Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Б.Сұлтанов: «Жария ету субъектілері құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз әрекеттерден қорғалған»

Құрметті Гүлжан Жанпейісқызы,

құрметті депутаттар!

 

Өткен жылы біз бірлесе отырып, ауқымды жұмыстарды жүргіздік. Жария ету заңнамасын өзгерту жөніндегі біздің бастамаларымыз Сіздердің тарапыңыздан  қолдау тапты.

Жария ету бизнес субъектілеріне балабақша, қоғамдық тамақтану объектілері сияқты әлеуметтік маңызы бар объектілерді заңдастыруға және тиісінше ресімдеуге мүмкіндік берді. Теміржол тұйықтарын, жатақханаларды, өндіріс цехтарын жария ету фактілері де бар. Осының барлығы салық салу базасын ұлғайту және қосымша жұмыс орындарын ашу үшін алғышарт жасауда.

Егер Қазақстаннан тыс жария етілген мүлік туралы айтатын болсақ, онда бұл негізінен Біріккен Араб Әмірліктері, Испания, Мажарстан, Тайланд, Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қытай, Түркия елдеріндегі виллалар, пәтерлер, үйлер сияқты тұрғын үй қорының объектілері болып келеді. Бұдан басқа, Ресей Федерациясы мен Өзбекстандағы коммерциялық объектілерді (сауда үйлерін, цехтарын), Англия мен Өзбекстандағы бағалы қағаздарды және Болгария, Германия, Чехия, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі заңды тұлғалардағы қатысу үлестерін жария ету фактілері де бар.

Жүргізіліп жатқан акцияның серпінін жақсарту мақсатында,  Ұлт жоспарының 41-қадамын іске асыру шеңберінде мүлікті жария ету шарттары жеңілдетілді, жария ету субъектілеріне қосымша кепілдіктер берілді.

Мүліктің жария етуін жүзеге асыру рәсімдеріндегі жаңа негіз қалаушы тәсілдерге тағы да тоқталып өткім келеді.

Мәселен, біз ақшаны жария етудің механизмін айтарлықтай оңайлаттық.

Енді ақшаны екі тәсілмен заңдастыруға болады.

Бірінші тәсіл: Ақшаны банк шоттары арқылы көрсету және өзінің кез келген қажеттіліктеріне пайдалану, мысалы: бизнеске салу, жылжымайтын мүлікті сатып алу және тағы басқа, және, тым болмағанда оны шоттан шешіп алуға болады. Осының барлығы 10 пайыздық алымды төлеместен жүргізіледі.

Екінші тәсіл: Шетелде орналасқан немесе қолма-қол айналымдағы ақшаны банк шотына салмай-ақ, мәлімдеу нысанында жария ету. Бірақ бұл ретте бюджетке 10 пайыздық  алым төленеді.

Осы, және басқа жағдайда да жария ету субъектісі мемлекеттік кірістер органдарына тиісті декларацияны тапсырады.

Біз, бюджетке 10 пайыздық алымның төленуін көздейтін ақшаны, қазақстан банк шоттарына аударуға қиналатын және ниеті жоқтар үшін арнайы екінші опцияны енгізгенімізді атап өту қажет. Алайда, бүгінгі күні мұндай мүмкіндікті 1 млрд. жуық теңгені жария ете отырып, небәрі 17 адам ғана пайдаланды. Яғни банк шоттары арқылы ақшаны жария ету азаматтар үшін аса тартымды болып тұр.

Бұдан басқа, өзге мүлікті жария ету рәсімін біз ұйымдастырушылық жағынан елеулі оңайлаттық.

Осымен, Қазақстан аумағында орналасқан және тиісінше ресімделген мүлікті заңдастыру үшін мемлекеттік кірістер органдарына тиісті декларацияны және ілеспе құжаттарды тапсыру жеткілікті. Осы шарт шетелде орналасқан мүлікті жария етуге де қатысты. Яғни, артық буын болып табылатын мемлекеттік кірістер органдарының жанындағы комиссиялар таратылды.

Жария ету субъектісі жергілікті жерлердегі әкімдіктер жанындағы комиссияларға, тек Қазақстан аумағында орналасқан және бұрын тиісінше ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуге қатысты ғана жүгінеді.

Оған қоса, жария ету заңнамасында, біріншіден, шетелдегі шоттар бойынша ақпаратты жасырғаны үшін әкімшілік жазаны қатаңдату, екіншіден, шетелде орналасқан мүлікті міндетті түрде декларациялау регламенттелген.

Жария ету субъектілеріне қосымша кепілдіктер беру мәселелеріне ерекше тоқтала кеткім келеді.

Мүлікті жария етумен байланысты кез келген мәлімет, салықтық және банктік құпия болып табылады. Сондықтан, жария ету туралы мәліметті үшінші тұлғаларға таратуға ешкімнің, атап айтқанда, әкімдіктер жанындағы жария ету жөніндегі комиссиялар қызметшілерінің де, мемлекеттік кірістер органдарының, екінші деңгейдегі банктердің және Қазпошта қызметкерлерінің де құқықтары жоқ. Мұндай ақпаратты таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Бұдан басқа, жария ету субъектілері құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз әрекеттерден қорғалған. Осымен, қылмыстық істер қозғауға, немесе мүлік пен ақшаны жария ету фактісінің өзін дәлелдемелер ретінде пайдалануға тыйым салынған. Сондай-ақ жария етілген мүлік тәркіленуі мүмкін емес.

