Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Қазақстандық волейболшылар Азия чемпионатында үздік ондықты түйіндеді

Дубай қаласында 28 қыркүйек пен 6 қазан аралығында волейболдан ерлер арасында XVII Азия чемпионаты өтті. Бұл бәсекеде 21 елдің арасынан Геннадий Паршин жаттықтыратын Қазақстан құрамасы 10-орын алды. 2011 жылы өз елінде өткен соңғы Азия чемпионатында жеңімпаз атанған ирандықтар бұл жолы да өз атағын сақтап қалды. Олар ақтық сында бұл дүбірлі додада бұған дейін 1989, 1993, 2001, 2003 жылдары жеңімпаз атанған Оңтүстік Корея спортшыларын 3:0 (25:19, 25:22, 25:19) есебімен ұтты. Жалпы Азия чемпионатында бұған дейін Жапония 7 рет, Оңтүстік Корея 4 рет, Қытай 3 рет, Австралия 1 рет чемпион мәртебесін иеленген болатын. Бұл байрақты бәсекеде 1993 жылдан бері өнер көрсетіп келе жатқан Қазақстан құрамасы Тайландтың Накхонратчасим қаласындағы алғашқы жарыста 16 елдің арасынан 2-орын алып, ақтық сында…

0
0
645

Қазан айында болатын ірі спорттық жарыстар

«ҚазАқпарат» аlaman.kz сайтында жарияланған қазан айында болатын ірі спорттық жарыстардың күнтізбесін назарларыңызға ұсынады.

3-9 қазан. Алматы. Стенд атудан Азия чемпионаты.

6-9 қазан. Ташкент. Дзюдо. Гран-При.

9-13 қазан. Цюрих. Волейболдан клубтық әлем чемпионаты. Әйелдер.

14-26 қазан. Бокстан әлем чемпионаты. Алматы.

18-26 қазан. Санкт-Петербор. Әлемдік комбат ойындары (жекпе-жек ойындары)

20-27 қазан. Польша. Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты.

23-27 қазан. Словения. Дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты.

   

АСТАНА.  ҚазАқпарат

0
0
478

Қызылордалық боксшылар «Төрт Астана турнирінде» бас жүлдені жеңіп алды

Қызылорда қаласында бокстан «Төрт Астана турнирі» болып өтті. Оған тарихтың әр кезеңінде Қазақстанның бас қаласы атанған Орынбор, Қызылорда, Алматы және Астана қалаларының құрама командалары қатысты. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады. Турнирдің бірінші күні Қызылорда командасы Орынбор қаласының құрамасын 7:1 есебімен ұтты. Ал Алматы боксшылары астаналықтардан басым түсті. Сондықтан екінші күні финалда Сыр өңірі мен Жетісу өлкесінің былғары қолғап шеберлері бірінші орынның тағдырын шешті. Онда қызылордалықтар 6:4 есебімен жеңіске жетіп, турнирдің жеңімпазы атанды. Ал үшінші орын үшін таласқа түскен Орынбор мен Астана спортшыларының бәсекесі тең аяқталды. Турнирдің қорытындысында орынборлық Габил Махметов «Үздік техникасы үшін», астана…

0
0
551

«Шахтер» топтық кезеңде «Маккабимен» 2:2 есебімен тең түсті

Қарағандылық «Шахтер» Еуропа Лигасының топтық кезеңінде израильдық «Маккабимен» 2:2 есебімен тең түсті. Ойынның алғашқы минутынан-ақ «Шахтер» Боян Шарановтың қақпасына шабуылды үдетті. Бірақ израильдықтар да қарап қалмады. Дегенмен әлдымен Андрей Финонченко, содан кейін Евгений Тарасов қонақтар қақпасына доп соғып, алғашқы таймды 2:0 есебімен аяқтады. Ойынның екінші жартысында қонақтар құрамын екі адамға жаңартып, белсендірек қимылдай бастады. Осындай шабуылдардың бірінде Хэн Эзра доп айырмашылығын қысқартып үлгірді. Ойының соңына қарай Алон Турджеманның соққан добы есепті теңестіріп кетті. «Шахтер» футболшылары сөйтіп, жеңісті қолдан шығарып алды. Есеп 2.2 есебімен тең аяқталды. Енді қарағандылықтар Астанада 24 қазанда «Аз Алкмаармен» кездеседі. «Шахтер» (Қарағанды, Қазақстан) — «Маккаби…

0
0
263

Астаналық марафоншылар Абылай ханның 300 жылдық мерейтойына орай 280 шақырым жол жүгіріп өтпек

Бүгін елордадан Абылай ханның 300 жылдық мерейтойына орай «Қазақ елі» монументінің алдынан «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің 15 марафоншысы Көкшетау қаласына дейінгі 280 шақырымдық жолға аттанды. Олардың жастары 25 пен 45 аралығында. Марафоншылар 280 шақырымдық жолды артқа тастап, 5 қазан күні Көкшетаудағы Абылай хан алаңына жететін болады. Дәл осы күні облыс орталығында Қазақтың ұлы ханына арналған салтанатты шаралар өткізіледі. «Жаппай жүгіру эстафета принципі бойынша, яғни әрбір 5 шақырым сайын бір-бірін алмастыру арқылы жүргізіледі. Сонымен қатар марафоншылар өздерімен бірге Қазақстанның туын алып жүріп, оны Көкшетаудың орталық алаңына жеткізетін болады. Біздермен бірге арнайы автобус пен жол полициясының экипажы еріп отырады. Марафоншылар Бурабайға апаратын жаңа тас жолдың б…

