«Қазақстан-2050» стратегиясы жаңа Қазақстандық патриотизмнің мәні.
Жанатаев Д.Ж.Патриотизм – бұл өз Отаныңмен мақтануға толық негіз. Қазір қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу туралы, бұл тұжырымдаманың мәні неде, оның негізгі қағидалары қандай екендігі туралы көп айтылуда. Бірақ патриотизм ұғымының өзі өте терең, бағалау қиын құндылыққа ие. Туған жерді сезіну – киелі сезім. Кеңестік патриотизммен өскен және тәрбиеленген ұрпақ, бұрынғы КСРО-ның барлық республикаларына әсер еткен дәуірлік өзгерістерді бастан кешірді. Сол жылдары өздерінің мемлекеттік бағдарламасымен көптеген жаңа мемлекеттер пайда болды. Біздің жас республикамыз, біздің Қазақстан да шет қалмады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тамаша сөзі бар: «Біздің өзіміз де, ойлауымыз да, көзқарасымыз да өзгерді. Біз ешқандай да бір кеңестерсіз адамның өз еңбегі ғана әл-ауқаттың қ…