Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Жансая Әбдімәлік әйгілі Анатолий Карповтан айласын асырды

Жансая Әбдімәлік Анатолий Карпов

Алматыда Жансая Әбдімәлік атындағы шахмат академиясының салтанатты ашылуы болып өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Аталмыш шараға әлемдегі ең танымал шахматшылардың бірі Анатолий Карпов қатысты.

Ашылу салтанатынан кейін Карпов пен Әбдімәлік өзара төрт партия ойнады. Соның екеуінде атақты спортшының мерейі үстем болса, бір ойын тең аяқталды, тағы бір ойында Жансая азулы қарсыласынан айласын асыра алды.
Атап өтейік, Анатолий Карпов 12-ші әлем чемпионы. 1970 жылдан бері халықаралық гроссмейстер. Ол әлем чемпионаттарында 1975, 1978 және 1981 жылдары үш мәрте, ФИДЕ аясындағы әлем чемпионаттарында үш рет (1993, 1996, 1998 жылдары) жеңіске жеткен.

0
0
411

«Жұлдыздар матчы» Астанада өтуі мүмкін

Талғат Жайлауов

2016-2017 жылы Құрлықтық хоккей лигасының жұлдыздар матчын қабылдауға өтініш жасалды.

Құрлықтық хоккей лигасының «Жұлдыздар матчын» Астанада өткізуге  «Барыс» командасының мұзайдынын салған соң мүмкін болмақ. Оның құрылысы 2015 жылы аяқталуы тиіс. 10 мың жанкүйерге арналған спорт сарайының құрылысы қарқынды жүруде, деп хабарлайды kaztrk.kz.
Құрылыс аяқталған соң, «Барыс» 2015-2016 жылғы маусымды жаңа аренада өткізеді. «2016-2017 жылы «Жұлдыздар матчын» өткізуге клуб жетекшілері өтінішті жасады», — деп мәлімдеді Құрлықтық хоккей лигасының президенті Александр Медведев.

0
0
298

Юлия Галышева могулдан Әлем кубогы кезеңінде екінші орынды иеленді

Юлия Галышева

Әйелдер арасындағы могул жарысынан Әлем Кубогының үшінші кезеңі АҚШ-та өтті, деп хабарлайды Sport.kz.

Бірінші орынды американдық Ханна Кирни жеңіп алды, ал екінші орын қазақстандық Юлия Галышеваға бұйырса, үшінші орын иегері Канаданың өкілі Максим Дюфур-Лапуан атанды.

Қазақстанның тағы бір спортшысы Дарья Рыбалова 28-орынға табан тіреді.

0
0
330

«Алтын допты» марапаттау кешіне Роналду отбасымен бірге барады

Криштиану Роналду
Португалия құрамасы мен мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналду «Алтын доп» иегерін марапаттайтын салтанатты кешке отбасымен баратын болды.

Әлем асыға күткен кешке футболшы анасы, ағасы мен екі әпкесін ертіп барады. Футбол тарихындағы бұл кешке отбасымен келген алғашқы футболшы болмақ, деп жазады allsport-news.com.
Еске сала кетейік, «Алтын доптың» иегері бүгін Цюрихте белгілі болады.

0
0
321

«Бавария» 2013 жылы әлемнің үздік командасы атанды

«Бавария» 2013 жылы әлемнің үздік командасы
Халықаралық футбол тарихы мен статистика федерациясының нұсқасы бойынша немістің «Бавария» футбол клубы 2013 жылдың үздік командасы атанды.

Сонымен қатар команданың голкипері Мануэль Нойер 2013 жылдың үздік қақпашысы болып танылды.

Екінші орында лондондық «Челсиді» ысырған мадридтік «Реал» тұғырланды. Сонымен қатар алғашқы ондыққа «Атлетико»,«Барселона»,«Пари Сен-Жермен»,«Базель»,«Атлетико Минейро», «Тоттенхэм» және «Бенфика» командалары еніп отыр.

0
0
335

Нұрмахан Тінәлиев грек-рим күресінің әлемдік рейтингісінде үздік үштікке еніп отыр

Нұрмахан Тінәлиев
Нұрмахан Тінәлиев әлемдік рейтингте грек-рим күресінің 120 килограмм салмақ дәрежесі палуандары арасында үздік үштікке еніп отыр.

wrestling.kz порталының хабарлауынша, аталған рейтингтің үздік ондығына Қазақстанның әр салмақ дәрежелерінде тағы 7 спортшысы кірген.

55 килограмм салмақ дәрежесіндегі палуандардың ішінде Нұрсұлтан Қалмұрзаев Бакуде өткен Голден гран-при турнирінің ақтық сынында үздік атанып, нәтижесінде ФИЛА-ның жасаған рейтингісінде 9-орынға көтерілді. 60 кг салмақта Алмат Кебіспаев үздік бестікті түйіндеп тұр. Азия біріншілігінде қола медаль қанжығаға байлаған Ерулан Ысқақов 96 кг салмақ тартатын палуандар арасында үздік ондыққа енген.

