Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Кличко Поветкинмен болатын кездесуде 17 млн доллар сыйақы алатын болды

Кәсіпқой бокстан аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы украиндық Владимир Кличко ресейлік Александр Поветкинмен болатын кездесудің қалай аяқталғанына қарамастан 17 миллион доллар қаржыны қанжығасына байлайтын болды. Ал оның қарсыласы чемпиондық белбеуге үміткер Поветкин де құр алақан қалмақ емес. Ол рингтен шыға салысымен қалтасын 5 миллион долларға қалыңдатпақ. Владимир Кличко да осы аптада өтетін кездесуге тағайындалған сыйақы сомасына таңданысын жасырмапты. Алайда оның айтуынша, ол рингке ақша үшін емес, бастысы чемпиондық атағын сенімді түрде қорғап шығу үшін көтерілмек. Естеріңізге сала кетсек, аса ауыр салмақтағы WBA, WBO, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Владимир Кличко (60-3-0, 52 нокаут) мен WBA ұйымының тұрақты чемпионы Александр Поветкин (26-0-0, 18 нокаут) арасындағы…

0
0
249

Остапенко негізгі құрамға ілікпеді

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мирослав Беранек 2014 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясындағы Фарер аралдары мен Ирландияға қарсы ойнайтын футболшылардың тізімін жариялады. Мирослав Беранектің бұл жолғы жасақтаған тізімінің негізгі құрамына «Астана» командасының шабуылшысы Сергей Остапенко енбеген. Ал есесіне оның командаласы Елдос Ахметов негізгі құрамда алаңға шықпақ. Сонымен қатар Германияда доп теуіп жүрген Энгель мен Шмитдгаль да негізгі құрамда өнер көрсетеді деп күтілуде. Қазақстан ұлттық құрамасының құрамы: Қақпашылар: Андрей Сидельников («Ақтөбе»), Александр Мокин («Шахтер»), Самат Отарбаев («Ордабасы» Шымкент);Қорғаушылар: Қайрат Нұрдаулетов («Астана»), Юрий Логвиненко («Ақтөбе»), Алексей Мулдаров («Ақтөбе»), Елдос Ахметов («Астана»), Виктор Дмитренко…

0
0
395

Алматыда стенд атудан бұқаралық ақпарат құралдары арасында «Қорамсақ» турнирі өтеді

Алматыда стенд атудан бұқаралық ақпарат құралдары арасында 5қазан күні «Қорамсақ» турнирі өтеді. Оны «Қорамсақ» Қазақстан қару-жарақ қауымдастығы ұйымдастырып отыр. Ол ату спортын насихаттау және азаматтық қаруға деген қызығушылықты көтеру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Олимпиада ойындарының бағдарламасына 1900 жылы кірген стенд атудан алғашқы Әлем чемпионаты 1935 жылы өткен болатын. Қазақстанда кенже дамыған спорт түрі болып саналатын стенд атудан Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарына қатысқанымен әлі күнге дейін жеңімпаз атанған ешкім болған жоқ. Жалпы ату спортының бұл түрінде арнайы алаңдарда лақтыратын құрылғылар мен лақтырылатын нысана-тарелкелер тегіс ұңғылы мылтықтан атылады. Қазақстанда ол ату спортының түрі ретінде 1934 жылдан бастап тарала бастады. Қазақстанда кеңестік дәуір…

0
0
564

Қызылордалық мәнерлеп сырғанаушы Гран-При жарысынан күміс жүлдемен оралды

Қызылордалық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева жасөспірімдер арасында өткен Гран-При жарысынан күміс медальмен оралды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады. Беларусь астанасы Минск қаласында 20 елдің спортшыларының қатысуымен мәнерлеп сырғанаудан өткен жарыста жерлесіміз қоссайыс қорытындысында екінші орынға табан тіреді. 13 жасар Элизабет мұндай дүбірлі додаға бірінші рет қатысып отыр. Қысқа бағдарламадан кейін бірінші орында тұрған Элизабет еркін бағдарламада америкалық спортшыға жол беріп алды. Жарыс қорытындысы бойынша I орын Полина Эдмундске бұйырса (АҚШ), III орын Рика Хонгоның (Жапония) қанжығасында кетті. Енді Элизабет Болгарияда болатын жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысады. Элизабет Тұрсынбаева — 2012 жылғы Қазақстан чемпионы, жасөспірімдер Мәске…

0
0
283

Қазақстанның волейболдан әйелдер құрамасы әлем чемпионатына жолдама алды


2014 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде волейболшы қыздарымыз төрт кездесудің үшеуінде жеңіп, тек Қытай құрамасына есе жіберді, деп хабарлады Sports.kz.

Қазақстандықтарды жолдамадан қағуы мүмкін жалғыз команда Оңтүстік Корея құрамасы Қытай спортшыларына қарсы тұра алмай 0:3 (18:25, 18:25, 17:25) есебімен тізе бүкті.

Әлем чемпионатының 2014 жылы Италияда өтетіндігін естеріңізге саламыз.

   

АСТАНА.  ҚазАқпарат

0
0
435

Шымкентте өткен ел чемпионатында батысқазақстандық жеңіл атлеттер үш медальді иеленді

Шымкент қаласында 1998-1999 жылғы жасөспірімдер арасында жеңіл атлетикадан ел біріншілігінде батысқазақстандықтар үш медальді иеленді.

