Мазмұнға өту
minoboronyRK

МО РК

@minoboronyRK

Сайтта 2013 ж. 13 ақпанКазахстан, Астана

Министерство обороны Республики Казахстан является центральным исполнительным органом, осуществляющим государственную политику в сфере обороны, а также руководство Вооруженными Силами Республики Казахстан. Веб-сайт МО РК www.mod.gov.kz

рейтинг

100

жазбалар

1 061

пікір

1

тіркелуші

7

жазылымдар

0

Патриотизм – қазіргі заманғы Отан қорғаушының рухани өзегі

Жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу. Міне, осы басымдықты Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру аясында негізгі деп айқындады. Ол Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының, елімізде әзірленіп жатқан жаңа заңның бастапқы негізі болды. Елбасы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында қоғамды «жарқын болашаққа бастайтын адамзат баласының мәңгілік құндылықтары – ерік-жігер мен еңбексүйгіштік, мақсаткерлік қасиеттерді бойға сіңіруге» шақырды. Бұл ретте мемлекеттің және ұлт өмірінің нормасы патриотизм мен дәстүр рухы, бірлік пен сайыскерлік рухы болуы тиіс. Әрбір адам осы жасампаз рух оның өмірінің бір бөлігі болуы үшін қолынан келгеннің барлығын жасауы тиіс. Күшті кәсіби армиясыз қуатты Қазақстан бола алмайды. 2014 жылғы Қарулы Күштердің жауынгерлік ұра…

0
0
4585

Азаматтарды әскер қатарына шақыру учаскелеріне тіркеу басталды

Жергілікті әскери басқару органдары республикамыздың азаматтарын әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді бастады. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Биыл 1997 жылы туған жасөспірімдер әскер қатарына шақырылу жасына дейінгілердің есебіне алынатын болады. Жасөспірім жігіттер тиісті қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдерде олардың әскери қызметке жарамдылық дәрежесін анықтау мақсатында медициналық тексеруден өтеді. Денсаулықтарында елеусіз кемшіліктер анықталған жастарға тиісті емдеу мекемелеріне жолдамалар беріледі. Олар онда әскерге шақырылу жасына дейін денсаулықтарын түзете алады. Сонымен қатар әскерге шақыру пункттеріне тіркеу барысында жастар арасында әскери оқу орындарында білім алуға ниет білдіргендерге түсіндіру,…

0
0
583

Құрлық әскерлерінің Әскери институтында діни экстремизм мәселесі талқыланды

Құрлық әскерлерінің Әскери институтында діни экстремизм мәселесі талқыланды.Қазақстан Қарулы Күштерінің курсанттары мен офицерлері еліміздегі діни жағдайды және терроризмге қарсы тұру шаралары жөнінде лекция тыңдады.

Сабақты Алматы қаласы Діни істер жөніндегі департаментінің өкілдері ұйымдастырды.

Сабақ барысында  әскери қызметшілер діни экстремизм мәселелерінің түйінін ашатын деректі фидьмдер көрді, сондай-ақ өздерін толғандыратын сұрақтарға  толыққанды жауаптар ала алды.

Сарапшылардың сөзіне қарағанда діни экстремизм мен радикальді ұйымдар  қазіргі коғамда өзекті  мәселелердің бірі. Экстремистік ұйымдардың қызметі негізінен діни тұрғыда адамдарды жауластыру, қарсы қою болып табылады,-деп атап өтті  шараны ұйымдастырушылар.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
356

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері шаңғы тебуден жарыста жеңімпаз атанды

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының спортшылары Семей қаласының мемлекеттік қызметшілері мен қуатты құрылымдар өкілдері арасында өткен шаңғы тебу жарысында жалпы командалық бірінші орынды жеңіп алды. Сайыстар жыл сайынғы қалалық спартакиада шеңберінде өтті. Бұл күні ең мықтылардың атағын жеңіп алу үшін жүзге жуық спортшыдан құралған он команда күш сынасты. Жарыстарда ерлер үш шақырым қашықтықты, ал адамзаттың нәзік жанды бөлігі бір жарым шақырым қашықтықты жүргіріп өтуі тиіс болатын. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы командасының қоржынына мына әскери қызметшілер олжа салды: ерлер арасында бірінші орынды сержант Марат Шаранов жеңіп алса, сержант Ядгар Қизатаев екінші орынды иеленді. Әйелдер арасында кіші сержант Әсел Жәкенова жарыстың күміс жүлдесін олжалады, ал кіші сержант Назерке Жақаева қола ж…

0
0
951

Әуе қорғанысы күштері әскери институтының курсанттары Әлия Молдағұлованы еске алуға арналған шара өткізді

Ақтөбе қаласындағы Әлия Молдағұловаға арналған мемориалдық кешенде болашақ ұшқыштар қазақ халқының даңкты қызына арналған еске алу шарасын өткізді. Шара Кеңес Одағы Батырының  қаза тапқанына  70 жыл толуына арналды.

