Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

«Восток» стадионы халықаралық стандарттарға сай қайта жаңартылды

ШҚ облысы орталығында 1956 жылы салынған 8,5 мың адамға шақталған «Восток» стадионының халықаралық стандарттарға сай жаңартылуы футболсүйер қауым үшін жағымды жаңалық болды, деп хабарлайды Altaynews.kz. «Үлкен жұмыс атқарылды. Франциядан әкелінген соңғы үлгідегі жасанды төсеніштің астына суды сіңіріп отыратын қиыршық тастар мен құм-топырақ төктік, 15 құдық жасадық. Су ағатын құбырларды тарттық, 700 метрдей науа (лоток) жүргіздік. Алаңның шетіне жеңіл атлеттерге арналған жүгіру жолын асфальттан жасадық. Енді оның бетіне арнайы резеңкеге ұқсас материал төсейміз», — деп түсіндірген «Имсталькон» ЖШС-нің директоры Михаил Лабуков негізгі алаңның жанындағы қосымша жаттығу алаңын да жарықтандырып беретінін айтты. Қайта жөндеуге қалалық бюджеттен барлығы 290 млн. теңге көлемінде қаржы бөлінген. Құ…

0
0
391

Джидич Қазақстан азаматтығын алмақ

«Шахтер» командасының ойыншысы Алдан Джидич

Қарағандылық «Шахтер» командасының ойыншысы Алдан Джидич келер жылы Қазақстан азаматтығын алуы мүмкін. Бұл туралы ол Sports.kz порталына берген сұхбатында мәлімдеді.

«Мен Қазақстанда футбол ойнап жүргеніме төрт жылдан асты. Алты ай бұрын Қазақстан азаматтығын алуға өтініш білдірдім. Мемлекеттік органдар келер жылы қаңтар не ақпан айында азаматтық алатынымды айтты. Қарағанды да тұрып, кейін осы қалада футбол мектебін ашқым келеді» деді ол.

Джидич 1983 жылы Боснияда тұрған. 2008 жылы Босния құрамасында алғашқы ойынын өткізген. Кейін үш рет ұлттық құрама жейдесін киді. Бұл туралы alaman.kz хабарлады.

0
0
229

«Ақтөбе» — чемпион.

Футболдан Қазақстан чемпионаты аяқталды. Биылғы маусымның үздігі — «Ақтөбе», деп хабарлайды «Аламан». «Ақтөбе» өз алаңында «Ордабасыны» қабылдаған. Алаң иелері осы матчта тең түссе, чемпиондықты рәсімдеуге мүмкіндігі бар еді. Никитенко шәкірттері алға қойған мақсатты орындады. Ойынның 31 минутында шымкенттіктер сапынан Роман Пахолюк есеп ашқан. Матч аяқталуына төрт минут қалғанда 88 минутта Юрий Логвиненко есепті теңестірді. Араға бір минут салып, «Ордабасы» сапынан Евгений Левин гол салып, өз командасын қайта алға шығарды. Ал төреші қосқан уақытта Абат Әлімбетов есепті қайта теңестірді. Осылайша, «Ақтөбе» қажетті бір ұпайын алып, жеңімпаз атанды. Қарағандыда «Шахтер» мен «Астана» кездесті. «Астана» жеңіске жетіп, «Ордабасының» жеңуін тілеген. 13-минутта алаң иелері сапынан Вадим Боровски…

0
0
267

Геннадий Головкин чемпиондық атағын қорғап қалды

WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий (GGG) Головкин американдық Кертис Стивенсті кездесудің 8 раундында техникалық нокаутқа жіберіп, өз атағын кезекті рет сәтті қорғап шықты, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Кездесу басталысымен қос боксшы да шабуылға лап қойды. Алайда Головкин ашық айқасқа шыққысы келіп, қарсыласына бірнеше соққылардың сериясын жаудырғанымен, Стивенстің қорғанысы сыр білдірмеді. Тек екінші раундта ғана Генаның сол қолымен жасаған соққысы қарсыласына дөп тиіп, нәтижесінде Стивенс ринг төріне бір аунап түсті. Тұра салысымен тағы да Генаның шабуылына тап болған Стивенсті тек гонг дауысы ғана құтқарып қалды. Раунд арасындағы демалыста біраз тынығып алған американдық алдағы бірнеше раундта қорғана жүріп, шабуылдау тактикасына мықтап көшті. Ал Головкин…

0
0
407

Денис Тен Cup of China қорытынды кестесінде төртінші орын алды

Денис Тен

Қытай астанасы Бейжіңде мәнерлеп сырғанаудан Гран-придің үшінші кезеңі — Cup of China аяқталды, деп хабарлайды Sports.kz.

Қытайлық Янь Хан (245,62 балл) кезең жеңімпазы атанса, ресейлік Максим Ковтун (238,65) екінші , жапондық Такахико Козука (226,92) үшінші орын алды.

Қазақстандық Денис Тен 224,80 нәтижесімен төртінші сатыға тұрақтады.

Мәнерлеп сырғанау. Гран-при. Үшінші кезең. Cup of China. Бейжің (Қытай)
Ерлер. Қорытынды кесте.

1. Янь Хан (Қытай) - 245,62
2. Максим Ковтун (Ресей) - 238,65
3. Такахико Козука (Жапония) - 226,92

4. Денис Тен (Қазақстан) - 224,80.

