Аудандық мәслихат депутаттары Қарақия ауданы тұрғындарымен Президент Жолдауын талқылады
Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау мақсатында Құрық ауылының тұрғындарымен кездесу өтті.
Кездесуге Маңғыстау облыстық мәслихат депутаты Мейрамгүл Аманиязова, Қарақия аудандық мәслихат депутаттары Қалаубай Жанғабыл, Ақылбаева Ақерке қатысты.
Кездесу барысында Жанғабыл Бекмолдаұлы Жолдаудың маңызын, басым бағыттарын қысқаша баяндап, жолдауға байланысты өзіндік тұжырымдаламаларын, жаңа реформада еліміздің дамуына бағытталған көптеген жақсы өзгерістер бар екендігін айтып өтті.
Облыстық мәслихат депутаты Мейрамгүл Базарбайқызы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамыуына әрбір адамның үлес қосуы маңызды екенін айтып, жолдау аясында бірге жұмыстануға шақырды.





