Жария ету акциясының аяқталуын және жалпыға бірдей декларациялау процесінің басталуын үндестіру үшін , рақымшылық жасау мерзімі 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды.

Осыған байланысты, 2017 жылдан бастап, бастапқы декларация тапсыру кезінде азаматтар 3,7 млн теңгеден (160 ең аз жалақы) асатын ақшалай қаражатын банк шоттарында орналастыруға тиіс болады. Сонымен қатар, жария етілген ақшаға бұл ереже қолданылмайды.

Анықтама: ең аз жалақы мөлшері – 2016 жылға 22859 теңге

160х22859 теңге = 3 657 440 теңге

 

Бұдан басқа, Мемлекет басшысы өзінің сөзінде атап айтқандай, осы акция аяқталғаннан кейін қазақстандықтардың шоттары бүкіл әлем бойынша қайта тексерлетін болады. Осыған біз, тиісті халықаралық келісімдер мен Конвенцияларға қол қойылған елдердің ақпаратпен өзара алмасу шеңберінде өткізетін жұмыс та ықпал ететін болады.

Қабылданған заңмен, біздің ойымызша, жария ету үрдісін тежейтін барлық шектеулер алынып тасталды. Бұл туралы жария ету қарқыны да көрсетіп отыр.

Ел бойынша жария етуге мәлімделген мүліктің сомасы ағымдағы сәтке 1,7 трлн. теңгеден асты, оның 1,5 трлн. теңгесі жария етіліп қойды.

Анықтамалық: оның ішінде республиканың аумағында орналасқан мүлік бойынша - 666 млрд. теңге, шетелдегі мүлік бойынша – 1,9 млрд. теңге және ақша - 892 млрд. теңге.

Бұдан басқа, талдау, Заңның жаңа ережелері бойынша жүргізілген жұмыстың 6 айдың ішінде (яғни 2015 жылғы 1 желтоқсаннан кейін) 1,1 трлн. теңгеден астам жария етілгенін көрсетті. Бұл акцияның барлық кезеңі ішіндегі жалпы сомадан 72%, және барлық алдыңғы 15 айы ішінде жария етілген сомадан 2,7 есе артық.

Анықтамалық: оның ішінде, ҚР аумағында орналасқан мүлік бойынша -  322 млрд. теңге; ҚР-нан тыс орналасқан мүлік бойынша – 0,8 млрд. теңге; ақша – 811 млрд. теңге. Сонымен бірге, желтоқсан айына дейін жария ету сомасы 425 млрд. теңгені құрады.

Түзетулер, жария ету барысына жақсы серпіліс бергені көрініп тұр. Акцияның барлық кезеңі ішінде осы мүмкіндікті 90 мыңға жуық азамат пайдаланды. Өтініштердің саны мен артуы тұрғындар тарапынан үлкен қызығушылық туғаны туралы айтуда.

Қаржы министрлігі жергілікті атқарушы органдармен және екінші деңгейдегі банктермен бірлесіп белсенді түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.

Анықтамалық: акцияның басынан бастап БАҚ-та 10 304 мақала жарияланды, теледидар бойынша 71 602 сюжет көрсетілді, интернет-ресурстарда 10 169 мақала орналастырылды, 10 849 семинар, «дөңгелек үстел» өтті.

Тек жаңа заңнамалық түзетулерді түсіндіру сәтінен бастап соңғы 8 ай ішінде (қазан – мамыр) 5 100-ге жуық мақала жарияланды, 89 259 телесюжет шығарылды, 4 100-дай «дөңгелек үстел», семинар өткізілді.

Күнсайын өңірлік және республикалық телеарналардан хабарлар, сұхбаттар, бейнесюжеттер көрсетіліп тұрады. Бұдан басқа, елдің кинотеатрларында фильмдерді қарау алдында акцияны насихаттау жөніндегі роликтер көрсетілуде.

Анықтамалық: 23 қаланың 61 кинотеатрында акцияны насихаттау жөніндегі ролик көрсетіледі. Осымен, наурыз айынан бастап кинофильмдердің 13,2 мың сеансының алдында оларды 765 мың көрермен қарап шықты.

Оған қоса, мүлікті жария ету мәселесі бойынша ай сайын ҚР Үкіметінің отырыстары, Қаржы министрліктің селекторлық кеңестері өткізіледі.

Біз мүдделі мемлекеттік органдармен, бизнес-қоғамдастығының өкілдерімен және екінші деңгейдегі банктермен жария ету жөніндегі заңнамасының қолданыстағы ережелеріне бар кедергілер мен мүмкіндіктерді жақсарту пәніне талдау жүргізу бойынша жұмыстарды тұрақты жүргізудеміз.

Мәселен, мүлікті жария ету жөніндегі заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша 11 ұсыныс келіп түсті.

Аталған талдау, ағымдағы сәтке заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап ететінін көрсетті, ол бойынша жұмыс Ұлттық экономика министрлігімен және Ұлттық Банкпен бірлесіп жүргізілуде.

Құрметті Гүлжан Жанпейісқызы, сіз бен біздің ортақ жұмысымыз әлемдік экономика үшін осы дағдарыс кезеңіндегі уақыт талабы болып табылады, бұл да елімізде көлеңкелі экономиканың деңгейін одан әрі төмендетуге ықпал етеді деп санаймыз.

Назарларыңызға рахмет.

0
0
590

Осы тақырып бойынша

Б.Сұлтанов: «Жария ету субъектілері құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз әрекеттерден қорғалған» - Yvision.kz