Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бірінші кезекте қажет әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасына мониторинг жүргізді.

«Катонқарағай – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Д.Нурпеисова «Nur Otan » партиясының, Үлкен Нарын ауылдық округі әкімдігінің, сондай-ақ кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің өкілдерімен бірлесіп, бірінші кезекте қажет әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасына мониторинг жүргізді. Жыл басынан бері барлық тауарлар арасында ең жоғары баға: сәбіз - 45,0 пайызға; картоп - 38,5 пайызға; күнбағыс майы - 16,7 пайызға; пияз - 10,9 пайызға; қант - 9,2 пайызға; қарақұмық жармасы - 7,5 пайызға көтерілді. Сәбіз бағасының өсуінің негізгі факторы Өзбекстандағы бағаның 55 пайызға өсуі болып табылады, ол маусымаралық кезеңде Қазақстанға сәбізді негізгі жеткізуші болып табылады (ҚР импортындағы ТҚ үлесі - 99,6 пайыз). ҚР – да сәбіздің отандық қоры жыл басынан бері 81 пайызға-211 мың тоннадан 40 мың тоннаға дейін қысқарды. Бұл ретте ішкі нарықтың қанығуымен бағаның төмендеуі күтілуде. Азық-түлік тауарларына бағаның өсуінің негізгі себебі ішкі факторлармен қатар әлемдік бағаның өсуі болып табылады. Мысалы, бүгінде елімізде импортқа тәуелді өнімдер, жоғары экспорттық сұранысқа ие тауарлар, сондай-ақ маусымдық ауытқуларға сезімтал тауарлар қымбаттады. Сонымен бірге, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының бағасын айқындау кезінде ішкі сауда субъектілері мынадай нормаларды сақтауға міндетті: өңірдің жергілікті атқарушы органдары бөлшек сауда бағаларын енгізген жағдайда оларды рұқсат етілген шекті бағалардан асырмау; өндірушінің босату бағасынан немесе көтерме сауда берушінің сатып алу бағасынан он бес пайыз сауда үстемесінен аспауға тиіс; әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алуға байланысты жеткізушілерден сыйақы талап етпеу. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері 15 пайызға артқан жағдайда, сондай-ақ бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін асыра отырып, 30 күн ішінде бөлшек сауда бағаларының бір мезгілде 30 пайызға өсуі кезінде жергілікті атқарушы органдар шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларының мөлшерін белгілейді.

0
0
177

Осы тақырып бойынша

Бірінші кезекте қажет әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасына мониторинг жүргізді. - Yvision.kz