0
0
319

Элизабет Тұрсынбаева — халықаралық турнирдің жеңімпазы!

Қаңтардың 2-сі мен 6-сы аралығында Словакияда өткен халықаралық турнирде Қазақстанның және Қызылорданың намысын қорғаған Элизабет Тұрсынбаева жеңіс туын желбіретті. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, мәнерлеп сырғанаудан «Жаңажылдық Словакия кубогы» атты халықаралық турнирден Элизабет Тұрсынбаева сенімді ақтап шықты. 10 мемлекеттен 14 спортшы қатысқан дүбірлі додада ол чемпион атанды. Элизабет — спорт шеберлігінен үміткер, мәнерлеп сырғанаудан Қазақстанның үш мәрте чемпионы, бірнеше рет халықаралық турнирлердің жеңімпазы. Осыған дейін жасөспірімдер арасында сынға түсіп келген жерлесіміз Элизабет Тұрсынбаева Братиславада алғаш рет жастар арасында додаға түсті. Соған қарамастан Элизабет әдемі ойын-өрнегін көрсетіп, жарыс жеңімпазы атанды. Ел абыройын асқақтатып, көк туымызды…

0
0
318

«Астана арландары» «Баку оттары» командасына қарсы құрамын жариялады

«Астана арландары»

«Астана арландары» командасының Әзірбайжанның «Баку оттары» боксшыларына қарсы жұдырықтасатын құрамы анықталды.

Губа қаласының «Губа Олимпик» кешенінде өтетін жекпе-жек кеші 18 қаңтарға жоспарланған. Жерлестерімізден Ілияс Сүлейменов, Самат Бәшенов, Мейірім Нұрсұлтанов, Эхсан Роузбахани және Руслан Мырсатаев өнер көрсетеді. Олардың қарсыластары да осал емес, деп жазады alasharena.kz.
Естеріңізге сала кетейік, «Баку оттары» командасына дейін «Астана арландары» 10 қаңтарда Польшада айқасады. Қарсыласымыз — жергілікті «Салт аттылар».

0
0
348

«Барыс» командасы «Торпедодан» ойсырай жеңiлдi

Астаналық «Барыс» Құрлықтық лигасының ашық бiрiншiлiгi аясында өткiзген кезектi матчта нижегородтық «Торпедо» клубынан ұтылып қалды. Нижний Новгород қаласында өткен кездесу 7:2 есебiмен мұз айдыны иелерiнiң жеңiсiмен аяқталды. Торпедалықтар аталмыш ойынның 7-минутында бiрiншi болып есеп ашты. Гол авторы — Денис Паршин. Дегенмен бiрiншi айналымның соңына дейiн Талғат Жайлауов кеткен есенi қайтарып, есептi теңестiрдi. Екiншi жиырма минуттықта айдын иелерi Виталий Еремеевтiң қақпасына 4 гол салып кеттi. Оған «Барыс» тек бiр шайбамен ғана жауап қайтарды. «Торпедо» сапынан Яркко Иммоне, Сакари Салминен, Владимир Галузин пен Войтек Вольский ерекшелендi. Ал астаналықтардан Найджел Доус гол авторы атанды. Үшiншi айналымның басында Владимир Денисов қонақтарға алтыншы шайбаны салды. Осыдан кейiн «Б…

0
0
418

Г. Головкин мен Д. Сәдуақасова 2013 жылдың үздік спортшылары

Қазақстандық Sport Review журналының оқырмандары Геннадий Головкин мен Динара Сәдуақасованы 2013 жылдың үздіктері деп таныды. Басылымның хабарлауынша, үздік спортшы атағына дауыс беру 31 желтоқсанда сағат 23:59:59 кезінде аяқталды. 2010 және 2011 жылдары ерлер аталымында сәйкесінше Александр Винокуров пен Илья Ильин жеңімпаз болды. Ал өткен жылы бұл аталымда Геннадий Головкин үздік танылып отыр. Ол жалпы дауыстардың ішінде 60,9 пайызын жинаған. Екінші және үшінші орындарды Денис Кузин мен Алексей Полторанин бөлісті. Төртінші орында Андрей Финонченко, ал бесінші болып Денис Тен тұғырланды. Ал қыздар арасында Д. Сәдуақасова 32,6 пайыз дауыс жинап, үздік атанса, 30,4 пайыз дауыспен Екатерина Ларионова екінші орында. Үшінші орынға Маргарита Мұқашева лайық деп танылды. Дауыс беру редакцияға эл…

0
0
322