0
0
298

«Барыстың» хоккейшілері В.Крикуновты отставкаға «жіберді»

«Барыстың» кешегі қарсыласы «Нефтехимик» хоккей клубының бас бапкері Владимир Крикуновты отставкаға жіберді. Бүгіннен бастап Нижнекамск қаласының хоккей клубы мен тәжірибелі бапкер арасындағы келісімшарттың күші жойылды. Күні кеше ғана В.Крикунов бастап келген команда «Барыстан» 5:1 есебімен ұтылған болатын. Бұған дейін олар сегіз мәрте қатарынан жеңіліп, «Юграны» бір ұтқаннан кейін «Автомобилистен» тағы да жеңілді. Ал Астана қаласының «Барыс» хоккей клубымен өткізген ойыннан кейін В.Крикуновты отставкаға жіберді. «Нефтехимик» хоккей клубының бас директоры Рафик Якубов бас бапкердің отставкасын команданың сәтсіз ойын көрсетуімен байланысты деп отыр. Қазір бас бапкердің міндетін атқарушы қызметіне Дмитрий Балмин тағайындалды. Айта кеткен жөн, «Нефтехимик» командасына дейін В.Крикунов «Бары…

0
0
365

Қазақстан бокс федерациясының президенті Әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Астанада АИБА вице-президенті, Қазақстан бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаев бокстан Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының спортшылары және жаттықтырушыларымен кездесті. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметінен хабарланды. Т. Құлыбаев ұлттық құрама мүшелерін әлем чемпионатында қол жеткізген тамаша нәтижемен құттықтады. 4 алтын, 2 күміс, 2 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте бірінші орын алған қазақстандық боксшылар алғаш рет рет мұндай жетістікке қол жеткізіп отырғанын атап өткен Қазақстан бокс федерациясының президенті әлем біріншілігінің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушылар құрамы мен кешенді ғылыми топ мүшелеріне сыйлықтар табыс етті. Федерация басшысы әлем чемпионатына дайындыққа және оны өткізуге үлес қосқандардың барлығына ризашылығын б…

0
0
332

Хоккей: «Барыстың» бүгінгі қарсыласы — «Салават Юлаев»

Бүгін Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы өз алаңында «Салават Юлаев» (Башқұртстан, Уфа) командасын қабылдайды.

Статистикаға сәйкес, осы уақытқа дейін екі команда 16 рет күш сынасқан болатын. Соның 10 кездесуінде «Салават Юлаевтың» жолы болса, «Барыс» өз қарсыласын 6 мәрте жеңді. Дегенмен, биылғы чемпионатта астаналық клубтың көрсеткіші жоғары болып тұр. Құрлықтық хоккей лигасының жалпы турнирлік кестесінде «Барыс» 49 ұпаймен 4-ші орында келеді. Ал «Салават Юлаевтың» еншісінде 43 ұпай бар. Команда 6-шы орынға орналасты.

Айта кетейік, бүгінгі ойын кешкі сағат 19:00-де басталады. Оны «KAZsport» телеарнасы тікелей эфир арқылы көрсетеді.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Арман Асқаров
0
0
274

Роналду ФИФА-ның марапаттарынан бас тартуы мүмкін

«Реал» футбол клубының жартылай қорғаушысы Криштиану Роналду алдағы уақытта болатын ФИФА ұйымдастыратын әр түрлі марапаттаулар мен салтанатты кештерге қатысудан бас тартуы мүмкін. Ойыннан от шығады демекші, ФИФА президенті Йозеф Блаттер мен Роналду арасындағы кикілжіңдердің арты осындай болды. Роналду мен Мессиді бұған дейін де талай адамдар салыстырған, бірақ Блаттер мырзаның ащы сөзі мен мазағы Роналдуның шамына тиіп кетсе керек. Онымен қоймай ФИФА басшысы әжуалы сөзін қимылмен әрлей түскен көрінеді. Мадрид командасы Блаттерден бұл пантомимосының мәнін түсіндіруді талап етті. Ал Роналду өзінің фейсбугтегі парақшасында бұл мәлімдемеге жауап ретінде ФИФА-ның қартайып қалған басшысына денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі. Блаттер кешірім сұрағанымен, Роналду алда келе жатқан «Алтын доптың» мара…

0
0
360

Фергюсонның кітабы сатылым жағынан рекорд орнатты

Ағылшынның атақты «Манчестер Юнайтед» клубының жаттықтырушысы сэр Алекс Фергюсонның автобиографиясы Ұлыбританияда сатылымы жағынан рекорд орнатты, деп жазады Daily Mirror. Алғашқы аптаның өзінде кітаптың 115547 данасы сатылып кеткен. Ал бұл өз кезегінде рекордтық көрсеткіш. Осы бір аралықта жалпы есепте алғанда Ұлыбританияда кітап сатудан түскен қаржы 30.7 млн фунт стерлингті құраған, оның ішінде 1.4 миллионы әйгілі шотландықтың автобиографиясына жұмсалып отыр. Естеріңізге сала отырсақ, жақында Манчестер қаласында сэр Алекс Фергюсонның құрметіне көше аты берілген болатын. «Олд Траффорд» стадионының маңына орналасқан «Уотерс Рич» көшесі енді «Алекс Фергюсон» көшесі деп аталады. Бұған дейін де «Олд Траффорд» стадионының бір бөлік мінбесінде «қызыл сойқандарды» 26 жыл жаттықтырған жаттықтыру…

0
0
523