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, чемпионатқа еліміздегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің тәрбиеленушілерінен құралған барлығы 31 команда қатысты. Батыс Қазақстаннан 9 спортшы барып, соның үшеуі жүлдеге ілікті. Атап айтқанда, 3 мың метрге спорттық жүрістен Яна Чупракова алтыннан алқа тақса, Александра Павлышина қола жүлдені иеленді. Ал Марина Солодовникова найза лақтырудан екінші орынға көтерілді.

БҚО құрамасы жалпыкомандалық есепте 11-орыннан көрінді.

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Автор: Елжан Ералы
0
0
261

Кенжесариев ауруханадан шықты

Футболдан «Ақтөбе» командасының ойыншысы Эмиль Кенжесариев ауруханадан шықты., деп хабарлайды alaman.kz сайтынан. Эмиль бір айдан кейін Германияға барып, кезекті операциясын жасатады. Оған дейін туысқандарымен Алматыда болады. Естеріңізге сала кетейік, тамыз айында Алматыда Эмильді соққыға жыққан болатын. Кейін осы іске қатысты күдікті де ұсталған еді. Алматы қалалық ішкі істер басқармасы футболшы Эмиль Кенжесариевті соққыға жыққан күдіктінің ұсталғанын, бірақ ол өз кінәсін мойындамай отырғанын мәлімдеген. Күдіктінің айтуынша, Кенжесариев сол күні Алматыдағы караоке барлардың бірінде болып, кейін кетерде ақшасын төлеуден бас тартқан. Және бардың күзетшісімен (күдікті де осы жігіт) байланысып қалған. Кейін күзетші (күдікті) оны бардан итеріп шығарып жіберген. Кейін Эмиль такси ұстап кетіп…

0
0
295

Әділ Бөрлібаев Азия теннис федерациясының вице-президенті болып тағайындалды

Әділ Бөрлібаев

28-30 тамыз күндері Теһранда Азия теннис федерациясының есеп беру, сайлау конференциясы өтті, деп хабарлады ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметінен.

Алқалы жиынның күн тәртібіне АТФ Директорлар кеңесінің жаңа мүшелерін сайлау мәселесі қойылып, Қазақстан тарабынан аталған кеңес мүшелігіне ҚР Теннис федерациясының вице-президенті Әділ Бөрлібаев кезекті мәрте кіріп отыр. Сонымен қатар ол Азия теннис федерациясының даму және жасөпірімдер теннисі жөніндегі вице-президенті болып тағайындалды.

Айта кетерлігі, аталған лауазымға Қазақстан өкілі алғаш рет тағайындалып отыр.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Марлан Жиембай
0
0
341

Қазақстандық волейболшы жігіттер Азия чемпионатының 1/8 финалына шықты

Біріккен Араб Әмірлігі елінің Дубай қаласында волейболдан ерлер арасында ХVII Азия чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін топтық сындағы ақырғы ойында Кувейт құрамасын 3:0 (25:23 25:15 25:17) есебімен ұтқан қазақстандықтар «С» тобында 2-орын алып, 1/8 финалға шықты. Сенбі күні олар 2011 жылы өз елінде өткен соңғы Азия чемпионатының жеңімпазы атанған ирандықтарға 0:3 есебмен жеңілген болатын. Дәл осындай есеппен кеше кувейттіктерді қапы қалдырған ирандықтар мүмкін болған 6 ұпаймен топ жеңімпазы атанды. Енді 1-2 қазан күндері өтетін 1/8 финалық сында қазақстандықтар «F» тобында жоғары нәтиже көрсеткен Оңтүстік Корея мен Ирак волейболшыларымен күш сынасады. Жалпы Азия чемпионатында оңтүстіккореялықтар 1989, 1993, 2001, 2003 жылдары 4 рет жеңімпаз атанған болатын. Қазақстандықтар олармен 1993 жылы ақты…

0
0
436

Қазақстандық спортшылар Бельгияда өтетін спорттық гимнастика бойынша әлем чимпионатына қатысады


Белгиялық Антверпен қаласында спорттық гимнастика бойынша әлем чимпионаты басталды, оған қазақстандық спортшылар да қатысуда.

Бір апта ішінде 71 елден келген спортшылар 12 медаль жиынтығын сарапқа салмақшы. 30 қыркүйек пен 2 қазан аралығында біліктілік жаттығулары өтеді. Ерлер көпсайыс финалына 3 қазан күні қатысады, ал әйелдер спорттың осы түрі бойынша келесі күні бағын сынамақшы. Ал қалған 4, 5 және 6 қазан күндері спорттың жеке түрлері бойынша ақтық сындар өтеді.

Қазақстанның әйелдер құрамасында Жанерке Дүйсек, Инна Васильева, Анна Гейдт өнер көрсетеді. Ерлер құрамасында Степан Горбачев, Максим Петришко, Станислав Валиев, Виктор Кочерин, Әзізбек Құдратуллаев бар.

   

БРЮССЕЛЬ-АНТВЕРПЕН. ҚазАқпарат

0
0
352