Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Катонқарағай ауданның Құрметті азаматы Жәнібек Қызырмен канвассинг форматында кездесу өтті

Катонқарағай ауылының тұрғыны, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, «Қазыналы Катонқарағай» ансамблінің жетекшісі, Катонқарағай ауданның Құрметті азаматы Жәнібек Қызырмен канвассинг форматында кездесу өткізіп қайттым. Кездесу барысында Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасындағы жоспарланған істер, және олардың орындалу барысы туралы сұхбат жүргіздім. Өз кезегінде Жәнібек ағамыз Катонқарағай ауылының дамуы, оның болашағы жайлы ойларымен бөлісті. Әңгіме барысында ауыл тұрғындарының көкейіндегі күрмеуі шешілмеген біршама мәселелерді де көтерді, ауылдағы Қазпошта бөлімшесіндегі және ауылдық округ әкімдігінің ғимаратындағы Қазпошта банкоматтарының жиі-жиі бұзылып немесе ақша болмай қалатындығын жеткізді. Сондай-ақ ауылдағы мал дәрігерлік станцияның жабылып, қазіргі күні мал дәрігерлері сараптама үшін сонау 200 км жуық жердегі Алтай қаласына шақпылауда, ауылда құрылысы басталып, аяқталуға таяп қалған мал дәрігерлік станцияның ғимаратының тұрғаныны да талай жылдың жүзі болған. Ауыл тұрғындарының азық-түлік, жеміс-жидек, дәрі-дәрмек және құрылыс материалдарына бағаның шарықтап кеткендігін айтып шағымданатыны жайлы және Катонқарағай ауылында салынып жатқан тұрғын үйлердің салыну барысы туралы әңгіме қозғады. Қойылған сұрақтары бақылауға алынып, орындалу барысына байланысты жауаптар беріледі.

0
0
236

Осы тақырып бойынша

Катонқарағай ауданның Құрметті азаматы Жәнібек Қызырмен канвассинг форматында кездесу өтті - Yvision.kz