымының ашылуына байланысты ҚР АШМ «Балықты көл» аң аулау шаруашылығында көшпелі брифингісін өткізеді.
Журналистердің жиналуы ү.ж. 6 қыркүйек күні сағ. 9.00-де ҚР АШМ ғимаратының маңында (Астана қ. Кенесары көш., 36).
Аккредитациядан ү.ж. 5 кыркүйек күні сағ 13:00-ге дейін e-mail: [email protected] арқылы өту қажет.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55 57 65
E: [email protected]
W: www.minagri.gov.kz

   

http://mgov.kz/kz/v-ohotnich-em-hozyajstve-baly-ty-k-l-projdet-vy-ezdnoj-brifing-msh-rk/

0
0
358

В охотничьем хозяйстве «Балықты көл» пройдет выездной брифинг МСХ РК

В связи с открытием 6 сентября 2014 года осеннего сезона охоты на  водоплавающую дичь, копытных животных и хищников МСХ РК организует выездной брифинг в охотничьем хозяйстве «Балықты көл».

Сбор журналистов состоится в 9:00 ч. 6 сентября т. г. в городе Астана у здания МСХ РК (адрес: г. Астана, ул. Кенесары, 36).

Аккредитоваться необходимо на  e-mail: [email protected] до 13:00 ч. 5 сентября 2014 года.

 

ПРЕСС-СЛУЖБА МСХ РК

+7 (7172) 55 57 65

E: minagripress@gmail.com

W: www.minagri.gov.kz

   

http://mgov.kz/v-ohotnich-em-hozyajstve-baly-ty-k-l-projdet-vy-ezdnoj-brifing-msh-rk/

0
0
283

Қор исламдық қаржыландыру қағидаттарының негізінде шағын несиелеуді жалғастырады

2012 жылдан бастап Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры ауыл тұрғындарын «Сәтті» бағдарламасы бойынша несиелендіруде («Мурабаха» несиелік өнімі). Бұл бағдарлама Ислам Даму Банкі мен Қор арасында жасалынған келісім-шарттың аясында жүзеге асырылады. Бұл бағытта исламдық қаржыландыру қағидаттары пайдалануда. Келісімге сәйкес, қарыз алушылар үшін табыстылық үстемесі 11,5% аспайды. Қаржыландыру сомасы – 33 мың АҚШ долларға дейін. Бүгінгі таңда Қор тарапынан 2 081,1 млн. теңгеге 679 жоба қаржыландырылды. Ислам Даму Банкіне мүше болған елдерінің Ұлттық қаржылық институттар ассоциациясының мүшесі болып, Қор Қазақстандық Исламдық Қаржылық конференциясына қатысуды жоспарлап отыр (2014 жылғы 3-4 қыркүйек, Алматы). http://mgov.kz/kz/fond-prodolzhaet-mikrokreditovanie-sel-skogo-naseleniya-na-islamsk…

-1
0
474

КО мен БЭК елдерінде өндірістік және ауыл шаруашылығының өнім көлемі артты

2014 жылдың қаңтар-шілде аралығында Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің өндірістік өнім көлемі 795,5 млрд долларды құрап, 2014 жылдың қаңтар-шілде аралығында көрсеткішпен салыстырғанда 1,3% артты.

Осы уақыт аралығында КО пен БЭК елдерінің барлық санаттағы шаруашылықтарындағы ауыл шаруашылығы өнімі өткен жылдың осындай уақытымен салыстырғанда тұрақты бағада 4,0% артып, 54,5 млрд долларды құралды.

-1
0
226