«Сұңқар» арнайы жасағы халықаралық жарыста алтын медаль жеңіп алды
ҚР ІІМ «Сұңқар» арнайы жасағы Дубайда өткен SWAT Challenge халықаралық жарысында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz арнасына сілтеме жасап.Қазақстанның Ішкі істер министрлігінің «Сұңқар» арнайы жасағы Біріккен Араб Әмірліктерінде (Дубай) өткен SWAT Challenge халықаралық жарысында бас жүлдені иеленді. Біздің жауынгерлер ең жоғары нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шықты.Қазақстандық басқа арнайы жасақтар – «Арыстан», «Сардар» және «Арлан» да үздік нәтиже көрсетіп, жарыстың ТОП-10 қатарына енді. «Сұңқар» арнайы жасағы жарыстың бірінші кезеңін 1 минут 34 секундта аяқтады. Осы уақыт ішінде олар кедергілерден өтіп, нысаналарды дәл көздеп, шартты тұтқындарды босатты. Бұл көрсеткішке тек қытайлық командалар жақындай алды, бірақ айырмашылық өте аз болды.Бұл а…