Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Еуропа Лигасы матчында киевтік «Динамо» мен «Ақтөбе» арасындағы бір допқа қарсы бес доп

Киевте «Олимпийский» ұлттық спорт кешенінде жергілікті «Динамо» командасы мен қазақстандық «Ақтөбе» арасында Еуропа Лигасының плей-офф раундысының матч аяқталды. Ойынның түпкілікті есебі 5:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді, қазақстандықтар болса, пенальтиде бір ғана доп соқты, оны Александр Гейнрих жүзеге асырды. Динамолықтардан Джермейн Ленс, Роман Безус, Мбокани, Браун Идейе (пенальти), Олег Гусев көзге түсті. Ақтөбе қаласының Орталық стадионында өткен алғашқы ойында да киевтіктер 3:2 есебімен жеңіске жеткен болатын. Дегенмен «Ақтөбенің» Еуропа Лигасында қалуына мүмкіндік бар. УЕФА-ның төтенше жағдайлар жөніндегі арнайы комиссиясы Еуропа Лигасының топтық кезеңінде түріктің «Фенербахче» командасын ауыстыру жөнінде шешім шығарды, деп хабарлады Vesti.kz. УЕФА-ның ресми сайтында х…

0
0
355

Жеткіншектеріміз жеңісті жолдарын жалғастыра алса игі

13 медаль аз ба, көп пе? 13-орын. Жақсы ма, жаман ба? Мұның жауабын кейін осы жеткіншектеріміздің ересектер арасындағы додалардағы нәтижелерінен кейін белгілі болатын шығар. Осы жеткіншектеріміз кейін ересектер арасындағы додаларда да топ жарып жатса кәнеки… Қытайдың Нанкин қаласында жасөспірімдер арасындағы екінші жазғы Азия ойындары мәресіне жетіп, біздің жеткіншектер 1 алтын, 4 күміс, 8 қоламен жалпыкомандалық бейресми есепте 13-орынға жайғасты. Осыдан төрт жыл бұрынғы Азия ойындарында 4 алтынмен 8-орыннан көрінген Қазақстан құрамасы үшін биылғы көрсеткіш көңіл көншітерлік пе, жоқ па? Осы сауалға жауап іздеп көрелік. Қытайдағы дүбірлі дода жеткіншектеріміз үшін нашар басталған жоқ. Нысана көздеу спортында мергеніміз Александр Мухамедиев Азия ойындарының алғашқы күндерінде-ақ қоржынымыз…

0
0
338

«Шахтер» стадионында Чемпиондар лигасының көрсетіліміне жиылған жанкүйерлер саны бойынша рекорд орнатылды

Қарағанды стадионында ұйымдастырылған «Шахтер» мен «Селтик» арасындағы матчтың көрсетілімін қарауға жиналған жанкүйерлер саны Қазақстан чемпионатының кейбір ойындарына келетін адамдардан да асып түсті. Қарағандыдағы стадионға «Шахтер» мен «Селтик» арасындағы футболдан Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама сарапқа түскен ойынды тамашалауға 5000-ға жуық жанкүйер жиналды, деп хабарлайды Vesti.kz. Қарағандылық команданың сырт алаңдағы ойынының трансляциясын көруге аймақ басшысы Бауыржан Әбдішев те келді. Ойын жергілікті уақыт бойынша түнгі 00:45-те басталғанына қарамастан қарағандылықтар түнгі матчқа келу көрсеткіші бойынша және бір уақытта жұмыс істеген жарықдиодты экрандар бойынша өзіндік рекорд орнатты. Естеріңізге сала кетейік, қарағандылық команда қос матч қорытындысы бойынша «Сел…

0
0
267

Петропавл спортшылары есту қабілеті нашар мүгедектер арасында жағажай футболынан халықаралық жарыста жеңіске жетті

