ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
3

Тойға асабаны қалай таңдау қажет?

«Той – қазақтың қазынасы», «қазақтың тойы бітпесін» деген сөздер инстаграмдағы стористер мен посттардың хэштегіне айналды. Шыны керек, әр отбасында жылына кем дегенде бір той. Сол тойға ұлдың немесе қыздың ата-анасы барын салып дайындалады. Ең басты сұрақ мейрамхана мен тойдың асабасы кім болады? Бірінші кезекте, мейрамхана мәселесі шешіледі. Содан кейінгі басты проблема «Тамада қылып кімді жалдаймыз?». Әрине, бұл жерде бар мәселе ақшада. Егер ақша болса, онда елдегі алдыңғы қатарлы асабаларды, шоу бизнес жұлдыздарын, актерлерді жалдауға болады. Біз орташа жағдайы бар отбасыларды қарастырайық. Сондай-ақ, асабалардың бағасы өңірге байланысты да құбылып отырады. Біз асабаға 180 000 теңге бөлсек, жеткілікті деп ойлаймын. Қалаңызда аты шыққан асаба деп, 180 000-ға келісіп тұр деп, бірден ала салған қате шешім болады деп ойлаймын. Той иесі бұл сұраққа ізеніспен келу қажет. Сондай-ақ, шаруа той мәселесіне, әсіресе, асаба таңдау мәселесіне келгенде айналаңызда ақылшылар, кеңес берушілер қаптап кетеді. Неге десеңіз, әр аптада тойға баратын халқымыздың көп көретіні – тамада, асаба. Олардың бәріне бірдей құлақ асқан жөн емес. Біріншіден, өзіңіздің шақырулы қонақтарыңыздың, тойдағы аудиторияның қандай болатынын жақсы біліп алу керек. Екіншіден, сіз тойдың қалай өткенін қалайсыз? Осы сұраққа жауап беріп алу керек. Мәселен, бірінші пункт бойынша, сіздің қонақтарыңыздың басым көпшілігі орта жастан асқан адамдар болса, отау құрып жатқан жастардың өзі отыз шамасына келіп қалса, онда тойды салмақты, салиқалы сөздерімен басқаратын, қара сөзге, өлең сөзге шебер асаба таңдаған жөн. Бұл жағдайда асаба тым жас болмағаны дұрыс. Ал егер де сіздің тойыңыздағы аудиторияның басым бөлігі орта жастағы немесе одан да жас болса, онда асаба да сәйкесінше, жас болу қажет. Бір сөзбен айтқанда, шоумен керек. Неге десеңіз, жасы үлкен асабалар жастардың тілін таба алмай қалуы мүмкін, плейлист сәйкес келмеуі мүмкін, әзілдері өтпеуі мүмкін. Сонымен қоса, қонақтардың басым бөлігі жастар болған жағдайда, оларға көбірек ойын керек, би керек, күлкі керек. Сол себепті де бұл жерде асабаның креативті ойлауы өте маңызды. Екінші пункт бойынша, сіз тойыңызды қалай елестетесіз? Егер тойыңыз концерт сияқты өтсін десеңіз, онда конфераньсе, сахналық жүргізуші жалдаған жөн. Егер де тойыңызды көңілді кеш ретінде көрсеңіз, онда шоумен қажет. Сондай-ақ, қазіргі уақытта шетелдік үлгідегі тойлар көбеюде. Егер сіз сондай той өткенін қаласаңыз, онда шетелдік тілдерді, ойлауы қазіргі заман талабына келісті жүргізуші немесе шоумен жалдау керек. Ал, егер де, қазақи салт-дәстүрге сай той жасағаңыз келсе, онда ұлттық салт-дәстүрді жақсы меңгерген асаба таңдау қажет. Менің ойымша, ең бастысы, асаба көңілді, креативті, мәдениетті және жан-жақты болуы тиіс. Әрине, сондай-ақ, дауыс ырғағы қойылған, дикциясы құлаққа жағымды болса керемет. Қорытынды осындай. Өз ойыммен бөлістім. Ендігі шешім қабылдайтын кезек өздеріңізде. Назарыңызға рахмет! Әулетте тек той көп болсын!