Перейти к содержимому
karataui.nurotan.kz

karatau.nurotan.kz

@karataui.nurotan.kz

Сайтта 2020 ж. 17 қыркүйекКазахстан, Шымкент

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

22

пікірлер

0

тіркелуші

1

жазылымдар

5

«Мирас» кеңесі мүшелерінің кездесуі

Бүгін онлайн форматта Өзбек этномәдени орталығы және «Мирас» кеңесі мүшелерінің кездесуі өтті. Жиынға Қоршаған ортаны қорғау мен БАҚ өкілдері және зиялы қауым мүшелері қатысты.

Инстаграм желісінің тіклей эфирінде өткен жиынды Тахирбек Фархадович НИШАНБАЕВ жүргізді. Ол қатысушыларға Өзбек этномәдени орталығының соңғы жаңалықтары жайлы баяндады.

Тахирбек Фархадович қала тұрғындарының сүйікті – палау фестивальі туралы сөз қозғады. Оның айтуынша карантиндік шаралар аяқталған соң, аталмыш іс-шара қайта жанданады.

0
0
164

Партиялық бақылау комиссиясы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Кеңестің мүшелерінің Мониторг жұмыстары

Бүгін Шымкент қаласы, «Nur Otan» партиясы Қаратау аудандық филиалының ұйымдастыруымен Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Кеңестің мүшелері Сайрам тұрғын алабындағы "Нұр Сайрам" базарына зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Зерделеу барысында Сайрам тұрғын алабында орналасқан бірқатар базар кәсіпкерлеріне санитарлық нормаларды қатаң бақылауда ұстау, қоғамдық орындарда бетперде (маска) тағу, арақашықтық сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстары жасалды.

Барша Шымкент тұрғындарынан қоғамдық ортада өзіміздің және жақындарымыздың амандығы үшін санитарлық ережелерді қатаң бақылауда ұстап, карантин талаптарын сақтауға шақырамыз!

0
0
260

Қаратау ауданына қарасты шалғайдағы елді мекендермендердегі тұрғындарымен онлайн кездесу

Бүгін «Nur Otan» партиясы Қаратау аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Қаратау ауданына қарасты шалғайдағы елді мекендермендердегі тұрғындарымен инфроқұрылым мәселесі аясында онлайн кездесті. Жиын ZOOM платформасы арқылы өтті.

Кездесуде аудандағы ауыз су, газ, жарық және жылумен қамту мәселері талқыланды. Қаратау ауданының тұрғындары өңірдегі түйткілді мәселері жайлы жеткізіп, сұрақтарына жауап алды.

0
0
129

Жұмыспен қамту мәселесі аясында өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтармен кездесу

Бүгін Шымкент қалалық мәслихат депутаттары халықты жұмыспен қамту мәселесі аясында өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтармен кездесті. Жиынға Ирина Алексеевна Болдинова қатысты.

Күн тәртібінде жұмыспен қамту жайлы жан-жақты талқыланды. Өз-өзін жұмыспен қамтыған азаматтар өзара тәжірибелерімен бөлісіп, қала тұрғындарына бос жұмыс орындарын ұсыну жайлы пікірлерін айтты.

0
0
145

Халықаралық мүгедектер күні

Бүгін - Мүгедектердің халықаралық күні. 1992 жылдың аяғында БҰҰ Бас Ассамблеясы мүгедектер он жылдығының (1983-1992) аяқталуына орай желтоқсанның 3-ін - Мүгедектер күні деп жариялады. Кез келген мемлекеттің құндылығы мен ізгілігі балалар мен қарттарға, мүгедектерге деген қарым-қатынасымен айқындалады.

Мүгедектердің халықаралық күні -тумысынан өмірдің азабын тартқан жандарға тағы бір көз қырымызды салып, жанына жебеу болуға мүмкіндік жасайды.

0
0
241

Қаратау ауданының тұрғындарымен онлайн тұрғыда кездесу

"Nur Otan" партиясы Қаратау аудандық филиалының ұйымдастыруымен, Шымкент қалалық маслихаттың депутаты Мусирали Тогузбаев Қаратау ауданының тұрғындарымен онлайн тұрғыда кездесіп тұрғындардың сауалдарына жан-жақты жауап берді.Жиында Сайрам тұрғын алабында орналасқан Ибрагим ата, Қарашаш ана кесенесінің жаңында абаттандыру жұмыстары жүзеге асатындығы. Сондай-ақ, Орманшы мөлтекауданындағы қоқыс полигонының орнында саябақ салынатыны жайлы айтылды.

0
0
110

«Рухани келісім — тұрақтылық пен игіліктің негізі»

Қаратау аудандық Саяси кеңес мүшелері партия белсенділерімен кездесті. Жиын ZOOM платформасы арқылы «Рухани келісім — тұрақтылық пен игіліктің негізі» тақырыбында өтті.

Бүгінде қоғамымыздың рухани келісімде күн кешуі — ел саясатының маңызды бағыттарының бірі. Елбасы мен Президент тапсырмасы негізінде толық тұрақтылыққа жету үшін мемлекетте бірқатар тындырымды тірліктер де атқарылуда. Осы игі миссияны арқалап, бүгінгі жиында қаламыздағы рухани келісім ахуалы туралы сөз болды. Жиынға қатысқан партия белсенділері тақырып аясында маңызды мәселелерді талқылады.

Халықаралық мүгедектер күні

Бүгін - Мүгедектердің халықаралық күні. 1992 жылдың аяғында БҰҰ Бас Ассамблеясы мүгедектер он жылдығының (1983-1992) аяқталуына орай желтоқсанның 3-ін - Мүгедектер күні деп жариялады. Кез келген мемлекеттің құндылығы мен ізгілігі балалар мен қарттарға, мүгедектерге деген қарым-қатынасымен айқындалады.

Мүгедектердің халықаралық күні -тумысынан өмірдің азабын тартқан жандарға тағы бір көз қырымызды салып, жанына жебеу болуға мүмкіндік жасайды.

0
0
174

Іскер әйелдер Ассоциациясының өкілдерімен кездесу

Бүгін орта бизнесті қолдау жолдары жайында дөңгелек үстел өтті. Жиынды «Nur Otan» партиясы Қаратау аудандық филиалы ұйымдастырып, оған Іскер әйелдер Ассоциациясының өкілдері мен партияның Қаратау аудандық филиялының төрағасының біріншісі орынбасары Әбдез Рахманұлы Иманқұлов қатысты.

ZOOM платформасы арқылы өткен жиында жеке бизнесті бастау және оны дамытуда қиындықтар тудыратын мәселелер сараланды. Әсіресе қоғамда әйелдер тарапын қорықпай өз ісін бастауға ынталандыру қажеттігі айтылды.

Айта кету керек, қазіргі таңда елімізде әлеуметтік-экономикалық даму барысындағы кәсіпкерліктің маңызы зор. Сондықтан да орта және шағын кәсіпкерлікті қолдауға мемлекет те бар күшін жұмсауда.

0
0
173