Мазмұнға өту
msh

МСХ РК МСХ РК

@msh

Сайтта 2013 ж. 10 желтоқсанКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

543

пікірлер

0

тіркелуші

11

жазылымдар

3

АШМ ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні мен тыңның 60 жылдығына орай салтанатты шара ұйымдастыруда

2014 жылдың 14 қарашасында Бейбітшілік және келісім сарайында ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері күнімен Қазақстанда тың және тыңайған жерлердің игерілгендігіне 60 жыл толуына орай салтанатты жиын өтеді. Шараға алғаш тың игерушілер, ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері, Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бірінші басшылары) өкілдері, «Астана қ. Мемлекеттік мұрағаты» ММ, мемлекеттік емес ұйымдар, кәсіподақ бірлестіктерімен сала кәсіпорындары қатысады. Жиын барысында журналистер арасында өткізілген «Тыңға арналған ең үздік материал» конкурсының қорытындысы шығарылады. Сондай-ақ, раритеттік ауыл шаруашылығы машиналардың, нан экспозициясы және ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Басталуы: 16.30 Өткізетін орны: Бейбітшілік және келісім сарайы, Тәуелсіздік көш., 57 Іс-шараға қат…

0
0
566

300 кг жайын балығы Атырау облысының тұрғынынан тәркіленді

Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері балық қорғау шараларын жүргізу барысында Шароновка өзенінде Құрманғазы ауданы Ганюшкин ауылының тұрғынының басқаруымен «Вихрь-30» моторы орнатылған «Обь» қайығы тоқтатылды.

Тексеріс барысында 300 кг  жайын балығы, қолдануға тыйым салынған 2 аулау құралы мен 60 метрді құрайтын ау тәркіленді.

Жинақталған материал құқық қорғау органдарына жіберілді.

 

ҚР АШМ баспасөз қызметі

+7 (7172)55-57-65

E: [email protected]

W: www.minagri.gov.kz

0
0
1282

Ғылыми зерттеулерді бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурс туралы хабарландыру

ҚР АШМ 2015-2017 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша конкурс өтетіндігі туралы хабарлайды. Конкурс келесі басым бағыттары бойынша өткізіледі: 1. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, шикізат пен өнімді қайта өңдеу 2. Өмір туралы ғылым Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсына қатысу үшін конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес қалыптастырылған қажетті құжаттар конвертпен (жолдаушының мекен-жайы, заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә, конкурстың, ғылымды дамытудың басымдығы мен ғылыми зерттеулердің бағытының атауы көрсетіледі), ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігініне Астана қаласы 010000, Кенесары көшесі 36, қабылдау туралы хабарламамен пошта арқылы ұсынылады. Өтінімдер ұсынудың соңғы мерзімі хабарландыру жарияланған күннен бастап…

0
0
875

«ҚазАгро» ұлттық холдингінің инвестициалық жобалар

Холдингтің инвестициялық қоржынында жалпы құны 298,6 млрд. теңгеге (14,7 мың жұмыс орнының құрылуымен) 464 жоба бар, жалпы құны 207,5 млрд. теңгеге (11,5 мың жұмыс орнының құрылуымен) 348 жоба немесе 75% іске қосылған, оның 213 жобасы жобалық қуатқа 70%-ға және одан да жоғары пайызға шықты. Инвестициялық жобалар бүкіл облыстарда, соның ішінде 75,1% аудандарда, 76,9% облыс маңызындағы қалаларда және 25,9% аудан маңызындағы қалаларда іске асырылуда (ағымдағы жылдың 9 айы ішінде 24 аудан инвестициялық жобалармен қамтылды). Облыстар ішінде инвестициялық жобаларды іске қосудағы көшбасшылар болып табылатындар: Ақмола облысы - 63 жоба (немесе іске қосылған жобалардың жалпы санының 18,1%), СҚО – 40 жоба (немесе 11,5%), Алматы облысы – 39 жоба (немесе 11,2%), Қостанай облысы – 37 жоба (немесе 10,6…

