Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Қызылордада кикбоксингтен Қазақстан чемпионаты басталады

27-30 наурыз аралығында Қызылорда қаласында ерлер мен әйелдер арасында кикбоксингтен Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Лаура Шоңғалова. Бұл дүбірлі бәсеке 14-19 мамыр аралығында Венгрияның Сегед қаласында болатын Әлем кубогына және 21-28 маусым аралығында Иорданияның Амман қаласындағы Азия чемпионатына іріктеу жарысы болмақ. Жарысқа Астана, Алматы қалалары мен барлық облыс орталықтарынан 200-ге жуық спортшы қатысады. Олардың қатарында Әлем чемпиондары оңтүстікқазақстандық Нүркен Төлегенов, атыраулық Абзал Дюсупов, павлодарлық Саян Жақыпов, шығысқазақстандық Бауыржан Құдайбергенов, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, оңтүстікқазақстандық Бабуржан Артықбаев, Әлем кубогының күміс жүлдегерлері, қызылордалықтар Бекжан Ке…

0
0
249

ДЗЮДО: Бауыржан Жауынтаев — Еуропа кубогының иегері!

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Түркияның Анталия қаласында өткен дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогында қызылордалық Бауыржан Жауынтаев жеңіс тұғырынан көрінді. 60 келі салмақта өнер көрсеткен Бауыржан 6 кездесуде де қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, Еуропа кубогының иегері атанды, деп хабарлайды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен. Жас та болса өзінің еңбекқорлығының арқасында үлкен табыстарға қол жеткізіп келе жатқан Бауыржанды білікті де білімді маман Қален Қалиұлы жаттықтырады. Енді Бауыржан үстіміздегі жылдың 3-10 сәуір аралығында Ресейдің Тверь қаласында болатын Еуропа кубоына қатысады. Одан кейін тағы да екі Еуропа кубогында бақ сынап, биылғы жылы Қытайдың Нанджинг қаласында өтетін жасөспірімдер Олимпиада ойындарында Еліміздің намысын қорғам…

0
0
315

Теннис: Воскобоева Акапулько турнирінде жарақат алды

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева жарақатына байланысты бірқатар турнирлерге қатыса алмайтын болды. Бұл туралы ол бүгін өзінің Твиттердегі парақшасында хабарлады.

Оның айтуынша, Мексиканың Акапулько қаласында өткен Abierto Mexicano Telcel жарысы барысында жарақат  алған.

«Өкінішке орай, өзімнің өнерімді тоқтата тұру қажет екендігін хабарлауыма тура келеді. Акапулько турнирінде менің аяғыма зақым келді, турнирдің бас кезінде сырқат аяқ ауыра бастады және ісіп кетті. Анықталғанындай, бір сүйегім сынған, екіншісінде жарықшақ бар», — деп жазады спортшы.

Айта кету керек, 1,5 млн. доллар сыйақысы бар Акапулько жарысында Галина Воскобоева франциялық Кристина Младеновичпен бірге жұптық сында жеңіске жеткен болатын.

Басты сөздер: Спорт
0
0
201

Теннис: Воскобоева Акапулько турнирінде жарақат алды

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева жарақатына байланысты бірқатар турнирлерге қатыса алмайтын болды. Бұл туралы ол бүгін өзінің Твиттердегі парақшасында хабарлады.

Оның айтуынша, Мексиканың Акапулько қаласында өткен Abierto Mexicano Telcel жарысы барысында жарақат  алған.

«Өкінішке орай, өзімнің өнерімді тоқтата тұру қажет екендігін хабарлауыма тура келеді. Акапулько турнирінде менің аяғыма зақым келді, турнирдің бас кезінде сырқат аяқ ауыра бастады және ісіп кетті. Анықталғанындай, бір сүйегім сынған, екіншісінде жарықшақ бар», — деп жазады спортшы.

Айта кету керек, 1,5 млн. доллар сыйақысы бар Акапулько жарысында Галина Воскобоева франциялық Кристина Младеновичпен бірге жұптық сында жеңіске жеткен болатын.

Басты сөздер: Спорт
0
0
313

БОКС: Мартинес-Котто жекпе-жегінің жеңімпазы WBC чемпионының жаңа үлгідегі белбеуіне ие болады

АСТАНА. ҚазАқпарат — Аргентина боксшысы Серхио Мартинес пен пуэрторикалық Мигель Котто арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы WBC нұсқасы бойынша жаңа үлгідегі чемпиондық белбеуді иеленеді, деп хабарлайды Сhampionat.com.

Айта кетейік, WBC ұйымы чемпиондық белбеулердің жаңа түрін жасап шығарған болатын. Олардың қасбетінде қайтыс болған қауымдастықтың бұрынғы президенті Хосе Сулейманның бейнесі таңбаланбақ. Сонымен қатар әрбір салмақ дивизионы бойынша тарихқа аты енген ең үздік боксшылардың суреттері басылып отырады. Белбеулерде бейнелері басылатын спортшыларды жанкүйерлердің өздері таңдамақ.

WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы чемпион Серхио Мартинес пен бұрынғы чемпион Мигел Котто арасындағы кездесу 7 маусымда өтеді.

