Тойға асабаны қалай таңдау қажет?
«Той – қазақтың қазынасы», «қазақтың тойы бітпесін» деген сөздер инстаграмдағы стористер мен посттардың хэштегіне айналды. Шыны керек, әр отбасында жылына кем дегенде бір той. Сол тойға ұлдың немесе қыздың ата-анасы барын салып дайындалады. Ең басты сұрақ мейрамхана мен тойдың асабасы кім болады? Бірінші кезекте, мейрамхана мәселесі шешіледі. Содан кейінгі басты проблема «Тамада қылып кімді жалдаймыз?». Әрине, бұл жерде бар мәселе ақшада. Егер ақша болса, онда елдегі алдыңғы қатарлы асабаларды, шоу бизнес жұлдыздарын, актерлерді жалдауға болады. Біз орташа жағдайы бар отбасыларды қарастырайық. Сондай-ақ, асабалардың бағасы өңірге байланысты да құбылып отырады. Біз асабаға 180 000 теңге бөлсек, жеткілікті деп ойлаймын. Қалаңызда аты шыққан асаба деп, 180 000-ға келісіп тұр деп, бірден ала…