Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

2020 жылға қарай қазақстандықтардың 30 пайызы ұдайы спортпен айналысатын болады — Е. Қожағапанов

2020 жылға қарай қазақстандықтардың 30 пайызы ұдайы спортпен айналысатын болады. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде «Дене шынықтыру және спорт туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында мәлім болды. Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапановтың айтуынша, заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық ықпалдарға соқтырмайды, керісінше, бұқаралық спортты дамытуда тың серпін ашатын болады. «Қазірдің өзінде мемлекетке қарасты спорттық ғимараттарды ұстап тұруға бюджеттік қаражаттар бөлінуде және бұл республикалық деңгейде қарастырылған. Ал жергілікті атқарушы органдар бұл шығындарды бюджеттің басқа баптарымен қарастырады», — дейді агенттік төрағасы. «Жалпы, заң аясында қабылданатын шаралар арқасында жергілікті жерлерде тиісті шаралар қамтылып, 2020 жылғ…

0
0
329

Қарағандыда Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевке арналған бокстан республикалық турнир өтеді

Қарағандыда 11-16 қараша күндері 1998-1999 жылы туған жасөспірімдер арасында ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Серік Сәпиевке арналған бокстан республикалық турнир өтеді, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен. Жарыс С. Сәпиев атындағы Бокс орталығында өтеді. Бүгін жан-жақтан келген спортшылар Қарағандыға жиналуда, ал ертең, 12 қараша күні сағат 14.30-да турнирдің салтанатты ашылуы өтеді. «Турнирге Қазақстан және Қырғызстаннан спортшылар қатысады. Жарыс 14 салмақ дәрежесі бойынша (44 келі, 46 келі, 48 келі, 50 келі, 52 келі, 54 келі, 57 келі. 60 келі, 63 келі, 66 келі, 70 келі, 75 келі, 80 келі, 80 келіден жоғары) өтеді», — делінген хабарламада. Жарыстың бас төрешісі — Жоғары ұлттық санаттағы төреші Қайрат…

0
0
251

Спорт туралы жаңа редакциядағы заң жобасы допинг жөніндегі баппен толықты

Жаңа редакциядағы «Дене шынықтыру және спорт туралы» заң жобасында допингпен күрес жөніндегі арнайы бап қосылды. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде құжаттың таныстырылымы барысында мәлім болды. Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапановтың айтуына, қарағанда бүгінде спортқа қатысы бар бүкіл әлем елдері де, спорт қауымдастығы да допинг пайдаланады. «Біздің ел де одан шет қала алмай отыр. Спортшылардың допинг пайдаланған фактілері бар. Допингпен күресте біз халықаралық келісімдерді назарға аламыз. Сондықтан да, жаңа заң жобасында допингпен күреске арналған арнайы 46-ы бап енгізіліп отыр. Бап тұтастай допингпен күрес саласындағы мәселелерге арналған», — деді агенттік төрағасы. Оның айтуынша, қазақстандық спортшыларды допингті пайдаланғаны үшін айыптау немесе…

0
0
1133

Лионель Месси 2013 жылы алаңға шықпайды

Лионель Месси

Каталониялық «Барселонаның» аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси сол аяғының жарақатына байланысты алдағы 6-8 аптаға жасыл алаңнан тыс қалды.

Бұл туралы «Барселонаның» ресми сайтына сілтеме жасап, «ИТАР-ТАСС» хабарлады. Месси Испания чемпионатының 13-турындағы «Бетиспен» болған ойында 20-минутта жарақат алған болатын.

26 жастағы футболшы үшін бұл биылдың өзінде алған төртінші жарақаты болып отыр.

Аргентиналық шабуылшы «Барселона» сапында 2004 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт ішінде ол 6 рет Испания чемпионатын, екі мәрте ел кубогын, бес рет Суперкубокты ұтып алған. Командасымен бірге Месси үш рет Чемпиондар лигасында топ жарды, УЕФА Суперкубогы мен клубтар арасындағы әлем чемпионатын екі реттен ұтты. Сонымен қатар Мессидің еншісінде төрт «Алтын доп» бар.

0
0
377

Ел чемпионаты Өскеменде өтеді

Қарашаның 15-і мен 20-сы аралығында дзюдодан ерлер және әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты Өскеменде өтеді. Қаланың жаңадан салынған заманауи спорт кешенінде өтетін ел біріншілігіне қатысу үшін Республиканың 14 облысы және екі мегополисінен барлығы 650-ге жуық дзюдошы өтініш білдірді. Ел біріншілігіне қатысатын әр команданың дзюдошылар саны 2012 жылғы Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша анықталады, деп жазады alasharena.kz. Нақты айтсақ, өткен жылы Талдықорғанда өткен ел біріншілігінде 1-6 орын алған командалар өз аймақтарындағы чемпионаттарда жүлдеге іліккен балуандарының барлығын қатыстыра алады. 7-10 орыннан көрінген командалар әр салмақта үш балуаннан қоса алады. 11-14 орынды иемденген командаларға екі балуаннан қосуға рұқсат. Ал өткен жылғы ел чемпионатында 15-16 орындарда…

