Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Қазақстан 2017 жылы таэквондодан Әлем чемпионатын өткізуге үміткер

Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы төрағасы Тимур Құлыбаев Дүниежүзілік Бүкіләлемдік таэквондо федерациясының президенті Чунгвон Чомен кездесті. Конфедерация баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, кездесу барысында тараптар осы спорттың түрін Қазақстанда дамыту және елімізде әлемдік ауқымдағы таэквондо бойынша халықаралық турнирлерді өткізу мүмкіндіктерін талқылады. «Қазақстан биылғы жылы Халықаралық таэквондо федерациясы (WTF) нұсқасы бойынша Гран-при сериясының әлемдік турнирін өткізуге дайындығын білдірді. Сонымен қатар «EXPO-2017» халықаралық көрмесін өткізу кезінде еліміздің 2017 жылдың Әлем чемпионатын қабылдауға әзір екендігі айтылды», — делінген хабарламада. Дүниежүзілік Бүкіләлемдік таэквондо федерациясының президенті кездесу соңында Қазақста…

0
0
267

Допты хоккей: Е.Нұғмановтың төрт добы «Ақжайыққа» жеңіс әкелді

Допты хоккей: Е.Нұғмановтың төрт добы «Ақжайыққа» жеңіс әкелді
22 қаңтар күні допты хоккейден жоғары лига командалары арасында Ресей чемпионатында Оралдың «Ақжайығы» Воткинскінің «Знамя-Удмуртия» командасымен ойында 4:2 есебімен жеңіске жетті.

«Ақжайықтан» команда капитаны, шабуылшы Ескендір Нұғманов төрт доптың авторы атанды. Сөйтіп ол биылғы маусымда соққан доп санын 28-ге жеткізді.

Бұған дейін «Ақжайық» биылғы жыл басталғалы қатарынан төрт рет жеңіліс тапқан болатын. Соның ішінде кеше «Знамя-Удмуртия» командасына 4:8 есебімен есе жіберіп еді. Ертең аталған командалар тағы бір кездесуін өткізеді.

Қазіргі кезде 33 ұпайы бар «Ақжайық» екінші топта төртінші орында келеді.

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Автор: Елжан Ералы
0
0
986

Жанкүйерлердің Олимпиада стадиондарында ұстануы тиіс ережелер тізімі жарияланды

Сочи Олимпиадасының ресми сайтында жанкүйерлердің өздерін дұрыс ұстау ережелері жарияланды. Спорт нысандарына қару-жарақ, ішімдіктер мен тез тұтанатын заттарды әкелуге тыйым салатын дәстүрлі шектеулерден басқа, бұл Ойындарға қатыспайтын елдердің туларын да әкелуге болмайды, деп хабарлайды РБК. Сондай-ақ, арнайы күзет қызметі қолдарында сусындары мен тағамдары бар көрермендерді де трибунаға жібермейді. Сондықтан, қауіпсіздік қызметінің өкілдері келушілерді және олардың заттарын тексеріп біткенше байрақты спорт бәсекесін тамашалауға асығушылар кезекте тұрып қалулары мүмкін. Олимпиада нысандарының аумағында сауда-саттықты тек қолма-қол ақша төлеу арқылы немесе Visa картасымен ғана жүргізуге болды. Әрине, стадионға спорттық жарақтарды, оның ішінде тіпті, велосипедті де әкелуге болмайды. Спорт…

0
0
277

«Сарыарқа» хоккей клубы Ресей чемпионатында алдына жан салар емес

Қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубы
Қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубы Жоғары хоккей лигасы аясында «Кубань» командасын буллит сериясы бойынша жеңдi.

Ойынның негiзгi уақыты 1:1 есебiмен аяқталған болатын. Қарағандыда өткен матчта бiрiншi болып айдын иелерi есеп ашты. Олег Ломако бiрiншi айналымда «Сарыарқаны» алға шығарды. Екiншi жиырма минуттықта Сергей Пайора «Кубаньдi» жеңiлiстен сақтап қалды. Буллиттер сериясында Ломако қарағандылықтардың мерейiн үстем еттi.

Осы жеңiсiнiң арқасында «Сарыарқа» 77 ұпай жинап, чемпионаттың бiрiншi орнына көтерiлдi.

0
0
422

Сочи Олимпиадасына баратын қазақстандық спортшылардың тізімі анықталды

Сочиде өтетін ХХII қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасы спорттың 11 түрінен қатысып, 58 спортшымыз бақ сынайды. Олар — шаңғы жарысы, конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, фристайл, биатлон, шана спорты, тау шаңғысы, шаңғы қоссайысы, сноуборд және тұғырдан шаңғымен секіру. Шаңғы жарысынан 14 спортшы сынға түседі. Жанкүйерлер ерлер бәсекесінде Ердос Ахмадиев, Алексей Полторанин, Николай Чеботько, Марк Старостин, Евгений Величко, Сергей Черепанов, Александр Малышев және Денис Волоткадан жүлде күтеді. Ал әйелдерден Марина Матросова, Елена Коломина, Анна Шевченко, Татьяна Осипова, Виктория Ланчакова және Анна Стоян. Конькимен жүгіруден 6 спортшы қатысады. Денис Кузин, Дмитрий Бабенко, Роман Креч, Александр Жигин, Федор Мезенцев ерлер арасынан сынға түссе, әйелдерден Екатерин…

