ҚХЛ: буллит сериясында «Барыстың» жолы болды
Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы өз алаңында «Витязь» командасынан буллит бойынша басым түсті. Ойынның бірінші кезеңінде есеп ашылған жоқ. Ал екінші кезеңде «Барыс» қарсыластың ережені бұзып, бір хоккейшіге кем ойнағанын шебер пайдаланып, есепті ашты. Кезең соңында төрешілер «Витязь» хоккейшілерінің кейбір дөрекі әрекеттеріне қарамастан, астаналық клубтың екі бірдей ойыншысына айып уақытын белгілеп, екі минутқа мұз айдынынан аластатты. Осы кезде «Барыстың» хоккейшілері 3/5 форматында ойнап, қорғанысқа көшті. Қақпашы Ари Ахонен де қарсыластардың адуынды шабуылдарын шебер қайтара білді. Алайда бесінші ойыншының шығуына санаулы секундттар қалған кезде, Подольск қаласының командасы таразы басын теңестіріп кетті. Есеп — 1:1. Үшінші кезеңнің алтыншы минутында қарсыластар бір шайбамен алға…



