Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Шведова жұптық ойында жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Бразилиядағы «Brasil Tennis Cup» турнирінде жұптық жарыстың финалдық кезеңінде жеңіске жетті. Бұл туралы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап kazsporttv.kz хабарлады.

Ол испандық Анабель Медина-Гарригеспен бір жұпта ойнап, бірінші партияда қарсыластарынан 7:6 есебімен басым түсті.
Екінші партияда 2:6 есебімен ұтылды. Ал үшінші шешуші партияда испан-қазақ жұбы 10:3 есебімен жеңіске жетті!
Айта кетейік, турнирдің сыйақы қоры — 250 мың АҚШ доллары.

 
Басты сөздер: Спорт
0
0
383

Плющенко: Ковтун Олимпиадада Денис Тенге қарсы тұра алмас еді

Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Евгений Плющенко оның жас отандасы Максим Ковтун Олимпиаданың қола медалі үшін Денис Тенмен тең дәрежеде таласа алмас еді деп санайды. Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

«Ковтунда қола медаль? Бұл не сөз? Болжам жасайтын адамдарды түсінбеймін. Тіпті сол «мамандар» тіпті спортттан алыс тұрған адамдар. Ковтун бар болғаны 8-10 орындардан көрінер еді. Ең жақсы өнерін салып жатса, 6-орыннан көрінетін деп есептеймін», — дейді Е.Плющенко «Дождь» телеарнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Плющенко Сочи Олимпиадасында командалық жарыс бойынша алтын медаль жеңіп алды. Дегенмен жекелей сынға жарақатқа байланысты шыққан жоқ. Негізі бұның алдында Ресей чемпионатын жеңіп, Олимпиадаға жолдама алған Максим Ковтун болатын. Алайда арнайы комиссия Плющенконы жіберуді шешті.

0
0
321

Хоккейшілеріміз бір саты төмен сырғыды

Сочи Олимпиадасынан кейін Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы бүкіләлемдік рейтингті қайта түзді. Ерлер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасы жаңа рейтингте бір саты төмен сырғыды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жаңа рейтинг 2014 жылғы Олимпиада ойындары мен соңғы төрт әлем чемпионатының (2010-2013 жж.) қорытындылары негізінде түзілген. Енді бұл рейтинг мамыр айындағы әлем чемпионатынан кейін қайта жаңартылады. Ерлер арасындағы Қазақстан құрамасы бір саты сырғып, 17-орынға орналасты. Біздің хоккейшілерді 16-орыннан ығыстырған – Словения құрамасы. Олар Сочи Олимпиадасында тәп-тәуір өнер көрсетіп, ширек финалға дейін жетті. 12 команданың ішінде 5-8 орындарды бөліскен төрт құраманың бірі болды. Біздің құраманың жаңа түзілген бүкіләлемдік рейтингтегі ұпайы – 2900. Словения 17-орыннан…

0
0
416

Додаға түсер қарсыластарымыз – «Динамо» мен «Дизель»

Ресейдің Жоғары хоккей лигасында биылғы маусымның негізгі додасы аяқталып, плей-оффтың бірінші сатысында додаға түсетін жұптар анықталды, деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі. Биыл Қарағандының «Сарыарқасы» ЖХЛ-да (Жоғары хоккей лигасында) 4-орынға ие болды. Кеншілер клубы 50 ойыннан 95 ұпай еншіледі. «Сарыарқаның» алдын Нефтекамскінің «Торосы» (50 ойын, 100 ұпай), Пермнің «Молот-Прикамьесі» (50, 98) және Тюменнің «Рубині» (50, 98). Ал Өскенемннің «Қазцинк-Торпедосы» 50 ойыннан 82 ұпай жинап, 11-орынмен шектелді. Шығысқазақстандықтар маусымды тәп-тәуір бастағандарымен, былтырғыдай соңғы ойындарын сүреңсіз өткізіп, төмен сырғып кетті. Енді ЖХЛ біріншілігінің 16 үздік командасы (бұл лигада барлығы 26 команда бақ сынғана) плей-офф жүйесімен «Братина» кубогын сарапқа салады. Олар біріншіліктің…

0
0
434

Сочи Олимпиадасының үздік спортшылары анықталды

Халықаралық спорт журналистерінің қауымдастығы (AIPS) Сочиде өткен қысқы Олимпиаданың үздік спортшыларын анықтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz спорт порталына сілтеме жасап. Олимпиада ойындарының үздік ер спортшысы болып 28 пайыз дауыс көрсеткішімен норвегиялық биатлоншы Оле-Эйнар Бьорндален атанды. Ол қысқы ойындар барысында екі алтын жеңіп алған. Екінші орында үш алтын және бір қола медаль иемденген ресейлік шорт-трекші Виктор Ан орналасқан. Бұл спортшыға қауымдастық журналистерінің 27 пайызы дауыс берген. Үшінші орында екі алтын және бір күміс еншілеген француз Мартен Фуркад. Мартинге журналистердің 12 пайызы дауыс беріпті. Сочи Олимпиадасында үш алтын медаль алған Дарья Домрачева 45 пайыз дауыспен әйелдер арасындағы үздік спортшы атаныпты. Екінші орында словениялық тау шаңғы…