0
0
283

Денис Кузин Калгариде өткен Әлем кубогі кезеңінде төртінші орынға ие болды

Қазақстандық Денис Кузин Калгариде өтіп жатқан конькимен жүгіру спортынан Әлем кубогінің бірінші кезеңінде 1000 метр қашықтықта мәреге төртінші болып келді, деп хабарлайды Vesti.kz. Американдық Шани Дэвис 1000 метрлікті 1 минут 7,46 секундта жүгіріп өтіп, жарыс жеңімпазы атанды. Екінші орынды Нидерланды спортшысы Кьелд Нейс (+0,11 секунды) иеленсе, үшінші сатыға американдық Брайан Хансен (0,18) жайғасты. Қазақстандық спортшы 1000 метр қашықтықты 1 минут 7,71 секундта жүгіріп өтті, ол жеңімпаздан 0,25 секундқа қалып қойды. Осы нәтиженің арқасында Кузин еншісіне 60 ұпай қосты. Естеріңізге сала кетейік, 24 жастағы Кузин 2013 жылы Сочиде өткен әлем біріншілігінде топ жарған болатын. Айта кетейік, «А» тобында сынға түскен тағы бір қазақстандық Екатерина Айдова 500 метр қашықтықта 15-ші нәтиже…

0
0
242

Шахтер — Қазақстан кубогының иегері


Шахтер - Қазақстан кубогының иегері

«Астана-Арена» стадионында өткен Қазақстан кубогының ақтық сынында қарағандылық «Шахтер» «Таразды» тізе бүктіріп, ел кубогының иегері атанды.

Қазақстан кубогы кеншілер үшін келер жылы еурокубоктарда өнер көрсетуге жолдама алудың соңғы мүмкіндігі еді. Биылғы жылы қарағандылықтар Еуропада толағай табыстарға қол жеткізгені баршамызға аян. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көз алдында намысқа тырысқан «Шахтер» сол мүмкіндікті мүлт жібермеді. Сондай-ақ матчты тамашалауға УЕФА басшысы Мишель Платинидің де келгенін атап өту қажет.
Матч 1:0 есебімен аяқталды. Жалғыз доптың авторы — Қазақстан құрамасының шабуылшысы Сергей Хижниченко.
Бүгінгі матчта ел кубогымен қатар кеншілер 2014/2015 жылдардағы маусымда Еуропа лигасына жолдама ұтып алды.
«Тараз» — «Шахтер» 0:1 (0:0)
Гол: Хижниченко 53 (0:1).

0
0
432

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев футболдан финалдық ойын жеңімпазын құттықтап, Қазақстан Кубогын тапсырды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Арена» стадионында футболдан 2013 жылғы Қазақстан Республикасы Кубогының финалдық ойынын тамашалады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Сондай-ақ, ойынды УЕФА президенті Мишель Платини мен Қазақстан футбол федерациясының басшысы Ә.Жақсыбеков көрді. «Тараз» командасын (Тараз қ.) 1-0 есебімен жеңген «Шахтер» клубы (Қарағанды қ.) Қазақстан Кубогының биылғы маусымдағы иегері атанды. Ойын аяқталғаннан кейін Мемлекет басшысының өзі жеңімпаздарды құттықтап, оларға Кубокты тапсырды. Қазақстан Кубогы үшін ойындар 1992 жылдан бастап өткізіліп келеді. Кубок жеңімпазы келесі маусымның бас кезінде Суперкубок үшін Қазақстан чемпионымен ойнайды, сондай-ақ 2014-2015 жылдардағы маусымда Еуропа Лигасында ойнау құқығына ие болады. АСТАНА. ҚазАқпарат…

0
0
292

«Алтын допты» алған тұңғыш мұсылман ойыншы

«Алтын допты» алған тұңғыш мұсылман ойыншы Зинедин Зидан. Зиданның жеткен жетістіктері мен алған атақ-беделдерін саралап көрелік. -Үш дүркін ФИФА ұйғарымымен Әлемнің үздік футболшысы: 1998, 2000, 2003. -«Алтын допты» алған тұңғыш мұсылман футболшы (1998 жыл). -Әлем чемпионатында жақсы ойын көрсеткені үшін шағын «Алтын доптың» игері (2006 жыл). - УЕФА басшылығының анықтауынша соңғы 50 жылдағы үздік футболшы (2004). -Франция чемпионатындағы ең жас ойыншы (1993 жыл). -Италияның А Сериясындағы италияндық емес үздік ойыншы (3 мәрте, 1997, 2000, 2001 жылдар). - Испанияның Ла Лигасында «Don Balon» тұжырымдамасын алған футболшы (1 рет, 2002 жыл). - Испанияның Ла Лигасында «El Pais» беделді сыйлығын алған ойыншы (1 мәрте, 2002 жыл). - Франция елінің жыл футбошысы (2 мәрте, 1998, 2002 жылдар). -УЕФ…

0
0
395

Головкин — әлемдегі ең үздік нокаутер


Қазақстандық Генадий Головкин

Қазақстандық Генадий Головкин The Guardian басылымы жасаған панчерлер (соққысы ең жойқын боксшы) рейтингінде бірінші орында тұр.

Головкиннің нокауттық көрсеткіші — 89,29 пайыз. Екінші орындағы мексикалық Хулио Сеханың (аса жеңіл салмақ) көрсеткіші — 88,46. Нокаутерлер рейтингісінің үшінші сатысында конголық Илунга Макабу (бірінші ауыр салмақ) — 87,50, деп хабарлайды alaman.kz.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин осы жылы төрт кездесу өткізіп, төртеуінде де қарсыласын уақытынан бұрын жеңді.

0
0
282