Мазмұнға өту
journalist_n

journalist_n

Сайтта 2024 ж. 22 шілде

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

106

жазбалар

893

пікірлер

0

тіркелуші

1

жазылымдар

0

№19 Қ. Сәтпаев атындағы мектеп-гимназиясы 14 қазаннан бастап оқушыларды қабылдайды

Атырау қаласындағы «Авангард-2» ықшам ауданында орналасқан Қ.Сәтбаев атындағы №19 мектеп-гимназиясында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.


Білім ордасында 1 мыңнан аса оқушы білім алатын болады. 1-2 ауысым өзіміздің оқушыларды қамтыса, үшінші ауысымда №30 мектеп-гимназиясының 5-11 сынып аралығындағы орыс тілді сыныптар оқиды. Оқу кабинеттері білім беру процесін жүргізуге дайын -, деді №19 мектеп-гимназиясының директоры Ақылбек Мырзағалиев.

Айта кетейік, мұнда жалпы 40 оқу кабинеті, 2 спорт зал мен 120-дан аса оқушыға арналған асхана бар.

0
0
255

Аймақтағы референдум учаскелерінде ардагер педагогтарды мерекемен құттықтады

Елімізде атом электр станциясын салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтті. Тарихи оқиға қазанның бірінші жексенбісінде атап өтілетін Ұстаздар күнімен тұспа-тұс келіп отыр,- деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. Атырау облысының референдум учаскелерінде дауыс берушілердің арасында білім беру саласына еңбегі сіңген ардагер ұстаздар да бар. Кәсіби мерекеге орай дауыс беру учаскелерінде шағын салтанатты іс-шаралар өтеді. Ардагерлерді мерекесімен құттықтап, оларға көп жылдық еңбегі мен аймақтың дамуына қосқан үлесі үшін Алғыс хат беріледі.Келешек ұрпаққа сапалы білім беріп, тәрбиелеуге елеулі үлес қосқан ардагер ұстаздарға ерекше көңіл бөлінеді. Олар ел үшін осындай маңызды референдумға қатысудың маңызын айтып, жастар тәрбиешісі ретіндегі дауысы демократиял…

0
0
162

АЭС туралы ел азаматтарының пікірі

Сонымен, бір жыл бойы халық талқысында болған АЭС құрылысы бойынша референдум да өтті. Бұл референдум 2024 жылдың ғана емес, Қазақстан тарихында ерекшеленіп қалатыны даусыз. 6 қазанда 7,8 миллионнан астам қазақстандық ел келешегін айқындайтын іс-шарада дауыс беруге қатысты. Бұл – дауыс беруге құқылы азаматтардың 63,87 пайызын құрайды. Exit poll нәтижесі бойынша, референдумда халықтың 71,12 пайызы АЭС құрылысын қолдады.Көп ұзамай мемлекеттік жауапты ұйымның да ресми дерегі жарияланатын болады. Әдетте, ол көрсеткіште экзитпол қорытындысынан соншалықты алшақ болмайтынын әлемдік тәжірибе көрсетіп келеді.Бұл - жақсы көрсеткіш. Әрбір Қазақстандық азамат өз отанының болашағына бейжай қарамай, барынша белсенділік танытқанын айқын аңғартады.Референдум — бұл бір-бірімізді естіп, қоғамымыз үшін не м…

0
0
141

Атырау облысындағы білім беру ұйымдарына 1 мың дана интерактивті панель сатып алынды

Қазіргі уақытта заманауи панельдер Атыраудағы 7 аудан мен облыс орталығында орналасқан білім беру ордаларына таратылып жатыр. Осылайша мектептер мен колледждердегі интерактивті тақталардың саны 2 мыңға жуықтады. Бұл туралы облыстық білім беру басқармасының басшысы Марат Әбуов айтты, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Нақтырақ айтқанда, 500 данасы Атырау қаласындағы мектептерге тиесілі болса, Индер ауданына 45-і жіберіледі. Ал Исатай мен Махамбет аудандарына 60 данадан беріледі. Құрманғазы ауданына - 57, Қызылқоғаға – 56, Жылыойға - 50, Мақатқа – 39-ы табысталады. Ал облыстық гимназия мен лицейлерде – 83-і, қалған 50-і кәсіби техникалық білім беру ұйымдарында жұмыс істемек. Нәтижесінде Индер, Махамбет ауданындағы және облыстық гимназия мен лицейлердегі интерактивті панель та…

0
0
114

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов АЭС салу туралы референдумда өз таңдауын жасады

Аймақ басшысы Серік Шәпкенов №8 референдум учаскесіне барып, Қазақстанда алғашқы атом электр станциясын салу туралы республикалық референдумда дауыс берді,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

