Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бейнеу аудандық филиалының мәжіліс залында білім беру саласының белсенді жастарымен кездесу өтті.

"AMANAT" партиясы Бейнеу аудандық филиалының мәжіліс залында білім беру саласының белсенді жастарымен кездесу өтті. Кездесуге партияның аудандық филиалының атқарушы хатшысы Жолышов Тұралы Ботақараұлы және аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Ғайыпбаев Саламат Нұрмұхамметұлы қатысты. Кездесу барысында алдағы жұмыс жоспарлары талқыланып, Астана қаласында өткен партияның кезектен тыс съезінің делегаты Тұралы Ботақараұлы партияның саяси тұғырнамасы жөнінде қысқаша айтып өтті.

0
0
117

Осы тақырып бойынша