Мазмұнға өту
msh

МСХ РК МСХ РК

@msh

Сайтта 2013 ж. 10 желтоқсанКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

543

пікірлер

0

тіркелуші

11

жазылымдар

3

Астанаға гүл трипсі кіргізілмеді

Астана қ. бойынша ҚР АШМ өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары Нидерландыдан әкелінген өнімдерден батыс (калифорниялық) гүл трипсін анықтады. «Астана Халықаралық Әуежайы» фитосанитариялық бақылау бекетінде карантиндік тексеру кезінде салат жапырақтары мен қара бүлдіргеннен нұсқалар алынып Республикалық карантиндік зертханаға жіберілді. Сараптама нәтижесі бойынша 85 кг салат жапырақтары мен 21 кг импортталған қара бүлдіргенде гүлді трипсі анықталды. Карантиндік объектілермен залалданған өнім кеден, экология өкілдері мен жүк иесінің қатысуымен өртеу арқылы жойылды. 2014 жылы Нидерландыдан әкелінген карантинге жатқызылған өнімдерден аталған зиянкес 6 рет анықталды, оның 3-уі жаңа кесілген гүлдерде болған. Қазіргі таңда еліміздің жылыжайларында гүл трипсі жоқ. Сондықтан, гү…

0
0
387

2018 жылға қарай елімізде 22,5 млн га алқапқа егін егіледі

Өткен жылы елімізде ауыл шаруашылығы дақылдары 21,4 млн га жерге себілді, ал 2018 жылға қарай бұл көрсеткішті 22,5 млн гектарға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Қошқарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «2018 жылға қарай Қазақстанда 22,5 млн га аумаққа дән себіледі. Өткен жылы ауыл шаруашылығы дақылдары алқабы 21,4 млн га құрады, оның 13,8 млн гектарын гербицидтермен өңдедік, бұл егістіктің 64,5%-ын қамтыды. Зиянкестерге қарсы 7,5 гектар өңдеуден өтті. Бізде 60 млн гектар жайылым бар. 4 млн-ға жуық ірі қара, 15 млн ұсақ мал және 2 млн бас жылқы мен түйе өріске шығады», - деп хабарлады вице-министр. Оның айтуынша, біздің елдің әлеуеті жайылымдық жерлерді 70 млн гектарға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Өткен жылы елімізде ауыл шаруашыл…

0
0
316

Атылған 60 киіктің ұшасы Ақтөбе облысында табылды

«Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторларымен  рейділік іс-шаралар өткізу барысында Қызылорда облысымен шекаралас Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының аумағында киіктердің атылған 60 ұшасы анықталды.

Бұл факт туралы Қызылорда облысының ІІД-не, сондай-ақ Арал ауданының АІІБ-на хабарланды.

Оқиға болған жерге браконьерлерді іздестіру мақсатында тергеу тобы келді.

   

ҚР АШМ баспасөз қызметі

+7 (7172)55-57-65

E: [email protected]

W: www.minagri.gov.kz

0
0
368

ҚР АШМ қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды қолға алмақ

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі және «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандум шеңберінде тараптар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелерді нығайту, қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөнінде өзара келісті. Оралбай Әбдікәрімов, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық қозғалысының төрағасы: - Біз жыл басынан бастап бірнеше министрліктер мен Ұлттық компанияларға хат жазғанбыз. Біздің хатқа біріншілердің бірі болып шын ниетімен жауап қатып, жемқорлыққа қарсы күресте бізге көмек береміз деген ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі болып отыр. Енді алдағы уақытта қазір жасалып жатқан жұмыстарға бақылау жасап, осал тұстарын қолға алуға қатысты ұсыныстар беретін б…

0
0
387

Астанада жемқорлықпен күреске бағытталған меморандум бекітілді

Астанада ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ арасында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум аясында тараптар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерінде күш біріктіріп, бірлесе әрекет етуге келісті. Бұл туралы меморандум бекіту барысында «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс » республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Оралбай Әбдікәрімов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Біздің бірлестіктің мақсаты, ең алдымен, Президенттің сыбайлас жемқорлықты еңсеру бойынша бастамасын қолдау болып табылады. Бұл ең маңызды міндеттердің бірі. Елбасы жемқорлық дертіне қарсы күреске тек органдарды ғана емес, қоғамның өзін де қатысуға үндейді», – деп…