Петропавлдық құлағы нашар еститін футболшылар Ыстықкөл көліне жақын жердегі Бостери курорттық кентінде өткен жағажай футболынан халықаралық жарыста жеңіске жетті. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, медальға алты команда таласқан. Олар: Бішкек қаласынан екі, Қарағанды, Астана, Алматы және Петропавл қалаларының әрқайсысынан бір-бір командадан. Солтүстік Қазақстандықтар командасы Астана, Алматы, жастар командасын және Бішкек командаларының негізгі құрамдарын жеңіп, Қарағанды футболшыларымен тең түсті. СҚО құрамасының құрамында барлық алаң ойыншылары гол соқты. Қақпаға ең көп доп салушы қарсыластарының қақпасына бес рет доп салған Евгений Гриднев болды. Осы жылы Петропавлда көптеген мүгедек спортшылар, соның ішінде құлағы нашар еститін футболшы…

0
0
396

Оралда теннис корты да, жабық футбол манежі де салынатын болады — Н.Ноғаев, БҚО әкімі

Оралда теннис корты да, жабық футбол манежі де салынатын болады. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ноғаев бүгін баспасөз мәслихатында ҚазАқпарат тілшісіне мәлім етті. Облыс басшысының айтуынша, Елбасы тапсырмасына сәйкес халықтың денсаулығын нығайту үшін әркімнің де спортпен, дене шынықтырумен айналысуы аса маңызды. Әсіресе, жасөспірімдер келеңсіз қылықтардан аулақ болуы үшін олар баратын спорт кешендері, алаңдары тұрақты жұмыс жасауы қажет. «Тәні саудың жаны сау» дегендей, жастар неғұрлым спортпен көбірек айналысса, табыс та мол болмақ. Бұған батысқазақстандық спортшылардың халықаралық, республикалық бәсекелердегі жоғары жетістіктері дәлел. «Орал қаласында халықаралық стандартқа сай келетін теннис корты төңірегінде «оған тек қалталы адамдар ғана бара алады» деген сықылды әңгімелер болды. Ол…

0
0
544

Дубай билігі аты аңызға айналған футболшы Диего Марадонаны жат қылығы үшін елге кіргізбей отыр

Дубай билігі есімі елге белгілі аяқдоп перісі Диего Армандо Марадонаны ел аумағына кіргізуден бас тартты. Бұған футболшының бейәдеп қылығы себеп болып отыр. Белгілі болғандай, шілде айының бас кезінде Диего Марадонаға Дубайдың спорт саласындағы арнайы өкілі болып істеуіне мүмкіндік беретін келісімшарттың мерзімі ұзартылған болатын. Muslim.kz сайтының жазуынша, кейін ол бұрынғы нақсүйерінің туған күнін тойлау үшін Аргентинаға кетіп қалады. Осыдан кейін аргентиналық бұқаралық ақпарат құралдарында жартылай жалаңаштанған қыз-келіншектердің ортасында тұрған Марадонаның суреті жарық көреді. Көшеде кетіп бара жатып, құшақ айқастырғаны үшін адамдарды абақтыға жабу жазасы үстемдік ететін Дубайда футболшының ерсі қылығы былайғы жұрттың наразылығын тудырған еді. Алайда, футболшымен бекітілген келісі…

0
0
450

Азамат Мұқанов әлем чемпионатында күміс жүлде иеленді

Азамат Мұқанов
Бразилия елінде дзюдо бойынша өткен әлем чемпионатында 66 келі салмақ дәрежесі бойынша қатысқан қазақстандық Азамат Мұқанов екінші жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Sports.kz.

Алғашқы раундта ол ресейлік Алим Гадановтан, сингапурлік Жоэл Ценг, британдық Колин Оатес пен жапондық Масааки Фукуокудан басым түсті. Жартылай финалда украиналық Георгий Зантарайды тізе бүктірді. Ал финал кезінде жапондық Масаси Эбинума жерлесімізге есесін жібермеді.