0
0
550

Жаңа астық жинау науқаны

ЖҮРГІЗУШІ: -АСТЫҚ ЖИНАУ НАУҚАНЫНДА ІРКІЛІС БАР. БИЫЛҒЫ КӨКТЕМ МЕН ЖАЗ, ЕНДІ МІНЕ, КҮЗ ДЕ СОЛТҮСТІКТЕГІ ДИҚАН ҚАУЫМЫНА ЖАЙСЫЗ ТИДІ. КҮННІҢ САЛҚЫН БОЛУЫНАН КӨКТЕМГІ ЕГІС ШІЛДЕГЕ ДЕЙІН ЖАЛҒАСТЫ. ЖАЗДА ЖАУЫН-ШАШЫН МОЛ ТҮСІП, АЛАКӨЛЕҢКЕДЕГІ АСТЫҚТЫҢ ПІСУІ КЕШЕУІЛДЕДІ. СӨЙТІП БЕРЕКЕЛІ КҮЗДЕ ЕГІН ОРАҒЫ ҚЫЗҒАН ШАҚТА ТОЛАССЫЗ ЖАУЫН ЖАУДЫ. ТІПТІ СОҢЫ ҚАРҒА ҰЛАСЫП КЕТТІ. ДІҢКЕСІ ҚҰРЫҒАН ШАРУАНЫҢ ҚАР АСТЫНДАҒЫ АСТЫҒЫН ЖИНАЙ АЛМАЙ, ӘУРЕ-САРСАҢҒА ТҮСІП ОТЫРҒАН ЖАЙЫ БАР. ЕГІСТІК АЛҚАПТАРЫНДАҒЫ ЖАЙДЫ СӘЛДЕН СОҢ ТОЛЫҒЫРАҚ БАЯНДАЙТЫН БОЛАМЫЗ. ӘУЕЛІ САЛА БАСШЫСЫН ТЫҢДАЙЫҚ! Асылжан Мамытбеков, ҚР Ауылшаруашылығы министрі -Егін орағы жауын-шашынды ауа райында жүргізілуде. Сондықтан дымқыл тартқан астықты кептіруге тура келеді. Келер жылға тұқым қорын жинау мәселесі өзекті. Кейбір облыстар тұқымды қамбаға құюд…

0
0
1390

АШМ 312,9 млрд. теңгені құрайтын АШТӨ-нің 292 мәселелі несиелерді қайта қаржыландыруда

АӨК саласындағы мәселелі несиелердің көлемін азайту, олардың несиелік салмағын төмендету мен банкроттыққа ұшырау қауіпін барынша төмендету мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыруда. Бұл шара агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуда. Бағдарламаның негізгі көрсеткіші жалпы берешек сомасы 300 млрд. теңгеге қайтару мерзімін ұзарту және АӨК субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелерінің проценттік ставкасын азайту болып табылады. Бүгінде бұл көрсеткіш толық орындалған. Бүгінге дейін жалпы берешек сомасы 312,9 млрд. теңгеге 292 АӨК субъектілерінің өтінімдері мақұлданды, оның ішінде 126 АӨК субъектілерінің жалпы берешек сомасы 245,3 млрд. теңгеге «ҚазАгро» Холдингтің қорландыру қаражаты арқылы…

0
0
516

Сүтті сиырлар асырайтын ауыл

Мемлекеттік бағдарлама аясында 2010 жылы бұл елді мекенде мал өсірумен айналысатын шаруашылық ашылды.

Ақмола облысы Зеренді ауданынына қарасты Ермаковка ауылының кезінде тұрмысы тоқырап, халқы жан-жаққа үдере көшті.

Мемлекеттік бағдарлама аясында 2010 жылы бұл елді мекенде мал өсірумен айналысатын шаруашылық ашылды. Содан бері ауыл халқының жағдайы жақсарып келеді.

Кеңес үкіметі жылдары бұл «совхоз» шошқа асырайтын. Тәуелсіздік алған жылдары Кеңестік кәсіп құрдымға кетіп, игерусіз жатқан бұл аумақ төрт жыл бұрын жергілікті тұрғынның меншігіне өткен.

Қоралар қайтадан малға толып, шошқалардың орнын енді Ресейден әкелінген сүтті сиырлар алмастырды.

Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

0
0
411

Диқандардың несие өтеу мерзімі ұзартылады

Ел бойынша 16,2 миллион тонна астық жиналды.

Ауа райының қолайсыздығынан егінін жинай алмаған шаруалардың несиесін өтеу мерзімі ұзартылады.

Бұл – жаз бойы маңдай терін төккен диқандарға мемлекеттің көмегі. Қазір ел бойынша 16,2 миллион тонна астық жиналды.

Елдегі егін науқанына байланысты соңғы мәліметтер бүгін жарияланды. Агроөнеркәсіп кешеніндегі Мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сақташ Қасеновтің айтуынша, астықтың ішкі нарықтағы бағасы көтерілген.

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

0
0
289

Солтүстік Қазақстан облысында егін орағы ұзаққа созылып кетті

 

Егінін рәсуа етпей, жинап алғандар санаулы ғана.

Солтүстік Қазақстан облысының диқандары ауа райының қолайсыздығынан зардап шегуде.

Аймаққа қар ерте түсіп, соның салдарынан егінді ору, жинау қиынға соғып тұр. Егінін рәсуа етпей, жинап алғандар санаулы ғана.

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының көмегімен биыл облыста 95 жоба жүзеге асырылды.

Оның көбі дәнді дақылдар өсіру мен мал санын көбейту және ауылда шағын кәсіпкерлік нысандарын ашу секілді маңызды бағыттар.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

0
0
333