Мазмұнға өту
msh

МСХ РК МСХ РК

@msh

Сайтта 2013 ж. 10 желтоқсанКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

543

пікірлер

0

тіркелуші

11

жазылымдар

3

2016 жылы АӨК-ні мемлекеттік қолдау көлемі 182,7 млрд. теңге деңгейінде жоспарлануда – МШМ

2016 жылы АӨК-ні мемлекеттік қолдау көлемі 182,7 млрд. теңге деңгейінде жоспарлануда. Бұл туралы республиканың аудандық және облыстық әкімдіктерін бейне конференция барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов айтты. ««Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында жыл сайын АӨК-ні мемлекеттік қолдау көлемі ұлғаюда. 2015 жылы АӨК-ні субсидиялау көлемі 173,3 млрд. теңгені құрады, бұл 2014 жылға қарағанда 18,1%-ға көп. 2016 жылы АӨК-ні мемлекеттік қолдау көлемі 182,7 млрд. теңге деңгейінде жоспарлануда»,-деп атап өтті министр. Агроөнеркәсіптік кешенге жұмсалатын шығындардың едәуір бөлігі, атап айтқанда, 2011 жылғы 32 млрд. теңгеден 2016 жылы 155,2 млрд. теңгеге дейінгі немесе 4,9 еселік көлем жергілікті атқарушы органдарға берілгендігін атап өткен жөн. «І…

0
0
638

«Байсерке – Агро» ЖШС базасында Алматы облысы халқымен жер реформасы бойынша комиссия мүшелерінің отырысы өтті

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ18.06.16 ж. Астана қ. Бүгін «Байсерке – Агро» ЖШС базасында Алматы облысы халқымен жер реформасы бойынша комиссия мүшелерінің отырысы өтті. Бүгінгі күнге дейін Комиссиямен үш отырыс және Ақмола облысының халқымен кездесу өткізілді. Алдынғы мәліметтерге сүйене кетсек, жер реформасы бойынша комиссия мүшелерінің негізгі міндеттері жер заңнамасының нормаларына қатысты ұсыныстарды қарау болып табылады. Бұрынырақ, республикалық комиссияның екінші отырысында төрт жұмыс тобын (құқықтық, экономикалық, ақпараттық-түсіндіру және ашықтықты қамтамасыз ету бойынша) құру жөнінде шешім қабылданды. Жұмыс топтарының басшыларымен топ ішінде жеке отырыстар өткізілді. Халық арасында түсіндіру жұмысын кеңінен жүргізу мақсатында ағымдағы жылдың 14 мамырынан бастап Call-центр (1434) қызмет ет…

0
0
1381

Ауыр салмақтылар конкурсы

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ 16.06.2016 ж. Астана қ. Ақмола облысында бірінші халықаралық ауыл шаруашылығы «Ұлы Дала 2016» көрме-шеруі өз жұмысын бастады. Бұл көрмеде астық жинайтын және азық жинайтын техникалардың, трактордың, дәнсепкіштің, тырманың, терең қазғыштың, дискатордың, шөп шабатын машинаның, және басқа техниканың заманауи үлгілері көрсетіледі. Бұл шара техниканың тест-драйвері мен мүмкіншіліктерін көрсетумен жалғасады. Сондай-ақ, көрме аясында ІҚМ «Ангус» тұқымының конкурсы мен әр түрлі класта чемпион мәртебесін беру конкурсы өткізілді. «Ангус» тұқымының көрмесінің негізгі мақсаты ангус тұқымының ең жақсы малдарын көрсету; асыл тұқымды жұмыстың жүргізуінің дұрыстығын бағалау және анықтау; ІҚМ Ангус тұқымын өсіру бойынша ең жақсы зауытшылардың жұмыстарының үлгілерін көпшілікке таныстыр…

0
0
757

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Қоғамдық кеңес алдында есеп берді

Баспасөз хабарламасы15.06.2016ж. Астана қ. Қазақстан Республикасы Президентінің Халықпен есептік кездесу өткізу туралы 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметовтің 2015 жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы АӨК дамыту жөніндегі Қоғамдық кеңес алдында есептік кездесуі өтті. Есепті тыңдауға ҚР АШМ өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламент депутаттары, «Атамекен» ҰКП, үкіметтік емес ұйымдар және бизнес өкілдері қатысты. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов өз баяндамасында 2015 жылғы агроөнеркәсіптік кешенді дамыту нәтижелері мен ағымдағы жылға арналған ведомствоның негізгі тапсырмалары туралы сөз қозғады. 2015 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы кө…

0
0
677

«ҚазАгро» ұлттық холдингі егістік жұмыстарына 65,3 млрд. теңге бағыттады

«ҚазАгро» ұлттық холдингі 2016 жылғы егістік науқанын қаржыландырудың алдын ала қорытындысын жасады. Жалпы көктемгі-егістік жұмыстарының барысын қолдауы шеңберінде Холдинг компанияларымен бүгінгі таңда жалпы сомасы 65,3 млрд. теңгеге 2 842 ауылшаруашылық тауар өндірушілері қаржыландырылды. Аталған қаражат 5,8 млн. га алаңда қажет агротехникалық іс-шараларды жүргізуге мүмкіндік берді. Бұл ағымдағы жылғы республиканың барлық егістік алаңының үштен бір бөлігі. Бұдан басқа, шаруашылықтар мен агроқұрылымдардың машина-трактор паркін жаңартуға бағытталған Ұлттық холдингтің лизинг бағдарламалары шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ компаниясымен жиынтық сомасы 18,11 млрд. теңгенің 1 342 бірлік ауылшаруашылық техникасын жеткізуге шарттар жасалды, оның 817 бірлігі – бұл егістік техникасы. Ағымдағы жылы көк…

