Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мұнайлы аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті.

Фракция отырысына аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы А.Ахмедов, фракция жетекшісі Ж.Байназарова, аудан әкімінің орынбасары Н.Мұстафаев және фракция мүшелері қатысты.

Күн тәртібінде «AMANAT» партиясы Мұнайлы аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасы жол картасындағы іс-шаралардың 2022 жылдың тоғыз айдағы орындалысы бойынша аудан әкімінің орынбасары Н.Мұстафаев баяндама жасады.

Фракция отырысының күн тәртібіндегі мәселе толықтай қаралып, сайлауалды бағдарламасы жол картасындағы жыл соңына дейін орындалмау қаупі бар іс-шаралар бойынша депутаттар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.

0
0
173

Осы тақырып бойынша