Перейти к содержимому
katonkaragay.nurotan.kz

Катон-Карагайский филиал

@katonkaragay.nurotan.kz

Сайтта 2020 ж. 14 қыркүйекКазахстан, Катон Карагай

Официальный филиал партии "Nur Otan" Катон-Карагайского района Восточно-Казахстанской области

рейтинг

250

жазбалар

273

пікірлер

0

тіркелуші

9

жазылымдар

9

Жаңа Үлгі ауылдық клубында Домбыра күні мерекесі аясында Қуанышұлы Тілектің құттықтауы.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Жаңа Үлгі ауылдық клубында Домбыра күні мерекесі аясында Қуаныш ұлы Тілектің орындауында Секен Тұрысбековтың күйі "Көңіл толқыны" В честь 30-летия Независимости Республики Казахстан в сельском клубе Жанаульго в рамках празднования Дня домбры в исполнении Куаныша улы Тлек прозвучал кюй Секена Турысбекова "Көңіл толқыны"

0
0
138

1- шілде Ұлтық домбыра күнімен құттықтаймыз !

1- шілде Ұлтық домбыра күнімен құттықтаймыз ! Домбыра - ол қазақтың жаны, қазақтың көзі, терең тамырлы тұңғиығы, сан ғасырлық серігі болғаны тарихтан белгілі. Сондай - ақ, күй күмбезін көкке өрлеткен көненің көзі, тәңірдің құдіреті саналған.

0
0
142

«Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ -домбыра» атты онлайн челленджі бастау алды.

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы, Ұлттық домбыра күніне орай, "Ұлттық мұра" партиялық жобасы аясында күйші, композитор Дина Нұрпейісованың 160 жылдық мерейтойына арналған «Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ -домбыра» атты онлайн челленджі бастау алды.

0
0
254

Аудандық мәдениет үйінде Ұлттық домбыра күніне арналған концерт өтті.

Домбыра – бабадан қалған асыл мұра. Ұлы дала елінің жаны, руxы, тариxы. Қазақтың бренді мен ешкімге ұқсамайтын қайталанбас келбеті – домбыра елмен мәңгі жасасын! «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ –домбыра» деген ақын сөзі афоризмге ай¬нал¬ғалы қашан! Қа¬зақтың жан жүрегін, бар болмысын өзінің күмбірлеген үнімен айнытпай дәл беретін киелі аспапты еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін қадір тұтады. Осы орайда бүгін аудандық мәдениет үйінде Ұлттық домбыра күніне арналған концерт өтті.

0
0
207

Бірінші кезекте қажет әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасына мониторинг жүргізді.

«Катонқарағай – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Д.Нурпеисова «Nur Otan » партиясының, Үлкен Нарын ауылдық округі әкімдігінің, сондай-ақ кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің өкілдерімен бірлесіп, бірінші кезекте қажет әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасына мониторинг жүргізді. Жыл басынан бері барлық тауарлар арасында ең жоғары баға: сәбіз - 45,0 пайызға; картоп - 38,5 пайызға; күнбағыс майы - 16,7 пайызға; пияз - 10,9 пайызға; қант - 9,2 пайызға; қарақұмық жармасы - 7,5 пайызға көтерілді. Сәбіз бағасының өсуінің негізгі факторы Өзбекстандағы бағаның 55 пайызға өсуі болып табылады, ол маусымаралық кезеңде Қазақстанға сәбізді негізгі жеткізуші болып табылады (ҚР импортындағы ТҚ үлесі - 99,6 пайыз). ҚР – да сәбіздің отандық қоры жыл басынан бері 81 пайызға-211 мың тонна…

0
0
176

«Nur Otan» да аграрлық секторды дамыту мәселері талқыланды

«Nur Otan» да аграрлық секторды дамыту мәселері талқыланды Аграрлық секторды дамыту бойынша «Nur Otan» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филилы жанындағы Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Онлайн режимде өткен жиынға «Nur Otan» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филилы төрағасының бірінші орынбасары О.Чугунков және кеңес мүшелері қатысты. Жиынның күн тәртібінде Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы және . Үржар ауданында айналмалы суарудың жаңбырлату жүйесін енгізе отырып, облыс бойынша егіс алқаптарын 5,8 мың гектарға дейін ұлғайту секілді мәселелер талқыланды. - 2021 жылы облыстың АӨК – ін дамытуды қолдауға 22,7 млрд.теңге, оның ішінде өсімдік шаруашылығын дамытуға – 5,6 млрд. теңге, мал шаруашылығына – 8,8 млрд. тең…

0
0
148

Аққайнар ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің кабинетін қажетті жиһазбен жабдықтап берді.

Қоғамда ардагерлерге, тыл еңбеккерлеріне, жалғызбасты қарттарға қамқорлық жасау арқылы аға буынға деген құрмет көрсету, патриотизмді таныту, салт - дәстүрді дәріптеу, бұл "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасының негізі болып табылады. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында Катонқарағай аудандық мәслихатының депутаты Исабаев Дәулетбек Темірбекұлы Аққайнар ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің кабинетін қажетті жиһазбен жабдықтап берді. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жусанбаев Мәулетхан, кеңес мүшелері, БПҰ төрағасы Құрманов С.А. халық қалаулысына жасаған игі жақсылығы үшін алғысын білдірді.

0
0
156

Катонқарағай ауданның Құрметті азаматы Жәнібек Қызырмен канвассинг форматында кездесу өтті

Катонқарағай ауылының тұрғыны, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, «Қазыналы Катонқарағай» ансамблінің жетекшісі, Катонқарағай ауданның Құрметті азаматы Жәнібек Қызырмен канвассинг форматында кездесу өткізіп қайттым. Кездесу барысында Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасындағы жоспарланған істер, және олардың орындалу барысы туралы сұхбат жүргіздім. Өз кезегінде Жәнібек ағамыз Катонқарағай ауылының дамуы, оның болашағы жайлы ойларымен бөлісті. Әңгіме барысында ауыл тұрғындарының көкейіндегі күрмеуі шешілмеген біршама мәселелерді де көтерді, ауылдағы Қазпошта бөлімшесіндегі және ауылдық округ әкімдігінің ғимаратындағы Қазпошта банкоматтарының жиі-жиі бұзылып немесе ақша болмай қалатындығын жеткізді. Сондай-ақ ауылдағы мал дәрігерлік станцияның жабылып, қазіргі күні…

0
0
235

Н.Т.Еркебаев Катонқарағай ауданы тұрғындарының жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Н.Т.Еркебаев Катонқарағай ауданына барған жұмыс сапары барысында аудандық "Nur Otan " партиясының филиалында аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

0
0
185