Бұл медаль Қазақстан үшін әлем чемпионатында 60 кг дейінгі салмақ дәрежесі бойынша қол жеткізген алғашқы жүлде болып отыр.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Арман Асқаров
0
0
325

«Астана» шабандозы Винченцо Нибали «Вуэльтаның» жалпы есебінде көшбасшылығын қайтарып алды

«Астана» шабандозы Винченцо Нибали

«Катюшадан» испандық Даниэль Морено «Вуэльтаның» төртінші кезеңінде жеңімпаз болды, деп хабарлады Sports.kz.

Екінші орында Швейцария өкілі «RadioShack»- дан Фабиан Канчеллера,  үшінші орынды — «Orica-GreenEdge» өкілі австралиялық Михаэль Мэттьюс иеленді.

Жалпы есепте үздік үштікте «Астанадан» итальяндық Винченцо Нибали, американдық «RadioShack Leopard» өкілі Кристофер Хорнер және ирландық Николас Роч («Saxo-Tinkoff»).

«Вуэльта», 4-ші кезең

Лейн — Фистерра, 189 км

1. Даниэль Морено (Испания, «Катюша») — 4:37:47

2. Фабиан Канчеллара (Швейцария, «RadioShack»)

3. Михаэль Мэттьюс (Австралия, «Orica-GreenEdge»)

Жалпы есеп

1. Винценцо Нибали (Италия, «Астана») — 14:15:30

2. Кристофер Хорнер (США, «RadioShack Leopard») — +0:03

3. Николас Роч (Ирландия, «Saxo-Tinkoff») — +0:08.

 

АСТАНА.  ҚазАқпарат

0
0
328

Футболдан 2014 жылғы әлем чемпионатының іріктеу сынында ойнайтын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды

Футболдан Қазақстан құрамасы 2014 жылғы әлем чемпионатының іріктеу сынындағы екі ойынға дайындықты бастады. Беранек Швеция (10 қыркүйек Астана) мен Фарер құрамаларына (6 қыркүйек) қарсы ойнайтын футболшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды alaman.kz. Қақпашылар: Андрей Сидельников («Ақтөбе»), Александр Мокин («Шахтер»), Антон Цирин («Жетісу»), Самат Отарбаев («Ордабасы», Шымкент); Қорғаушылар: Қайрат Нұрдаулетов («Астана»), Андрей Порываев («Шахтер»), Юрий Логвиненко («Ақтөбе»), Алексей Мулдаров («Ақтөбе»), Виктор Дмитренко («Астана»), Марк Гурман («Қайрат», Алматы), Александр Кислицын («Қайрат», Алматы), Константин Энгель («Энерги», Коттбус, Германия); Жартылай қорғаушылар: Нұрбол Жұмасқалиев («Тобыл», Қостанай), Максат Байжанов («Шахтер»), Марат Хайруллин («Ақтөбе»), Валерий Коробки…

0
0
211

Шайбалы хоккей: «Барыстың» хоккейшілері «Тракторды» жеңді

Бүгін Ресейдің Магнитогорск қаласында өтіп жатқан шайбалы хоккейден Иван Ромазан атындағы мемориалдың 22-ші турнирі аясында Астананың «Барыс» командасы «Тракторды» (Челябі) жеңді.

Ойынның қорытынды есебі — 3:2. Бұл жолы Евгений Блохин дубль жасап, екі бірдей шайбаның авторы атанса, Найджел Доус қарсыластардың қақпашысын бір рет қапы қалдырды. «Трактор» болса, екі шайбаны қайтара білді.

Айта кетейік, кеше «Барыс» жергілікті «Металлург» командасынан 0:4 есебімен ұтылған болатын. Енді, «Трактордан» кейін астаналық клуб «Юграмен» кездеседі. Ол ойын ертең, тамыздың 28-і күні өтеді. «Барыс» әлі де екінші орынға таласа алады.

АСТАНА.  ҚазАқпарат - Автор: Арман Асқаров
0
0
1011