0
0
326

Әкімдіктермен шаруаларға субсидия бөлу кезінде жазалынған бұзушылықтар АШМ-де талқыланды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне берілетін субсидияларды бөлу кезінде заңдылықтардың сақталуы мәселесі бойынша облыс әкімшіліктерінің ауыл шаруашылығы басқармаларының басшылары, ҚР Бас Прокуратурасының, қоғамдық ұйымдардың және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерінің қатысуымен селекторлық қеңес өтті. Бұл кеңесте ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге қолдау көрсету ретінде мемлекет тарапынан елеулі қаражат бөлініп отырғандығы атап өтілді, оның ішінде көктемдік-далалық және егін ору жұмыстары мен берілетін несиелердің (лизингт) пайыздық мөлшерлемесін арзандату. Осы мақсатқа 2013-2014 жылдары республикалық бюджеттен 82,2 млрд. теңге және жергілікті бюджеттен – 154,4 млрд. теңге бөлінген. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ауыл шаруашылығы тауарларын…

0
0
334

Құрметті әріптестер

Құрметті әріптестер, бүгін сағ. 15.00. АШМ-де ауыл шаруашылығы басқармаларының, Бас прокуратураның және қоғамдық ұйым өкілдерінің қатысуымен онлайн конференция өтеді. Талқыланатын мәселе: жергілікті атқарушы органдармен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін субсидиялау және мемлекеттік дотацияларды бөлу кезіндегі жасалған бұзушылықтар.
Аккредитациядан ү.ж. 13 ақпан күні сағ 11.00-ге дейін 555-765 байланыс телефоны немесе

e-mail:[email protected] арқылы өту қажет

0
0
329

ҚР АШМ қаржы институттарынан субсидияларды алу үшін өтінімдерді қабылдайды

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі 227 «Ауыл шаруашылығын қолдауға берiлетiн кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеу» бағдарламасы бойынша субсидияларды алу үшін қаржы институттарынан өтінімдерді қабылдайды.
Қатысуға ниет білдірген қаржы институттары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 9-1/613 «Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, қажетті құжаттармен қоса белгіленген нысан бойынша өтінімді «Қазагромаркетинг» АҚ-на ұсынулары тиіс.
Қосымша ақпаратты 8 7172 55 57 84 телефоны бойынша алуға болады.

   

http://mgov.kz/kz/msh-rk-prinimaet-zayavki-ot-finansovyh-institutov-na-poluchenie-subsidij/

-1
0
277

Нан бағасын тұрақтандыруға бюджеттен қосымша қаражат қарастырылады

Батыс Қазақстан облысында азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын молайту мақсатында 274 миллион теңге қаржы бөлінді. Қазір осы қаржы есебінен өсімдік майы, күріш, жуа және картоп секілді бірінші кезекте тұтынуға жатқызылатын өнімдер сатып алынған. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өңірде нан бағасын тұрақтандыруға республика бюджетінен қосымша тағы 251 миллион қарастырылмақ. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын арзандату мақсатында ұйымдастырылған азық-түлік жәрмеңкелері көкөніс пен ет өнімдерінің бағасын 15 пайызға дейін арзандатуға мүмкіндік жасады. Осы саладағы тағы бір маңызды қадам ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу үшін қаладағы сауда орындарының тегін ұсынылуы болып отыр. Әділ Жоламанов, БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары -Бұдан ауыл шаруашылығы тау…

0
0
405

Астық терминалы рекордтық көрсеткішке қол жеткізді

Ақтау теңіз портында елде жиналған астықты шетелге экспорттайтын арнайы терминал бар. Кәсіпорын былтыр рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. 682 мың тонна бидай қабылдап, өзге елдерге жөнелткен. Үздік қызмет көрсеткені үшін терминал жаңа жыл қарсаңында Президенттің қолынан «Алтын сапа» жүлдесін алған еді. Компания ұжымы биыл да бұл белесті бағындыруды көздеп отыр. Жуырда жаңа келісімдер жасалып, астық тиелген алғашқы кеме Иранға жол тартты. Терминал еліміздің астық экспортын ұлғайту мақсатында 2002 жылы құрылған болатын. Бірер жыл бұрын мемлекеттің қолдауымен ол толық жаңғыртылды. Осылайша кәсіпорын жылына 300 мың тоннадан 600 мың тоннаға дейін бидай мен арпа қабылдап, шетелге жөнелтуге мүмкіндік алды. Ал былтыр астық терминалы тарихында болмаған көрсеткішке қол жеткізді. Рафаэль Галямов, а…

0
0
292