Дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасының тізімі жарияланды
Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының бапкерлер штабы Челябинскіде 25-31 тамыз аралығында өтетін әлемдік додада ел намысын қорғайтын спортшылар есімін атады, деп хабарланды ҚР Дзюдо федерациясының сайтында.
Құрама тізімі:
Меруерт Иманғалиева (48 келіге дейін)
Олеся Куценко (52 келіге дейін)
Севара Нишанбаева (57 келіге дейін)
Зәмзәгүл Файзолақызы (63 келіге дейін)
Дильбар Өмірәлиева (70 келіге дейін)
Альбина Амангелдиева , Зарина Раифова (78 келіге дейін)
Зарина Абдрасулова (78 келіден жоғары).
АСТАНА. ҚазАқпарат