0
0
183

Атырау облысында АЭС құрылысына қатысты 283 сайлау учаскесі жұмыс істеді

Аймақта дауыс беру құқығына ие азаматтардың саны – 411 880. Процесстің ашықтығы мен заңдылығын бақылайтын 7 ұйым акредиттелген. Бұл туралы Атырау облыстық аумақтық референдум комиссиясы мәлімдеді, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Өңірде 283 референдум комиссиясы жұмыс істейді. Оның 9-ы – аумақтық, 274-і – учаскелік. Жалпы комиссияларда 2037 мүше бар. Дауыс беру процессі вахталық қалашықтар да өтіп жатыр. Бұл жұмысты 38 учаскелік комиссия жүзеге асыруда. Барлық учаске материалдық-техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Атырау қаласы мен аудандарда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 100-ге жуық инватакси ұйымдастырылған. 15-ке жуық сурдоаудармашы жұмыс істейді. Учаскелерге тактильді белгілер орнатылған. Көзі нашар көретін сайлаушылар аудионұсқаны тыңдағаннан кейін тр…

0
0
136

Атыраулық ардагер ұстаз Нұрлыбек Даумов «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атанды

Ұстаздар күнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев білім беру ісіндегі аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін бір топ педагогке «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын тапсырды.


Құрметті атақпен марапатталғандардың қатарында атыраулық белгілі педагог, ардагер ұстаз Нұрлыбек Даумовқа та бар,-деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Нұрлыбек Даумов өзінің ұстаздық жолында ұзақ жылдар бойы аянбай қызмет етіп, саналы түрде білім мен тәрбие беру ісіне үлес қосты. Оның тәрбиелеген шәкірттері бүгінде түрлі салада табысты жұмыс істеп, еліміздің дамуына сүбелі үлес қосып келеді.

0
0
251

Атырауда Ұстаздар күні мерекеленді

Бүгін М.Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрында «Ұстаздық жол - ізгілік пен адалдық» атты салтанатты жиын өтті. Іс-шараға облыс әкімі Серік Шәпкенов қатысып, педагогтерді төл мерекесімен құттықтады,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Педагог – ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру үдерісіндегі ең маңызды буын» деген болатын. Жауапкершілігінің жүгі ауыр осынау қызметте шығармашылық табыс, шалқар шабыт, қажыр-қайрат тілеймін! Бүгінде өңірде білім деңгейінің көрсеткіші артып, оқушыларымыз түрлі дәрежедегі білім додасында алдыңғы қатардан көрініп келеді. Бұл, әрине, сіздердің бала бойына білім шырағданын жағудағы өлшеусіз еңбегіңіздің жемісі. Жылдан жылға облысымызда ізденімпаз, креативті, білімді ұстаздарымыздың қатары көбе…

0
0
155

Дамбы ауылдық округінде амбулатория ашылды

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жоба шеңберінде Дамбы ауылдық округінде Амангелді селолық амбулаториясы жұмысын бастады, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.Бұл мемлекет басшысының бастамасымен ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде салынған биыл 7-ші нысан. Жалпы ауданы 902 шаршы метрді құрайтын ғимаратта күндізгі стационар, зертхана, физиотерапиялық және басқа да медициналық көмек көрсетуге жағдай жасалған кабинеттер бар.- Бүгінгі қала күнімен тұспа-тұс келген жаңа типтегі Амангелді селолық амбулаториясының ашылу салтанатымен шын жүректен құттықтаймыз. Халыққа толыққанды қолжетімді көмек көрсететіндей заманауи жабдықтармен жабдықталған ғимаратта енді тұрғындар қажетті емдерін толық ала алады, - деді облыстық денсаулық сақтау бас…

0
0
121

Атырау облысында «Сарайшық және Еуразияның ортағасырлық әлемі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр

Жошы Ұлысының 800 жылдығына орай өткізілген жиын Махамбет ауданы «Сарайшық» сапар орталығында ұйымдастырылды. Оған облыс әкімі Серік Шәпкенов және Ресей Федерациясынан, Алматы, Түркістан, Орал, Атырау қалаларынан академик-ғалымдар, археологтар, зерттеушілер, сарайшықтанушылар қатысты,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Алқалы жиында аймақ басшысы Серік Шәпкенов тарихы терең Сарайшықты дамытуға, археологиялық зерттеу жұмыстарына облыстық әкімдік әрқашан қолдау білдіретінін атап өтті.- Жошы Ұлысының рухани орталығына айналған қасиетті жерде басталған жиынның тарихымызды зерделеуде маңызы зор деп ойлаймын. Атырау облысы әкімдігі Сарайшықты дамытуға бағыттайтын әр ұсынысты қолдап келеді. Тәуелсіздік алғаннан бастап облыс бюджетінен мұндағы зерттеулер қаржыландырылып, ғалымдарымыз…

0
0
137