0
0
403

СҚО-да Абылай ханның 300 жылдығына байланысты ат спортынан жарыс өтті

Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданының орталығы Бескөл ауылында Абылай ханның 300 жылдығына орай ат спортынан жарыстар өтті. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, жарысқа Солтүстік Қазақстан облысынан, Астана мен Ақмола облысының Макинск қаласынан елуге жуық сәйгүлік қатысты. Қызықты әрі тартысты өткен 1600 және 2400 метр қашықтықтағы бәйгеде Макинск қаласынан шабандоз Николай Бабич пен СҚО Қызылжар ауданының «Зенченко и К» КС жұмысшысы Әбдуәли Нұрметовтің Пит фейл және Преферанс желісті аттары жеңімпаз атанды. 5 шақырымдық құнан бәйгеде Астана қаласынан келген шабандоз Берік Айтбаев Лама тұлпарымен бірінші болып келді. Ал жеті шақырымдық жорға жарысында Чарли сәйгүлігімен СҚО Есіл ауданының шабандозы Вячеслав Таровников мәреге бірін…

0
0
342

Қазақстандық волейболшы жігіттер Азия чемпионатының плей-офф кезеңін сәтсіз бастады

Біріккен араб әмірлігі елінің Дубай қаласында волейболдан ерлер арасындағы ХVII Азия чемпионатының плей-офф ойындары өтіп жатыр.

Кеше оңтүстік кореялықтарға 0:3 есебімен жеңілген қазақстандықтар бүгін енді ирактықтармен күш сынасады. Топтық сында «Е» тобының үздігі атанған кореялықтар Азия чемпионатында бұған дейін 4 дүркін жеңімпаз атанған болатын. Геннадий Паршин жаттықтыратын ел құрамасын 1/8 финалға шығу мүмкіндігінен айырған олар топтық сында ирактықтарды 3:0 есебімен ұтқан болатын. Енді қазақстандықтар 6 қазанға дейін созылатын бұл додада 9-16 орындарға ғана таласатын болды.

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Автор: Ерлік Ержанұлы
0
0
377

UCI сарапшысы: Алматы халықаралық велотур өткізуге дайын

«Алматы туры» трассасы қатысушылар үшін мінсіз және қауіпсіз. Бұл туралы Алматыдағы бұл жарысты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі UCI кеңесшісі Джек Ватсон жариялады. Оның айтуынша, мұндай сыныптағы халықаралық жарысты өткізуге дайындыққа әдетте 8 айдай уақыт керек. Ал «Алматы туры» барынша қысқа мерзімде ұйымдастырылып отыр. Қала оны өткізуге толық дайын. 6 қазанда болатын 1 және 2-сыныпты бұл веложарыс Алматыда тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Оған АҚШ, Австралия, Италия, Латвия, Украина, Нидерланды, Франция, Ирландия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Ресей сияқты 17 елінен 20 команда қатыспақ. Олардың арасында кәсіпқой, құрлықтық және ұлттық командалар бар. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол «Eurosport» халықаралық спор телеарнасынан трансляциаланып, жарысты әлемнің түкпір-тү…

0
0
353

Волейболдан Қазақстан кубогының алғашқы раунды басталды

Бүгін Өскеменде ерлер, ал Теміртауда әйелдер арасында ХХІ Қазақстан кубогының алғашқы раунды басталды. Оған ерлер арасында да Ұлттық лигадан — 4, Жоғары лиганың «А» дивизионынан — 4, «Б» дивизионынан — 2, әйелдер арасында додада Ұлттық лигадан — 2, Жоғары лиганың «А» дивизионынан — 2 ,«Б» дивизионынан 6 команда қатысуда. Ал өткен ел чемпионатында үздік төрттікке кіргендер жарыстың келесі кезеңінен бастап қатысады. Бұған дейін ел кубогын ерлер арасында алматылықтар — 8, атыраулықтар — 3, теміртаулықтар, оралдықтар, семейліктер — 2, талдықорғандықтар, қызылжарлықтар, павлодарлықтар бір-бір мәрте қол жеткізді. Атап айтқанда, алматылықтардан 1993 жылы «Азамат», 1997 жыл «РКС-2», 2003-2005 жылдары «Рахат-ЦСКА», 2007, 2008, 2011 жылдары «Алматы», талдықорғандықтардан 1994 жылы «Жетысу», қызылжа…

0
0
389

«Барыс» командасы тұңғыш рет КХЛ чемпионаты кестесінің басына шықты

Барыс» командасы

Мәскеулік «Спартакты» тізе бүктірген «Барыс» командасы КХЛ чемпионаты кестесінің бірінші сатысына көтерілді, деп хабарлады Sports.kz.

Астаналық команда қоржынында питерлік СКА сияқты 27 ұпай бар, бірақ басқа көрсеткіштер бойынша қазақстандықтардың жағдайы біршама тәуір, әрі бір ойыны кем ойналған.

8 қазан күні «Барыс» чеховтық «Витязь» командасын қабылдайды.

0
0
332