Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Теннис: Зарина Дияс рейтинг бойынша 40 сатыға жоғарылады

Зарина Дияс
Әйелдер теннисі қауымдастығының жаңартылған рейтингісінде Австралия ашық біріншілігінде сәтті өнер көрсетіп, үшінші айналымға дейін жеткен Зарина Дияс 112-орынға көтерілді.

Ол бұған дейін 152-інші сатыда тұрған болатын. Осы бағытынан таймаса, Заринаға алғашқы жүздіктің қатарына енетін күн де алыс емес.
Сондай-ақ қазақстандық теннисшілерден Галина Воскобоева 77-орыннан 71-ге, Ярослава Шведова 82-ден 79-ға, Сесиль Каратанчева 140-тан 139-ынға орынға шықты. Керісінше Юлия Путинцева 112-орыннан 122-інші сатыға түсіп қалды.
Әлемдік рейтингте бұрынғыша американдық Серена Уильямс көш бастап келе жатса, белоруссиялық Виктория Азаренко екінші орында. Үшінші сатыға Австралия ашық чемпионатының жеңімпазы На Ли жайғасты.

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Автор: Елжан Ералы
 
0
0
267

Осы тақырып бойынша

Теннис: Зарина Дияс рейтинг бойынша 40 сатыға жоғарылады - Yvision.kz