0
0
463

Оңтүстіктің диқандары бидайды Ауғанстанға жібере бастады

Қамбаға құйылған астықты сатып алушылар сол елден арнайы келген. Елімізде алғашқылардың бірі болып егінге орақ салған қазығұрттық диқандар, бұйырса, биыл мол өнім жинаймыз деп отыр. Қазір әр гектарына орта есеппен 30 центнерге жақын бидай орылуда. Ауа райының жайлылығы мен агротехникалық талаптарды қатаң сақтаудың арқасында егін бітік шыққан. Қаз-қатар тізілген шетелдің су жаңа 15 комбайны ә дегеннен-ақ бірнеше гектар жерді орып шықты. Түсім жаман емес. Қамба толы, шаруаның көңілі тоқ. Жылдар бойы ескі техника тізгінімен алысып шаршаған Әсет Сарыбаев «жаңа комбайн алғалы жұмысымыз да жүре бастады», – дейді. Әсет Сарыбаев, механизатор: – Жаңа техниканың тиімділігі 12 сағатта 30 гектар орады, 24 сағатта 60 гектар айдайды. Мұның тиімділігі басқа комбайндарға қарағанда жылдам жүреді, солярка…

0
0
486

Семейде Ертіс өзеніне бекіре балықтары жіберілді

Олар 2014 жылдан бері Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің «Агротехнопарк» ғылыми орталығында өсірілді. Екі жарым жылда балықтың Ертіс аймағында өсуі, қоректенуі, бейімделуі жан-жақты зерттелді. Бұл жоба елімізде қабылданған аквамәдениетті дамыту бағдарламасына сәйкес жүзеге асып отыр. Жалпы Ертіс өзенінде Сібір бекіресі ерте заманнан мекендеген. Дегенмен ғалымдар өткен ғасырдың 60 жылдары шектен шыққан браконьерлік пен экологиялық ахуалдарға байланысты құнды балық толық құрып кетті дейді. Балнұр Ахметова, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі: – Агротехнопарк кешенінде өсірілген 50 балықтың 15-і Ертіс өзеніне жіберілді. Қалғаны тоғандарға, арнайы келісім-шартпен жіберіліп, ары қарай олардың өсіп дамуы ұзақ мерзімде зерттелетін болады. Источник: htt…

0
0
1259

Әуе есептің нәтижесі бойынша Қазақстандағы киіктердің саны 108 мыңнан астам дарақты құрады

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ14.06.2016 ж. Астана қ. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі 2016 жылдың 18-сәуір мен 3-мамыр аралығында Қазақстанның биоəртүрлілігін сақтау Ассоциациясы және «Қазавиақұтқару» АҚ-мен бірлесіп, Бетпақдала, Орал және Үстірт популяциясының киіктеріне кезекті әуе санақ жүргізді. Әуе санақтың нәтижесі бойынша, 2016 жылы киіктердің жалпы саны 108300 дарақты, атап айтқанда, Бетпақдала таралымдарының саны 36200 дарақты, Орал таралымы 70200 дарақты және Үстірт таралымы 1900 дарақты құрады. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі браконьерліктен киіктерді қорғау жұмысын ұдайы жүргізіп отыр. Мәселен, республикада киіктерді қорғаудың тиімділігін арттыру үшін олардың қоныс аудару мен төлдеу, қыстау кезеңіндегі концентрациясының негізгі орындарында Ырғыз-Т…

0
0
415

А.И. Мырзахметов ҚР Премьер-Министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды

«А.И. Мырзахметовті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі қызметіне тағайындау туралы» Жарлық

Асқар Исабекұлы Мырзахметов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылсын.

Қазақстан Республикасының                                               Н.Назарбаев
Президенті

Астана, Ақорда, 2016 жылғы 14 маусым

0
0
353

Шегіртке зиянкестерімен күресу үшін 4,6 млрд. теңге бөлінді

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ 13.06.16 ж. Астана қ. Ағымдағы жылдың қолайлы ауа райы көктемгі егісті оңтайлы агротехникалық мерзімде аяқтауға мүмкіндік берді. Облыстар әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы басқармаларының деректері бойынша ағымдағы жылдың 11 маусымына ауылшаруашылығы дақылдары 17,5 млн. га себілді, бұл 2016 жылдың жаздық егісінің 95% құрайды. Жаздық масақты дәнді дақылдар шамамен 14,5 млн. га алқабына себіліп, толығымен аяқталды. Майлылар 1,9 млн. га астам алқапта (99,2%), көпжылдық шөптер – 329,2 мың га (100,2%), көкөніс-бақша – 227,9 мың га (104,0%), картоп – 182,9 мың га (99,3%), мақта – 108,2 мың га (97,8%) және қант қызылшасы – 12,0 мың га (97,2%) себілді. Кейбір облыстарда майлы дақылдар, көпжылдық шөптер егісі, көкөніс және картоп отырғызу аяқталмаған. 2016 жылғы өнімге 2,4 млн.…

0
0
396