Басты сөздер: Спорт
0
0
293

«Барыс» Еуропадағы жанкүйерлері ең көп жиналатын жүз команданың қатарына қосылды

Халықаралық хоккей федерация (IIHF) 2013/14 жылғы маусымның қорытындысы бойынша Еуропадағы жанкүйерлері ең көп жиналатын командалардың тізімін жасақтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл тізімде астаналық «Барыс» хоккей клубы да бар. Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін «Барыс» қарт құрлықтағы жанкүйерлері ең көп жиналатын 100 команданың арасында 89 орынға тұрақтаған. Елордалық команданың әр ойынына орта есепен — 3733 жанкүйер жиналады екен. IIHF-ның зерттеуі бойынша, «Кәртамыс құрлықтағы» жанкүйерлері ең көп жиналатын команда швейцариялық «Берн» командасы болып тіркелді. Бұл ұжымның өз алаңдарында өткізген әрбір ойынын — 16 347 жанкүйер тамашалайды. Екінші орында германиялық «Айсберен» командасы. Оның ойындарына орта есеппен — 12 718 жанкүйер келеді. Ал, әрбір ойынына 12 133 жанкү…

0
0
333

«Astana Arlans» пен «German Eagles» клубтары арасындағы жекпе-жекке қатысатын боксшылар анықталды

WSB сериясының төртінші маусым ширек финалында кездесетін «Astana Arlans» командасы мен «German Eagles» клубы арасындағы жекпе-жекке қатысатын боксшылардың есімдері белгілі болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ханау қаласында өтетін бұл командалардың арасындағы жекпе-жекте бірінші болып 49 келідегі былғары қолғап шеберлері шығады. Неміс командасы бұл салмақта румыниялық легионері Овидиу Берцянуды шығарса, «арландар» намысын Мардан Берікбаев қорғайды. 56 келі салмақта Мейірболат Тойытов пен ирландиялық боксшы Майкл Конлан айқасады. 64 келіде біз Асхат Уалиханов пен Артем Харутюнянның жекпе-жегін тамашаласақ, 75 келі салмақта Роберт Радован WSB жобасының жекелей сынында екі мәрте үздік атанған «арлан» — Сергей Деревянченкомен жұдырықтасады. Ал, жартылайай ауыр, яғни 91 келіде Василий Левит…

0
0
294

Қазақстан Президенті кубогының үздік дизайніне байқау жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстан Теннис федерациясы мен Чехияның Lasvit компаниясы өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойды. Ынтымақтастықтың басталуына Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясы студенттері арасында Теннистен өтетін халықаралық турнирдің — Қазақстан Президенті кубогының үздік дизайніне арналған байқау өткізу түрткі болды. ҚР Теннис федерациясының ақпаратына қарағанда, Қазақстан Президенті кубогы жылсайын әлемнің 20 елінің үздік теннисшілерінің басын қосады. Сайыстың жүлде қоры да Азия аумағында ең қомақы болып есептелінеді. Турнирдің жалпы жүлде қоры 225 мың АҚШ долларын құрайды. Байқауға ұсынылатын жобалар ағымдағы жылдың 18 сәуіріне дейін табыс етілуі тиіс. Үздік үштіктің есімдері 28 сәуірде белгілі болады. Ал байқау жеңімпазы Чехиядағы Lasvit зауытында болып, кубоктың…

0
0
190

«Ганновердің» бұрынғы футболшысы «Астанаға» келуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат — Болгариялық басылымның хабарлауынша, Чавдар Янков таяу арада елордалық клубтың ойыншысы атануы мүмкін. Болгария құрамасының 29 жастағы бұрынғы жартылай қорғаушысы Қазақстаннан бүгінде жерлесі Атанас Курдов өнер көрсетіп жүрген «Астана» футбол клубына келу туралы ұсыныс алған, деп хабарлайды Vesti.kz. Янков Болгарияның қазіргі чемпионатында «Славия» құрамында 16 матч өткізіп, төрт гол салған. Жас футболшы спорттық мансабының басым бөлігін Германияда өткізіп, «Ганновер» мен «Дуйсбург» командаларында өнер көрсеткен. Жалпы,ол Болгария құрамасында 39 матчқа қатысты. Айта кетерлігі, «Астана» футбол клубының бас жаттықтырушысы Григорий Бабаян жаңа ойыншылар қабылданбайтынын және командадағы жеті легионердің орны толық екенін айтқан болатын. Бұған қоса, қазір клуб Қазақстан а…

0
0
518

Бойжеткендер арасындағы әлем чемпионаты

Ертең Польшада шайбалы хоккейден 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпионаты басталады. Онда Қазақстан бойжеткендері де сынға түседі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бірден айтайық, бұл – 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпионатының бірінші дивизионындағы електік сыны. Түсінікті болу үшін таратып айтар болсақ, әлем чемпионатының екінші, тіпті ең төменгі – тобы. Бұдан жоғары бірінші топ бар, ал одан әрі – жоғары дивизион. Қазақстан қыздары бірнеше жыл болды, осы електік сыннан бірінші топқа да көтеріле алмай жүр. Шындығын айтуымыз керек, біздің елде жас қыздар тым аз. Бәсекелестік жоққа тән. Біле білсек, осы жас мөлшерінде Қазақстан қыздар құрамасын толық құрамда жасақтаудың өзі мұң… Негізі, електік сынға қатысу үшін құрама сапында 18 ойыншы, екі қақпашы болуы керек. Ал біз…

0
0
527