0
0
287

«Барыс» Мәскеу түбінде ұтылды

Сочи Олимиадасы кезінде үзіліс алған Құрлықтық хоккей лигасының ойындары қайта жалғасты. Өкінішке қарай, Астананың «Барысы» осы үзілістен кейінгі алғашқы кездесуінде жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бір айға жуық үзілістен кейін ҚХЛ додасы аясында «Атланта» (Мәскеу облысы) хоккейшілерімен кездескен «Барыс» түзде 1:5 есебімен оңбай ұтылып қалды. Ойынның 8-ші минутында-ақ айдын иелері екі шайба айырмасымен алға шықты. Рас, осыдан кейін астаналықтардың есепті қысқартатын, тіпті теңестіретін тамаша мүмкіндігі болған. Төрешілер «Атланттың» екі хоккейшісін айдыннан қуып, «Барыс» артық құрамда ойнаған. Алайда бесеулеп жүріп, айдын иелерінің үш ойыншысын бір жарым минуттай, төрт хоккейшісін үш минутқа жуық қыспаққа алса да, астаналықтар гол соға алмай, пұшайман болды. Ал «Атлант»…

0
0
419

«Барыс аруын» таңдауға дауыс беру басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат — «Барыс» хокеей клубы «Барыс аруын» таңдау бойынша халықтық дауыс беру басталғанын жариялады. Клубтың баспасөз қызметінен хабарлағандай, байқаудың финалына » Facebook» және » ВКонтакте» топтарында ең көп дауыс жинаған үш қатысушы өтеді.
Тағы екі қатысушыны байқауды ұйымдастырушылар таңдайды. Одан кейін ойыншылар, жаттықтырушылар штабы, сонымен бірге, клуб әкімшілігі дауыс береді, соңынан жеңімпаз анықталады.
Дауыс беру 3 наурыз күні Астана уақыты бойынша 12:00-де аяқталады.

0
0
281

Қысқы олимпиадада өнер көрсеткен батысқазақстандық шорттрекшілер енді әлем чемпионатына қатысады

ОРАЛ. ҚазАқпарат — Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев 26 ақпан күні Сочиде өткен қысқы олимпиада ойындарына қатысқан төрт бірдей шорт-трек шеберін қабылдады. Облыс басшысы батысқазақстандықтардың Сочиде, әсіресе, эстафеталық жарыста табысты өнер көрсеткенін атап өтіп, алдағы додаларда сәттілік тіледі. Еске сала кетейік, шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мәдіғали Қарсыбеков бастаған мамандар бәйгеге қосқандар арасында Батыс Қазақстаннан Айдар Бекжанов, Абзал Әжіғалиев, Нұрберген Жұмағазиев, Инна Симонова болды. Олар жекелей сында онша көзге түспегенімен, құрамында А.Әжіғалиев, А.Бекжанов, Н.Жұмағазиев және қостанайлық Денис Никиша бар төрттік 5 мың метрлік эстафеталық сайыста финалда өнер көрсетті. Бастапқыда қытайлықтар мен голландықтар құлап қалып, Қазақстан құрамасы Ресей мен…

0
0
365

Денис Теннің биі Сочи Олимпиадасының ең үздік фотосуреттердің бірі атанды — ФОТО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өнері «Франс пресс» француз ақпарат агенттігінің нұсқасы бойынша Сочи Олимпиадасының ең үздік фотосуреттердің бірі деп танылды, деп хабарлайды Vesti.kz. 20 жасар қазақстандық спортшының бұл суреті жекелей сындағы еркін бағдарлама кезінде түсірілген. Оның қортындысынан кейін Денис Тен қола медаль иегері атанып, Қазақстанға Сочи Олимпиадасының жалғыз медалін салған болатын. Денис теннің «қоласы» Қазақстанға Сочи Олимпиадасында мәнерлеп сырғанаудан медаль жеңіп алған мемлекеттердің «сегіздігіне» енуге мүмкіндік берді. Медаль жиынтығы бойынша, Қазақстан 26-орынға ие болды. Денис Тен болса, жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Сочи Олимпиадасының жеті басты жаңалықтарының бірі деп аталды. Автор: Жасұлан Жолдыбаев Басты сөздер: Спор…

0
0
478

Хоккей: астаналық «Барыс» оңбай жеңілді

АСТАНА. ҚазАқпарат — Астаналық «Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасы аясында Мытищилік «Атланта» командасымен ойын өткізіп, қарсыласынан өз қақпасына 5 гол өткізіп алды. Арена-Мытищи стадионында өткен кездесу 1:5 есебімен аяқталды. Бірінші айналымда «Атланта» хоккейшілері астаналықтарға жауапсыз 3 гол салып кетті. Сергей Шмелев дубль авторы атанса, келесі бір голды Игорь Радулов салып кетті. Екінші жиырма минуттықта «Барыс» Найджел Доустың мергендігімен бір гол есе қайтарды. Дегенмен қазақстандық клуб әріге бара алмады. Керісінше үшінші айналымда мұз иелері «Барыс» қақпасына тағы екі шайба енгізді. Алдымен 44-минутта Евгений Артюхин көзге түссе, кейін Радулов ойында дубль авторы атанды. Дегенмен, бұл жеңілісіне қарамастан, «Барыс» ҚХЛ-дың Шығыс конференциясында екінші орында келеді…

0
0
171