Аймақ тазалығы — ортақ міндет: Абай облысында ауқымды экологиялық акциялар өтті
28 сәуір күні Абай облысының қалалары мен аудандарында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бастау алған «Таза Қазақстан» ұлттық бағдарламасы аясында кең көлемді экологиялық шаралар ұйымдастырылды. Өңір тұрғындары туған жердің тазалығы мен экологиялық мәдениетті дамыту идеясын бір ауыздан қолдап, бірлік пен белсенділік танытты.Семей қаласында осы күні бірден екі маңызды экологиялық акция өтті. Қалалық ішкі саясат бөлімі «СОЦKZ» қоғамдық қорымен және еріктілермен бірлесіп, әуежай аумағында көшет отырғызу шарасын өткізді. Қатысушылар ондаған ағаш отырғызып, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты.Сондай-ақ, Семейде «Жастар — Таза Қазақстан үшін» атты акция ұйымдастырылды. Жастар ресурстық орталығы мен «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен 100-ден астам белсен…