 
Митингіге қатысушылар іс-шара барысында халқымыздың даңқты қызын бір минут үнсіздікпен еске алды. ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері әскери институты курсанттарынан құралған құрмет қарауылы әуеге үш дүркін оқ атты, батыр қыздың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.
54-ші жеке атқыштар бригадасының  мергені Әлия Молдағұлова Ұлы Отан соғысы кезінде 1944 жылы Псков облысындағы Казачиха  деревнясында қаза тапты. 19 жастағы Әлия Молдағұловаға Кеңес Одағының Батыры атағы қайтыс болған соң берілді.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі
0
0
326

Жаңартылған «Талдықорған» әскери ұшақжайында ұшулар жалғасады

Бүгін Қазақстан Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінде мен авиатехникалар мен әскери қызметшілердің жаңартылған «Талдықорған» әскери ұшақжайына қайта қоныстануы басталды. Жеке құрам мен авиациалық техника ұшу алаңының толық жөнделуінен соң туған авиабазаға қайтып оралды. 45 жыл бойы пайдаланылған әскери ұшақжайға бірінші рет қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді. ҚР Қорғаныс министрі Қазақстан әскери әуе күштерінің ұрысқа қабілеттілігіне және әскери авиацияның ұшу қауіпсіздігіне баса назар аударып отырады. Қорғаныс ведомствосы басшысының тапсырмасы бойынша құрылыс жұмыстары барысында ұшу-қону алаңы толық ауыстырылды. Алаң жақтауларына күрделі метрологиялық жағдайларда және түн мезгілінде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жаңа жарық беруші жабдықтар орнатылды. Жаңартылған соң әскери ұшақжа…

0
0
258

ҚР Қорғаныс министрлігі: Қарулы Күштерде автоқұмарлар қоғамы құрылды

ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінде автоқұмарлар қоғамы құрылды. Бұл қоғам ҚР Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасын болдырмауға, жол қозғалысы Ережесі туралы білімді жетілдіру мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге арналған. Талдықорған гарнизонындағы Әскери-әуе күштері Оқу орталығында әскери техникада және жеке көлікте жол-көлік оқиғаларының алдын алу жөнінде конференция өтті. Конференцияда әскери полиция отрядының қызметкерлері әскери қызметшілер арасында автокөлік жүргізудің мәдениетін арттыру, сондай-ақ жеке автокөлікті жол апатына ұрындырмау, қыс мерзімі кезінде пайдаланудың ерекшеліктері жөнінде сабақтар өткізді. Жол-көлік оқиғасының алдын алу шараларын өткізу барысында ҚР ҚК әскери бөлімдері әскери қызметшілеріне апат болған жерден фото-ж…

0
0
487

ҚР Қорғаныс министрлігіндегі жауынгерлік даярлық: әскери қызметшілер Астана маңында далалық командалық пункт өрістетті

Ақмола өңірлік гарнизонының әскери қызметшілері әскери техникамен марш жасады. Астана маңында Қорғаныс министрлігінің әскерилері далалық командалық пункт өрістетті. Іс-шара 2014 оқу жылына арналған жауынгерлік даярлық жоспарының шеңберінде өткізілді. Үш күндік маршқа ҚР Қорғаныс министрлігі астаналық бригадасының 37 машинасы қатысты. Маршрут ұзақтығы 200 шақырымды құрады. Әскери техника маршының қорытынды кезеңіне Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов қатысты. - Бүгін біз Қорғаныс министрлігінің далалық командалық пунктін, оның әзірлігі мен мүмкіндіктерін тексеру үшін өрістеттік және жедел топтарымыздың жұмысын байқап көрдік, - деп ҚР ҚК Бас штаб бастығы атап өтті. Бұрын хабарланғандай, автомобильдер маршын орынд…

0
0
569

Құрлық әскерлері Әскери институтының курсанттары балар үйінде кездесу өткізді

Құрлық әскерлері Әскери институтының курсанттары Алматы қаласындағы №1 балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесу өткізді. Кездесу кезінде жетім-балаларға сыйлықтар тапсырылып, қызықты концерттік бағдарламаларын ұсынылды. Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери мамандар даярлайтын оқу ордасының 1-3 курс курсанттары Бағанашылдағы №1 балалр үйінің футбол командасына қажетті спорт киімдері мен бейне және аудио аппаратураларын сыйға тартты. Сонымен бірге институттың көркемөнерпаздар ұжымы балаларға арнап қызықты ойын-сауық бағдарламасын әзірледі. Балалар алдында «Студент көктемі-2013» және «Жас ұлан» фестивалінің жеңімпаз курсанттары, институттың Көңілді тапқырлар клубы құрама командасы, ақын-курсанттар өз өнерлерін көрсетті. Алматы қаласындағы № 1 балалар үйінде 3 жастан 18 жасқа дейінгі 186 ж…

0
0
422

ҚР Қорғаныс министрлігі: машиналар маршы басталды

Әскерлердің 2014 оқу жылындағы жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес автокөліктердің үшкүндік маршы басталды. Бұл жолы автокеруен жасайтын марштың ұзақтығы екі жүз шақырымды құрайды. Бүгін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бірінші орынбасары генерал-майор Руслан Әлімов әскери техниканың жорыққа дайындығы және маршты өткізу барысымен танысты. Жауынгерлік жорыққа 83205 әскери бөлімінің қырыққа жуық автотехникасы тартылып отыр. Шартты ауданға белгіленген уақытта келіп жеткен олар қысқа мерзім ішінде жеке құрамның жауынгерлік дайындығы мен тұрмысын қамтамасыз ете алатын барлық қажетті элементтерден тұратын далалық лагерь құрды. Сонымен қатар, далалық жағдайда төрт модульді штабтық машина сынақтан өткізілді. Бұл жауынгерлік құрылғы Орталық Азия мемлекеттерінің ішінде ә…

0
0
456