Қарағанды облысында спорттың 75 түрі таратылады
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат — Қарағанды облысында Қазақстанда тіркелген спорттың 110 түрінің 75-і таратылады. «Дәстүр бойынша тамыздың үшінші жексенбісінде біз үлкен спорт мерекесі — Спорт күнін атап өтеміз. Биыл ол мерейтойлы — оныншы», — деп атап өтті өңір басшысы Бауыржан Әбдішев Спорт күніне арналған шара барысында сөйлеген сөзінде. «Қазіргі уақытта Қарағанды облысында 2 мыңнан астам спорттық нысан бар, оның 1 мыңы — ауылда. Бізде 28 мың тәрбиеленушіні қамтып отырған балалар-жасөспірімдер спорттық мектептерін қоса алғанда, 50-ге жуық спорттық ұйым бар. Қазақстан Республикасында тіркелген спортың 110 түрінің 75-і таратылады», — деді Б.Әбдішев. Онымен бірге, облыста 82 аулалық және 81 дене шынықтыру-сауықтыру клубтары бар. «Білім беру мекемелерінде 60 мың оқушыны қамтып отырған 2 мыңнан астам…