0
0
534

«Дакардың» жалпы есебінде қазақстандық экипаж тағы екі сатыға көтерілді

Чилидің Ла-Серена қаласында Эль-Сальвадордан бастау алған «Дакар-2014» ралли-марафонының 11-кезеңі мәресіне жетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Жүк көліктері санатында қашықтықты төрт сағат он минут 24 секундта жүріп өткен голландиялық «Ивеконың» шабандозы Жерар де Рой жеңіске жетті. Екінші болып «КамАЗ-Мастер» командасының жүргізушісі Андрей Каргинов келді. Оның командалық әріптесі Эдуард Николаев үшінші орыннан көрінді. Қазақстандық Артур Ардавичус, Алексей Никижев және Радим Капланеканың «Tatra» көлігі төрт сағат 57 минут көрсеткішпен 12-орыннан табылды. Бұл қазақстандық экипаждың жалпы есепте екі сатыға көтерілуіне мүмкіндік берді. Енді ол 14-ші орында. Сондай-ақ «Proto Overdrive» көлігімен сайысқа түскен Айдын Рахымбаев пен Владимир Демьяненконың экипажы 21-ші болып жетті. Ал Т2…

0
0
586

«Барыс» қатарынан екінші рет жеңіліс тапты

Барыс
Астанада «Донбасс» хоккей клубын қабылдаған «Барыс» 2:6 есебiмен жеңiлiс тапты.

Бұл — жергiлiктi хоккейшiлердiң осымен өз айдынындағы қатарынан екiншi жеңiлiсi. Бұның алдында қазақстандық команда хорватиялық «Медвешчактан» ұтылып қалған болатын.  Бүгiнгi матчқа келетiн болсақ, астаналықтардың сапынан Кэм Баркер мен Найджел Доус қарсыластар қақпасына гол салды. Дегенмен бұл украиналық «Донбассты» жеңуге мүмкiндiк бермедi. Жеңiлiс тапқанымен «Барыс» плей-офф кезеңiне әлдебұрын шығып қойғандығын да еске саламыз.

Келесi кездесу 20 қаңтар күнi Астанада минскiлiк «Динамо» клубына қарсы өтеді.

АСТАНА.  ҚазАқпарат —   Автор: Жасұлан Жолдыбаев
0
0
243

«Баку оттары» өз алаңында «Астана арландарын» сүріндірді

Астана арландары

«Астана арландары» сырт алаңда «Баку оттарымен» кездесу өткізіп, жеңіліп қалды — 1:4.

52 келіде Лондон олимпиадасына қатысушы Ілияс Сүлейменов Эльвин Мамишзададан ұтылса (1:2), 60 келіде команда капитаны Самат Башенов, Альберт Селимовке есе жіберді — 0:3.

69 келіде Мейірім Нұрсұлтанов Евгений Рамашкевичке шамасы жетпеді — 1:2

91 келіде Руслан Мырсатаев Хаджи Муртузалиевтен ұтылып қалды. Тек Эхсан Рузбахани өз қарсыласы Самир Магомедовті таза ұтты, деп хабарлайды «Аламан».

0
0
249

Шаңғыдан әлем кубогы: А. Полторанин — жүлдегер

Алексей Полторанин

Шаңғыдан Польшаның Шклярск Полемба қаласында өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде Алексей Полторанин жүлдеге ие болды.

15 шақырымдық классикалық жарыста қазақстандық шаңғышы мәре сызығын үшінші болып кесті. Тағы бір қазақстандық Евгений Волотка 41 орын алды, деп хабарлайды «Аламан».

 
  1. Максим Вылегжанин — 35.39,0.
  2. 2. Евгений Белов (екеуі де — Ресей) — 2,2.
  3. 3. Алексей Полторанин (Қазақстан) — + 2,3..
0
0
365

Қазақстандық теннисші Гозаль Айнитдинова Әбу-Дабиде өткен турнирде топ жарды

Гозаль Айнитдинова

«Team Kazakhstan» тәлімгері Гозаль Айнитдинова Әбу-Дабиде өткен жастар арасындағы халықаралық турнирде жеңіске жетті, деп хабарлады Қазақстан теннис Федерациясынан.

Ақтық сында Гозаль Ұлыбритания өкілінен — 3-6, 6-3, 6-3 есебімен басым түсті. Алғашқы кезеңде жерлесіміз түркімендік теннисші Джахана Байрамовадан 6-4, 6-3 есебімен озды. Екінші кезеңде үндістандық Рикетха Перейрамен кездесті. Кездесу — 6-1, 6-2 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына шешілді.
Ширек финалда қазақстандық теннисші ресейлік Анастасия Чикалкинаны 6-4, 6-2 есебімен артта қалдырды. Ал жартылай финалда Гозаль ресейлік Ралина Калимуллинамен қайта ойнауға тура келді. Есеп — 7-6(1), 6-4.

0
0
437