Жұмбақ қыз: Жетісайдың сұлу аруы — Наргиза!

Виртуалды өмір - қазіргі жастардың әлемі осында. Біз әлеуметтік желілер арқылы танысамыз, білісеміз, арласамыз, сөйлесеміз және ғашық боп жатамыз. Мен ойлаушы едім, әлеуметтік желідегі адамның фотосына қарап-ақ оның мінезінің қандай екенін анық аңғаруға болады деп. Бірақ, олай емес екен.
Наргиза Нуартегі - Мақтаарал өңірінің тумасы, менің жерлесім. Өзім ашқан "Жетісай - жер жәннәті" тобының арқасында танысып қалдық. Сөйтсек, менің нағашымның қызының сіңлісі боп шықты. Қазақ қаза берсе танысын, туысын тауып алады ғой, біздің танысуымыз дәл осы қазақи стильде болды.
Наргизаны бәрі еркелетіп "Након" дейді екен. ВК әлеуметтік желісіндегі акаунтындағы "Након Нуартегі" деген аты-жөнінен-ақ бірден қазақ емес деп ойладым. Ойлағанымдай, оның ұлты "татар" екен. Бірақ, анасы қазақ. Анасына тартқан болу керек, Наргизаның сөйлесінен, жазған жазбаларынан, мінезінен қазақилыққа жат элементтерді таба алмадым. Менен біреу "нағыз қазақ қызы қандай болады?" деп сұраса, Наргизаны көрсетер едім.
Наргизаның 1-2 жазбасын оқып, оның терең ойлы, ақылды, инабатты қыз екенін білуге болады. Алайда, әдеттегі қыздар сияқты түскен фотоларынан әдеттегі, жай ғана жеңіл қыз деп ойлап келдім. Кеше телефон номерін сұрап, алғаш рет дауысын естідім. Бірақ, менің ойымның күл-талқаны шықты. Наргизаның сөйлесі жай ғана әдеттегі қыздардың сөйлесі емес еді. Оның әрбір сөзінде салмақтылық, әрбір дыбысында сенімділік, әрбір дикциясында өзіне жіпсіз байлап алатын ерекше бір жұмбақ қасиет тұрды. Қысқасын айтқанда, мен онымен жеңіл сөйлесе алмадым. Екінші жағынан, Наргиза қасында әпкесі жатқанын, ұзақ сөйлесе алмайтынын айтты.
Біздің әңгімеміз ВК-да қайта жалғасты. Мен одан өзіне ғашық боп, сөз салып жүрген жігіттердің қаншалықты көптігін сұрадым. Ол "баршылық" екенін айтты. Мен не үшін осындай сұлу қыздың жігіті жоқ екеніне таңдандым. Сөйтсем, ол өмірінде бір ғана жігітпен жүрген екен, ал ол жігіт басына қиындық туғанда тастап кетіпті. Майк Тайсонның сөзі бар ғой, "Сен көтерілгенде достарың сенің кім екеніңді біледі, сен құлағанда сен достарыңның кім екенін білесің" деген. Дәл осы сөзді ғашықтарға да қарата айтса болады екен, сен құлағаныңда ғашығыңның кім екенін білесің деген сияқты.
Менің байқауымша, Наргизаның жүрегі жараланған. Мүмкін, жігіт атаулының бәрінен көңілі қап кеткен де шығар. Білмеймін. Мен үшін өте жұмбақ жағдай, өте жұмбақ қыз. ВК-да онлайн отырғанын көріп оған әр нәрсе жаза бергім келеді, сезімдерімді білдіре бергім келеді. Оның әлемі, оның акаунты, оның фотодағы сұлу бейнесі мені өзіне еріксіз тартып тұрады. Оның күлімсіреген бейнесі жүрегімді жылытады.



Дінмұхамед Аязбеков
